Түрмеде қандай бұйымдар өндіріледі
Қазақстанда сотталғандар жасаған кейбір тауарлар Ресейдің Мәскеу қаласына дейін тасымалданады
Бүгінде Қазақстанның әрбір түрмесінде арнайы цех бар. Ол жерде сан алуан бұйымдар жасалады. Сотталғандар күнделікті тамаққа қажетті күнбағыс майына дейін, тіпті кептірілген картопты өздері шығарып отырады. Ал олардың қолымен жасалған кейбір өнімдер Мәскеу қаласына да тасымалданады. Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамалаңыз.
Тағы оқыңыз: Ең сұлу қылмыскер әйел анықталды — фото
Түрмелерде киім тігу жақсы дамыған. Бүгінде республика бойынша 25 мың адам жазаны өтеп жүр. Олардың бәріне түрме цехтары киім тігеді. Бұдан бөлек, сотталғандар қауіпсіздікке жауапты 9 мыңға жуық қызметкерді де киіндіреді.
Түрме қызметкерлеріне ғана емес, оқушылар, дәрігерлер мен құрылысшыларға, тіпті балаларға арналған киімдер тігіледі. Әрине, сотталғандар алдымен өз қажеттіліктерін өтейді. Ал одан артылғаны сатылымға шығарылады.
«Біз шетелдік өнімдермен бәсекелесуді көздеп отырған жоқпыз. Негізгі мақсат – ыңғайлы әрі қолжетімді өнім жасау. Мәселен, церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың таянышын 25 000 жасап беруге болады. Жүріс арбасы да солай», — деді «Еңбек» РМК өндірістік бөлімінің бас маманы Олег Ляхов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.
Түрмелерде металдан сан алуан конструкция жасалады. Соның ішінде темір есіктер, қақпалар, споттық жаттығу құралдары, темір павильондар, тіпті автобус аялдамалары да бар. Сотталғандардың қолымен жасалатын өнімдер Ресей астанасына дейін тасымалданады.
Тағы оқыңыз: Арқалықтағы «қасапшылар түрмесіне» алғаш рет әйел түсті
Бұдан бөлек, жарманың түр-түрі, кептірілген жемістер, тіпті фри-картобы да әзірленеді.
«Мысалы, Қарағандыда кептірілген картоп жасайды. Сотталғандар оны алдымен турайды. Одан кейін кептіреді. Ондай өнімді ұзақ сақтауға болады. Сосын кез келген уақытта алып, қуырып, пісіріп жейді», — дейді Ляхов.
sputniknews.kz