Алматыда экстремизмге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Күдіктілерге қатысты үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Алматыда экстремизмге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Бұл туралы қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда полиция Қылмыстық кодекстің 405-бабы «Экстремистік ұйымның қызметіне қатысу» бойынша істі тергеп жатыр.

«Жиналған дәлелдер мен айғақтар негізінде 31 мамыр күні Алматы қаласы тергеу сотының шешімімен ұсталғандарға қатысты үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», -делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, үш күдікті бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазақстанда тағы бір ұйым экстремистік деп танылды

Қазір қылмыстық іс аясында қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр.



sputniknews.kz