Кандидат Сәдібек Түгел дауыс берді  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Кандидат Түгел «Дарын» лицейінде орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді   

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Сәдібек Түгел кезектен тыс мемлекет басшысы сайлауында дауыс берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Түгел сайлау учаскесіне елімізде сайлау басталғаннан кейін үш сағаттан соң келді.


©
Foto : Штаб кандидата Садыбека Тугела

Сәдібек Түгел сайлау учаскесінде

«Дарын»мамандандырылған лицейінде сайлау учаскесінде орналасқан сайлау учаскесіне кандидат отбасымен бірге келді. Оның қасында жұбайы Кансикамал Түгел, қызы Әйгерім Түгел мен бес немересі болды.

Қазақстан президенті сайлауы

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы осы жылдың 9 сәуірінде белгілі болды.

Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті кандидат таласады.

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Сайлаудағы тәртіпті ТМД, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссияларының құрамындағы бақылаушылар бақылайды.

Биыл кезектен тыс президент сайлауын өткізуге рекордтық сома – 9,4 миллиард теңге (24,6 миллион доллар) бөлініп отыр.

Сайлау қорытындысы

Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауы тиiс. Сайлаудың алдын ала қорытындысы 10-11 маусымда шығарылады.

Сайлау қорытындылары туралы хабар сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.



sputniknews.kz