сотталғандардың ата-анасы Назарбаевадан көмек сұрады
Өткен жылдың 9 маусымында жаппай төбелес болып, бір адам көз жұмған еді
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысқаны үшін сотталған жастардың ата-анасы апелляциялық соттың шешіміне қанағаттанбай, парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаевадан көмек сұрады.
Жас жігіттердің ата-аналары Дариға Назарбаевға видеоүндеу жасап, одан осы іске араласуын және ұлдарын жауапкершіліктен босатуға көмектесуін сұрады. Сотталушылардың ата-анасы үкім әділ болмады деп есептейді. Айтуларынша, олардың кейбірі төбелес болған жерге кездейсоқ барып қалған. Енді бірі жай ғана жанынан өтіп бара жатқан, сондай-ақ сырттай қызықтап тұрып ұсталғандар да бар көрінеді.
Іс апелляциялық сотта қаралды. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады lada.kz.
Ақшұқырдағы трагедия
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 9 маусымында жаппай төбелес болып, бір адам көз жұмған еді.
Жастардың арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Темір құбыр, таяқ, газды тапанша, пышақ және өзге де суық қару ұстаған бір топ адам үш жігітті соққыға жыққан. Содан кейін олар қылмыс орнынан қашып кетеді.
Келесі күні екінші топ кек қайтармақ болып, төбелес бастаған. Салдарынан бірнеше адам жарақат алған, ал біреуі үш күннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Алматының киім базарында саудагерлер төбелесті – видео
Аталған факті бойынша 11 адам қамауға алынды.
Өлген студенттің анасы 40 күннен кейін жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын айтып берді. Ол кінәлілер жазасыз қала ма деп қорыққан.
Кейінірек 33 адам күдікті ретінде жауапқа тартылды, олардың 12-сі қамауға алынды.
Ақыр аяғында 31 адам сот алдында жауап беріп, бірінші топтағы 15 адам 6-3 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Марқұмды өлтірген жас жігіт 18 жылға сотталды. Екінші топтағы қалған 12 адам 7-8 жылға, біреуі үш жылға түрмеге жабылды. Тағы екі адам бір және үш жылға шартты түрде сотталды.
sputniknews.kz