Химикат ішіп қойған: Бари Алибасов ауруханаға түсті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Продюсер стақандарды шатастырып, құбыр тазалауға арналған сұйықтықты ішіп қойған, кей мәлімет бойынша, Алибасовтың өңеші күйіп қалған

АЛМАТЫ, 5 маусым — Sputnik. Мәскеуде «На-На» тобының продюсері Бари Алибасов химикаттан уланып, шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости.

Бари Алибасов құбыр тазартуға арналған сұйықтықты ішіп қойған. Ол пәтеріндегі үстелге белгісіз біреу қалдырып кеткен стақандағы сұйықтықты шатастырып алған.

Тағы оқыңыз: Шымкент қаласында 3 жасар қыз бензин ішіп, жансақтау бөліміне түсті 

Продюсердің ұлы кіші Бари Алибасовтың айтуынша, әкесінің денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, дәрігерлер продюсерге қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Расталмаған мәлімет бойынша, Бари Алибасов өңешін күйдірген.   



sputniknews.kz