ОСК кімнің жеңіске жеткенін жариялады

0

Кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 77,4 проценті жасады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев % дауыспен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын 17 маусымға дейін жариялайды.

Exit poll нәтижесі

9 маусымда өткен президент сайлауынан кейін Exit-poll нәтижесі жарияланып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпшілік дауыспен жеңіске жеткені белгілі болды.

«Қоғамдық пікір» институты жүргізген сауалнама нәтижесі Тоқаевтың 70,13% дауыс жинағанын көрсетті. Сайлаушылардың 15,39%-і Әміржан Қосановқа, 5,32%-і Дания Еспаеваға, 3,86%-і Жамбыл Ахметбековке, 3,03%-і Төлеутай Рақымбековке, 1,41%-і Амангелді Таспиховқа, ал 0,86%-і Сәді-Бек Түгелге дауыс берген.

Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 69,94% дауыс жинады. Әміржан Қосанов – 14,96%, Дания Еспаева – 4,78%, Жамбыл Ахметбеков – 3,06%, , Төлейтау Рахимбеков – 2,71%, Амангелді Таспихов – 2,63%, Түгел Сәдібек – 1,92% дауыс жинады.

Тағы оқыңыз: Дауыс беруге келген Назарбаев: бұл — тарихи күн

Дауыс беруге қанша қазақстандық қатысты

9 маусым күні елорда уақытымен 20:00-де еліміздің басым аумағында сайлау учаскелері жабылды. Уақыт белдеуіне байланысты Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері астана уақытымен 21:00-де жұмысын аяқтады.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысын жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметіне сәйкес, сайлаушылардың 77,4 проценті дауыс берген.

Дауыс беруге келген сайлаушылар саны жағынан өңірлер арасында Алматы облысы – 89%, Ақтөбе облысы – 84,9%, Шығыс Қазақстан облысы – 84,9% көш бастады.

Айта кетсек, 2015 жылы өткен президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 95,22%-і жасаған. 



sputniknews.kz