Реферат: Банк ісі | Қолма қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары

0

Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру
Төлем карточкаларымен есеп айырысуларды дамыту

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Төлем карточкалары — пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.
Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттары бар:
— логотипі, яғни карточканың қай төлем жүесіне тиісі екендігі, мысалы: “Master Card”, “Vіsa” және т.с.с.;
— карточканың номері (ол 16 саннан тұрады);
— карточка иесінің аты-жөні;
— карточканың эмитентінің атауы;
— карточканың қызмет ету мерзімі;
— карточка иесінің қол қою үлгісі.
Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісім-шарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды көздеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.
Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos- терминал дегеніміз сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. құрылғылары орнатылады.
Кредиттік карточка — оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Кредиттік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлінеді:
1) локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;
2) халықаралық, яғни әлемдің банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.
Тәуелсіз алған жылдары Қазақстанда алғаш рет 1992 жылы Әлем банк кредитік карточкаларын шығарды. Кейіннен Халық банктің Алтын карточкалары айналысқа шықты.
Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктеріміз мынадай локалдық карточкаларды, соның ішінде Алтын карточкасын – Қазақстан Халық банкі АҚ және Алматы сауда-қаржы банкі АҚ, SmardAlemCard карточкасын – ТұранӘлем банкі АҚ, сондай-ақ Ситибанк Қазақстан АҚ пен Каспий банкі АҚ өздерінің оқшаулы карточкаларын шығарып отыр. Сонымен бірге екінші деңгейдегі банктер халықаралық төлем жүйелермен өзара келісімшарт жасай отыр, айналысқа мынадай карточкаларды шығаруда: “Amerіcan Express Іnternatіonal”, “Europay Іnternatіonal ”, “Dіners Club Іnternatіonal ”, “Vіsa Іnternatіonal ” және т.б.
Төлем карточкаларымен есеп айрысулар слиптің комегімен жүзеге асырылады.
Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) — төлем карточканы пайдаланып операция жаслғандығын растайтын есеп айрысу құжаты.
Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
— Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;
— Операцияның жасалған күні;
— Операция сомасы және валютасы;
— Эмитент банктің операцяиларды авторизациялауды растайтын коды;
— Банктік карточканың өзіне тән белгілерері;
— Слипте карточканы ұстаушының қолы.
Авторизациялау екі режимде: «он-лайнң және «офф-лайнң режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.
«Он-лайнң режимі (ағыл. on-lіne – нақты уақыт режимі) – банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. Оn-lіne режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.
«Офф-лайнң режимі (ағыл. off-lіne – қолжетімсіздік) — банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді
Эквайрер банк – банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.
Қазақстанда 2000 жылдың аяғында ҚР Ұлттық банктің құрылтайшылығымен жабық акционерлік қоғам формасында «Процессингтік орталықң құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.
Процессингтік орталық – төлем жүйесінің технолгиялық ядросы болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.
Процессингтік орталық мынадай қызметтерді атқарады:
— төлем карточкалары бойынша транзакцияларды өңдеп, қажетті құжаттарды дайындау;
— төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;
— төлем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;
— төлем жүйесіне қатысушы банктердің үстеме шығыстарын азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арасынын байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
— қатысушы банктерді техникалық және ақпараттық жағынан қолдау;
— төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру.
Бүгінгі күні төлем карточкаларын шығаруға мынадай банктеріміздің лицензиясы бар: ”Қазақстан Халық банкі” АҚ, ”ТұранӘлем банкі” АҚ, ”Казкоммерцбанкі” АҚ, ”,Алматы сауда-қаржы банкі” АҚ, ”Нұрбанкі” АҚ, ”ЦентрКредит” банкі АҚ, АБН АМРО ”Қазақстан банкі” АҚ, ”Сити банк Қазақстан” АҚ, ”Альфа банк” ЕБ АҚ, ”Каспий банк” АҚ, ”Техакаbank” АҚ, ”Еуразия банкі” АҚ, ”Темірбанк” АҚ.
2005 жылы айналысты болған төлем карточкалардың жалпы саны 1 495,9 мың дана, соның ішінде оқшауланған төлем карточкалар – 235,7 мың дана және халықаралық төлем карточкалары – 1 260,2 мың дананы құрады (6-кесте).
6-кесте — 2004-2005 жж айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер

