Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Тоғысу)
Айдай анық.
Күндей қанық –
Әр ісі.
Ой мен сөздің сіз – шыңырау Әбіші.
Найзағайдың шоғы түссе өртенер,
Мен – Жайырдың жолбарыс жатқан қамысы.
Шыңыраудан қауға салып су алдым,
Шөліркеген қамысымды суардым.
Жолбарыс жырым жосып шығып қопадан,
Ұзақ-ұзақ жортатұғын туар күн.