Жанкүйерлер танымал футболшыны мешітке жібермей қойды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Ливерпуль» клубының танымал мысырлық футболшысы екі жылда алғаш рет туған ауылына келіп, жұртты дүрліктірді

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Танымал мысырлық футболшы Мохаммед Салах журналистер мен фанаттардың кесірінен мешітке барып, дұға оқи алмағанын айтып шағымданды.

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалында жеңіске жеткеннен кейін, Салах Мысырға оралған кезде, Эль-Шаркия провинциясындағы туған ауылы Нагригке фанаттар мен журналистер ағыла бастады. Олар сүйікті спортшысы сыртқа шығуы үшін айғайлап шуласқан. Ақыры соңында футболшы Рамазанның соңғы күні мешітке барып, дұға жасай алмады – мешітке әкесі, әйелі мен қызы ғана барды, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиғаға қатысты пікірін Салах Twitter желісіндегі парақшасында білдірді.

​»Кей журналистер мен қарапайым адамдардың кесірінен дұға жасау үшін мешітке бара алмадым. Мұның ыстық ықыласқа еш қатысы жоқ. Бұл – адамның жеке өміріне деген құқығын сыйламау және кәсіби біліктіліктің жоқтығы», — деп жазды Салах.

Айта кетсек, Мохаммед Салах Мысыр шабуылшыларының үздік бестігіне кіреді, Чемпиондар лигасы-2019 жеңімпазы, 2017 және 2018 жылғы Африканың үздік футболшысы.

Тағы оқыңыз: Әйгілі футболшы үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызды

«Ливерпуль» 1 маусымда Чемпиондар лигасының финалында «Тоттенхэм» командасын ұтып, 2005 жылдан бері бірінші рет кубогті қанжығасына байлады. Салах бірінші голды матчтың екінші минутында пенальтиден соқты.



sputniknews.kz