Карточка түрлері 2004 жыл 2005 жыл
Саны, дана Үлесі, % Саны, дана Үлесі, %
Халықаралық, соның ішінде 987,2 81 1260,2 84,2
Vіsa 851,6 70 1074,2 71,8
6-кестенің жалғасы
Europay 124,3 10 185,7 12,4
Өзгелері 11,3 1 0,3 0,02
Локальдық, соның ішінде 231,7 19 235,7 15,8
Алтын 13,6 18 207,0 13,8
Өзгелері 18,2 2 28,6 1,9
Барлығы 1218,9 100,0 1495,9 100,0
Ескерту — ҚР Ұлттық банкінің 2005 жылғы есебі

2005 жылы төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдердің саны 28724 мың соның ішінде сауда терминалдарындағы төлемдер 915 мың және оның үлесі 3,2 %-ды құрады (7-кесте).

7-кесте — 2005 жылғы төлем жүйесінің негізгі көрсеткіштері

Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жаслаған төлемдердің саны, мың, соның ішінде
28724
Сауда терминалдарында 915
Жалпы санына қатысты үлесі, % 3,2
Қолма-қол ақшаны беру бойынша 27809
Жалпы санынна қатысты үлесі, % 96,8
Төлем карточкалары бойынша төлемдердің көлемі, млн теңге, соның ішінде 396353
Сауда терминалдарында 14758
Жалпы санына қатысты үлесі, % 3,7
Қолма-қол ақшаны беру бойынша 381595
Жалпы санына қатысты үлесі, % 96,3
Айналыстағы төлем карточкаларының жалпы саны, мың, соның ішінде 1928
7-кестеніңжалғасы
Локалдық карточкалар 343
Халықаралық карточкалар 1585
Карточкаларды ұстаушылардың саны, мың, соның ішінде 1895
Локалдық карточкалар 336
Халықаралық карточкалар 1559
Төлем карточкаларына арналған құрал-жабдықтардың саны, соның ішінде 7072
Pos-терминалдар 4209
Импринтерлер* 188
Банкоматтар 875
Ескерту – Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық банкінің 2005 жылғы есебінен алынған
*Импринтер – банктік карточкалардың өзіне тән белгілерінің түпнұсқасын қағаздан жасалған құжатқа көшіруге арналған механикалық құрылым.

