Самал Еслямова Петропавлда дауыс берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент сайлауына арнайы келген актриса туған қаласы Петропавлда дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Танымал актриса Самал Еслямова президент сайлауы үшін Қазақстанға арнайы келіп, Петропавлдағы тұрғылықты мекенжайы бойынша дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еслямова Петропавлда тұратын ата-анасының үйіне осыдан 3 күн бұрын келген. Ол туған қаласында шамамен бір ай болып, кейін Алматыға түсірілімге аттанады.

Самал Еслямова қайда жүрсе де, сайлауда дауыс беруге үнемі қатысатынын атап өтті.


©
Sputnik / Елена Бережная

Самал Еслямова Петропавл қаласында дауыс берді

«Сайлауға қатысу — біздің парызымыз. Ол азаматтық позициямызды білдіреді. Мен қайда жүрсем де, сайлауға қатысамын. Студент кезімде Қазақстанның Мәскеудегі елшілігіне барып, дауыс беретінмін», — дейді актриса.

Сонымен қатар ол елімізде әрқашан тұрақтылық пен бейбітшіліктің болғанын қалайтынын айтты.

«Қазақстан азаматы ретінде еліміздің одан әрі өркендеуін қалаймын. Менің саясатқа қатысым жоқ. Бірақ елімде не болып жатқанын білгім келеді. Кандидаттардың бағдарламасымен таныстым. Мен бейбітшілік, тұрақтылық пен болашақ үшін дауыс бердім», — дейді Самал Еслямова.

Айта кетсек, Петропавл қаласында 92 сайлау учаскесі бар. Ал облыста олардың саны 663-ке жетеді. Өңір тұрғындары кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Қазақстан президенттігіне 7 кандидат сайлауға түсуде:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.



sputniknews.kz