Қытай Қырғызстанға құрыш сауытты бірнеше көліктер сыйлады

0

Қытай Қырғызстанға көмек ретінде құны 30 миллион юань (4,3 миллион доллар) болатын техника берді. Ішкі істер министрлігі 3 маусымда Бішкекте таныстырған техниканың арасында үлкен және шағын автобустар, жол талғамайтын көліктер, құрыш сауытты полиция көлігі бар.

Министр Кашкар Джунушалиевтің сөзінше, полиция көліктерді қылмыспен күрес, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға пайдаланады. Министр бұл техникалардың Бішкекте 14-15 маусым күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті кезінде қажет екенін де айтқан.

Министрліктің мәлімдеуінше, Қытайдан көмек алу туралы келісімді Қырғызстан ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиев пен Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжао Кэчжи мамырда жасасқан.

Azattyq