Банктердің электрондық қызметтерін дамыту
Отандық банк тәжірибесінде қолданылатын электрондық қызметтері жаңа қызмет түрлерін білдіреді.
Электрондық банк қызметі – бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыруда мен қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердің электрондық қызметтері.
Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі – Банк пен клиент арасындағы төлем операцияларын жылдамдатуға, сондай-ақ олардың орындалысан бақылау жасауға арналған есеп айырысу жүйесі.
Мұндағы есеп айырысу операцияларының жылдамдатылу қағаз формасындағы құжаттардың орнын, банкке электрондық байланыс жолдары арқылы жеткізілетін олардың электрондық үлгілерімен айырбастау және төлем құжаттарын автоматты түрде өңдеу нәтижесінде жүзеге асады.
Мұндай жүйлердің техникалық негізіне құжатты әр түрлі санкцияланбаған құбылыстардан қоғайтын арнайы технология немесе шифрлау жүйесі мен электрондық сандық қолтаңба жатады. Банк пен клиент арасындағы құжат алмасу “Банк клиенті” ішкі жүйесі арқылы жүзеге асады.
Электронды сандық қолтаңба — банк пен клиент арасында есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының тұпнұсқалығын және ондағы мәліметтердің шынайылығын растайтын, сондай-ақ берілетін ақпараттың құпиялығына толық кепілддік беретін және есеп айырысу процессінде үшінші бір тұлғаның араласуына жол бермейтін санмен құпияланған таңбалар. Электронды сандық қолтаңба клиенттің банкке тапсырған қолы және мөр қою үлгісі бар карточкаға балама болып келеді.
“Банк клиенті” ішкі жүйесі мынадай қымет атқарады:
— төлем құжаттарын даярлау;
— қол қою және жіберу;
— құжаттарды және банктен берілетін шоттың көшірмесін қабылдау;
— құжаттарды қарау және мөр басу;
— құжаттардың архивін жүргізу.
Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінде қолданылатын құжаттарға мыналар жатады:
— клиентің төлем тапсырмасы;
— Клиенттің ағымдағы шотына ақша қаражаты түскендігі туралы хабарлама;
— Клиенттің шоттары бойынша көшірме.
Клиентің жіберген құжаттарын қабылдай отырып, банк төлем құжатындағы электрондық сандық қолтаңбаның сәйкестігін және құжаттың дұрыс толтырылуын автоматты түрде тексереді.
Home-bankіng – банкоматтарды, электрондық есеп айырысу жүйелерін пайдалану арқылы және үйінде отырып банктік операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін халыққа арналған банктің электрондық қызметі.
Жеке компьютерді банктік компьютерлер жүйесіне қосу арқылы банк клиенттері мынадай қызметтерді пайдалана алады:
— ағымдағы күндегі шот балансын алу,
— белгілі бір уақыт ішіндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебін алу
— ақшалай аударымдар мен төлем жасау,
— кредиттік және өзге пластикалық карточкалар шығаратын эмитент компаниялардың қызметін төлеу,
— бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.
Интернет банкинг — Іnternet bankіng — банкке келмей-ақ Интернет жүйесін пайдалану арқылы клиенттергі банктің операцияларды пайдалануға мүмкіндік беретін банктің электрондық қызметі.
Интернет банкинг қызметін заңды және жеке тұлғаларға арналған Интернетті пайдалану арқылы клиенттер мынадай банк қызметін жүзе асырады: ақшлай аударымдар мен төлемдер жасайды, валютаны сатып алады және сатады, карточкалық шоттарына қаражат асала алады, шоттың көшірмесін алады.
Қазіргі кезде отандық банктер тәжірибесінде халықаралық және Қазақстанның ішінде жылдам ақшалай аударымдар жасау біршама дамып отыр. Ондай аударымдардың біріне Western Unіon аударымдар жүйесі жатады. “Western Unіon” сөзінің қазақ тіліндегі аудармасы “Батыс Одағы” деген ұғымды білдіреді.
Western Unіon 1871 жылы құрылған халықаралық корпорация және оның бүгінгі күні жер шарының 180 елінде 80 мыңнан астам өкілдері қызмет етеді.
Western Unіon аударым жүйесінің мынадай артықшылықтары бар:
— ерекше банк қызметі, ақшалай қаражатты жөнелтушіге және оны алушыға банктік шот ашудың қажеттігі жоқ;
— жылдам аударым, аударым жылдамдығы 5-10 минут;
— қауіпсіз, жөнелтуші туралы нақты мәліметтерді білсеңіз, аударымды ала аласыз;
— қол жетімділік, жер шарының кез келген нүктесіне аударым жасау мүмкінідігі;
— сенімділік, компания әрбір аударымға компания кепілдік береді.
Western Unіon жедел аударымы банктің тек жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметіне жатады.
Қазақстанда Western Unіon халықаралық корпорация ең алғаш өкілі “Банк ЦентрКредит” АҚ болып табылады.
Western Unіon жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасау шарты мынадай:
— Жеке куәлігін неме төлқұжатын көрсету керек;
— СТТН болуға тиіс;
— Алушының аты-жөнін көрсету;
— “Ақшаны жөнелту” құжатының формасын толтырып, оған қол қою қажет;
— Жөнелтетін соманы банкке тапсыру.
Сонымен бірнеше минуттардан соң аударылған қаражаттар әлемнің кез келген жерінде алушыға төленеді. Банк ақшалай аударымды жасағаны үшін аударым сомасына қарай комиссиондық сыйақысын алады.
Western Unіon жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударымды алу шарты төмендегідей:
— Жеке куәлігін неме төлқұжатын көрсету керек;
— СТТН болуға тиіс;
— Ақшаны жөнелтушінің аты-жөнін, қаласын, елін, аударым сомасын көрсету қажет;
— “Ақшаны алу” құжатының формасын толтырып, оған қол қою керек;
— “Ақшалай аударымды алуға қосымша” құжат формасын толтырып, оған қол қою керек.
Сонымен қатар банк операторы Western Unіon жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасалғандығын тексереді және ақпарат нақтыланған жағадайда ақшалай аударымды алушаға тиісті сома беріледі.
Кей жағдайда банктерде ақшалай аударымды алушыдан аударым жасалған бақылау номерін сұрауы мүмкін, егер ақшаны жөнелтуші ақшаны алушыға ол номерді хабарлаған жағадайда. Бұл номер негізінен операторға копьютерден ақшалай аударымды алушының аты-жөнін тез іздеп табу үшін қажет.
Бүгінгі күні Western Unіon халықаралық корпорациясы өкілі Қазақстандағы бірқатар банктермен келісім жасаған. Олардың ішінде бұл жүйенің қызметін алғаш көрсетуші “Банк ЦентрКредит” АҚ.
Өзара келісім негізінде мысалға, “Банк ЦентрКредит” АҚ-ның Қазақстаннан шетелге АҚШ долларында ақшалай аударымдарды жасаудағы тарифтері белгіленеді (8-кестені қараңыз).
8-кесте. Western Unіon ақшалай аударымдары бойынша тариф жүйесі.

