Денис Уланов халықаралық турнирде алтын медаль алды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ұлыбританияда өткен жарыста екі қазақстандық спортшы – Илья Ильин мен Денис Уланов медаль алды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Қазақстандық Денис Уланов халықаралық British International Open біріншілігінде алтын медальге ие болды. Жарыс Ұлыбританияның Ковентри қаласында өткен болатын.

Денис Уланов 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлады ұлттық ауыр атлетика федерациясы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Дәл осы жарыста танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин 96 келі салмақ дәрежесінде екінші орын алған болатын. Бұл зілтемірші карьерасындағы бірінші күміс медаль. Ол бұған дейін қанжығасына тек алтын медаль байлаған болатын.

Бұл жарыс 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі болып саналады.



sputniknews.kz