Ораза айт 2019: қашан басталады, не істеу керек, не істеуге болмайды, ауыз бекіту
Биыл Ораза айт мерекесі 5 маусымға тура келіп тұр
Ораза айт – Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні. Мұсылмандардың маңызды діни мейрамы саналады. Бұл күні мұсылман жамағаты мешітте жиналып, айт намазын оқиды.
Рамазан айының соңғы он күнінде не істеу керек?
«Бұл күні мұсылмандар аузын ашып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Егер ренжіскендер болса, мейрам күні татуласқаны абзал. Рамазан айы адам баласын мейірімділікке, сабырлыққа, барға қанағат етуге шақырады. Ал айт мерекесінде барша мұсылман бір-біріне бауырмал болуы керек», — дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.
Сондай-ақ ол:
- Ораза Айт мейрамын қалай қарсы алған жөн?
- Бұл күні сәресіне тұрып, ауыз бекіту қажет пе?
- Осы мереке күні әйелдерге не істеуге болмайды?
- Дастарқанға қандай тағам қою керек?
- Шәууәл айындағы алты күндік оразаны қалай ұстауға болады? деген сұрақтарға жауап берді.
Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан біле аласыздар.
sputniknews.kz