Солтүстік Қазақстан облысында шекарашы ана мен баланы құтқарды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ескі көпір бала мен жүкті әйелдің қазасына себеп бола жаздады  

ПЕТРОПАВЛ, 4 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында шекарашы апатты жағдайда тұрған көпірден құлап кеткен бала мен жүзе білмесе де ұлының артынан секірген жүкті әйелді құтқарды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқыс оқиға Уәлиханов ауданының Бидайық елді мекенінде болды. Бес жасар бала мен оның анасы өзеннің арғы бетіне көпірмен өтпек болған. Өзеннің орта беліне жете бергенде баланың аяғының астындағы тақтай сынып кетіп, суға құлап түскен. Әйел ойланбастан ұлының артынан секірген. Олар тұншыға бастайды. Құдай сақтап, өзеннің жағасында шекарашы  Сергей Гайдай жүрген болып шықты, ол суға сүңгіп, екеуін де құтқарып қалды.

Тағы оқыңыз: Елордада ұландықтар құдыққа құлап кеткен әйелді құтқарып қалды  

Шекара қызметінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі бөлімі хабарлағандай, Сергей Гайдай – «Солтүстік» өңірлік басқармасы Петропавл шекара жасағы «Бидайық авто» шекара бақылау бөлімінің әскери қызметкері.

«Сергей өзен жағасында көлігін жуып жатқан. Кенет жанұшыра айғайлаған дауысты естиді. Көпірде екі оқушы суға батып жатқан әйелді көрсетіп, әрі-бері жүгіріп, байбалам салып жатады. Сергей суға секіріп, ана мен баланы жағаға алып шыққан», — деп баяндады Шекара қызметіндегі мамандар.

Жағалауда шекарашы баланы қолдан демалдырып, жүрегіне массаж жасап, алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Содан кейін бала тыныс ала бастаған. Ер адам екі емес, үш адамды құтқарды, өйткені баланың анасы жүкті болған.  



sputniknews.kz