Сома Тариф Сома Тариф
50,00 немесе төмен 13,00 3500,01 – 4000,00 160,00
50,01 – 100,00 15.00 4000,01 – 4500,00 180,00
100,01 –200,00 22,00 4500,01 – 5000,00 200,00
200,01- 300,00 29,00 5000,01 – 5500,00 220,00
300,01 –400,00 34,00 5500,01 –6000,00 240,00
400,01 –500,00 40,00 6000,01 –6500,00 260,00
500,01 – 750,00 45,00 6500,01 – 7000,00 280,00
750,01 – 1000,00 50,00 7000,01 – 7500,00 300,00
1000,01- 1500,00 75,00 7500,01 –8000,00 320,00
1500,01 – 1750,00 80,00 8000,01 –8500,00 340,00
1750,01 – 2000,00 90,00 8500,01 –9000,00 360,00
2000,01 – 2500,00 110,00 9000,01 –9500,00 380,00
8-кестенің жалғасы
2500,01 –3000,00 120,00 9500,01 –10000,00 400,00
3000,01 –3500,00 140,00
Қосымша қызметтер (жөнелтушінің қалауы бойыншы)
Телефонмен хабарлау 3,00
Телеграфпен хабарлау (кейбір елдер үшін) 3,00
Хабарлама беру (20 сөзге дейін) 3,00
Quіck Pay 3000 АҚШ долларына дейін 15,00
Quіck Pay 5000 АҚШ долларына дейін 25,00
Көзі: “Банк ЦентрКредит” АҚ-ның мәліметтері
Сонымен қатар, отандық банктеріміз тәжірибесінде жек тұлғалар үшін банктік шот ашпай-ақ Қазақстан аумағында жедел аударымдар жасау қызметі көрсетіледі. Мұндай жедел аударымдарды осы қызметті көрсететін банктердің филиалдарынан бірнеше минуттардан кейін теңгеде алуға болады.
Мұндай жедел ақшалай аударымдардың өзіндік ерекшеліктері бар және оны аударым жасау немесе алу шарттарынан байқауға болады.
Жедел ақшалай аударым жасау шарты мынадай:
— Жеке куәлігін көрсету керек;
— СТТН болуға тиіс;
— Алушының аты-жөнін көрсету;
— “Ақшаны жөнелту” құжатының формасын толтырып, оған қол қою қажет;
— Жөнелтетін соманы банкке тапсыру.
Сонымен бірнеше минуттардан соң аударылған қаражаттар сол банктің филиалдары орналасқан жерлерде алушыға төленеді. Банк ақшалай аударымды жасағаны үшін аударым сомасына қарай комиссиондық сыйақысын алады.
Жедел аударым бойынша ақшалай аударымды алу шарты төмендегідей:
— Жеке куәлігін көрсету керек;
— СТТН болуға тиіс;
— Ақшаны жөнелтушінің аты-жөнін, қаласын, елін, аударым сомасын білуі қажет;
— “Ақшаны алу” құжатының формасын толтырып, оған қол қою керек;
Сонымен банк операторы жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасалғандығын тексереді және ақпарат нақтыланған жағадайда ақшалай аударымды алушаға тиісті сома беріледі. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!