Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдары
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Педагогикалық-жаратылыстану факультеті
Білім беру технологиялары кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде
пайдаланудың жолдары
Орындаған:
Сырттай бөлім БОП ж Ә
3-курс студенті Секенова Қ.А.
Жетекшісі: ПжП магистрі Оразбаева Г.О.
Көкшетау, 2011
Мазмұны
Кіріспе ___________________________________ _______________ 3-4
1. Оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану мәселелері
1.1. Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы_________5-6
1.2. Баланың ақыл-ойын дамытуда ұлттық ойындардың алатын
орны ___________________________________ ______________ 7-14
1.3. Оқу үрдісінде ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі _____15-40
1.4. Қазақ халқының көркем эстетикалық құндылықтары және ұлттық
ойындардың бала тәрбиесіндегі орны _____________________41-44
2. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысына пайдалану
2.1.Үзіліс кездерінде ойналатын ойындар ______________________45-50
2.2.Ұлттық ойындарды ертеңгіліктер мен кештерде пайдалану __ 51-58
2.3. Ұлттық ойындардың пайдасы ___________________________ 59-63
Қорытынды ___________________________________ _________________________64-
65
Пайдаланылған әдебиеттер __________________________________6 6-67
Қосымшалар ___________________________________ ___________68-76
Кіріспе
Өзектілігі. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағыттары мен
идеялары «Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында, «Қазақстан
Республикасының білім туралы» Заңында, сол сияқты Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы», «Этномәдениет
тәрбиесі», тағы басқа құжаттар мазмұнында айырықша атап көрсетілген .[1]
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі
озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты
міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар
қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске
қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін қолдануы керек екені анық.
Сондай оқу-тәрбие негіздерінің бірі — ұлттық ойындарымыз. Ұлттық
ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол — сандаған
ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен
сенімді тәрбие құралы. Бұл туралы көрнекті педагог В.А.Сухомлинский ойын
баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады дей
келіп, былай деп жазды: » Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай
болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол
арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз — ұшқын, білуге құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты».[2]
Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды
бір түрі. Оны мындай кесте арқылы суреттесек те болады:
Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізгі іс-әрекеттің бір түрі.
Бір заманда халық қиялынан туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды
құралына айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін
орынды талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі тәрбие жұмысына
пайдалануға қолайлы.
Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды
жаттықтырушы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры
мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан
сіңіре беруді көздеген .
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-
жақты дамымақ емес .
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, халық ойындарын бүгінгі
педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол
сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарын жандандыра түседі . (Қосымша 1)
Біз бұл пікірімізді көп жылғы ізденіс пен алдыңғы қатарлы
мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне сүйеніп айтып отырмыз .
Анығын айтқанда, күні бүгінге дейін сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар
нақтылы педагогикалық үйлестік таппай, тәрбие жұмысы оқумен тығыз ұштаспай
келеді. Ал шын мәнісінде тәрбие жұмысында үзіліс болмауы тиіс. Сыныпта
берілетін білім мен тәрбие сыныптан тыс жұмыстармен тығыз байланыста,
бірлікте болып, бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Халық ойындарын
пайдаланудың дұрыс әдіс-тәсілін тапқан жерде, ол тәрбиенің басқа да
құралдарымен астаса отырып, бұл олқылықтың орнын толтырады .
Бұл жерде біз халық ойындарын тек 1-4 сыныптардың оқу-тәрбие жүмысында
пайдалану жолдарын ғана сөз етіп отырмыз . Бірақ бұдан ұлттық ойындарды
жоғары сыныптарда қолдануға болмайды деген ұғым тумайды.
Тақырыбы: Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде
пайдаланудың жолдары
Зерттеу мақсаты: Оқыту, тәрбиелеу үрдісінде ұлттық құндылығымыздың бірі
ұлттық ойындарды пайдалана отырып, жас ұрпақты дене тәрбиесіне,
адамгершілікке, ар-ұят, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, үлкенге иба,
кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеудің маңызын көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1. Оқушыларды ұлттық ойындарды пайдалана отырып тәрбиелеу туралы
ғылыми теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
2. Қазақ халқының көркем эстетикалық құндылықтары және ұлттық
ойындардың бала тәрбиесіндегі орны
3. Ұлттық ойындардың қазіргі кезде қолдану аясы
4. Оқушыларды тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдалану жолдарын
қарастырып, іс жүзіне асыру
Зерттеу обьектісі: Оқушыларды ұлттық ойындарды пайдалана отырып
тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктері
Зерттеу пәні: Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеудің жолдары және
оған әсер ететін жағдайлар.
Зерттеудің тапсырмалары: Бастауыш сыныптарда өткізілетін ұлттық
ойындардың ролін анықтау. Қазіргі сабақта оларды пайдалану жолдарын
көрсету. Жаңа талаптарға сай оларға сараптама жасау.
Ғылыми болжам: Ұлттық ойындарды қолданудың нәтижесінде оқушылардың сабақ
үлгерімі жақсарады және тіл байлығы, дене қимылдары, ой-өрісі жетіледі
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, өткізілген сабақтар.
1. Оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану мәселелері
1.1. Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша
алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау —ғылым жетістіктерін
игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады .
Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса
керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму
жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі тарихи
ғылымдардың дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының
қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек
Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан
бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі
құмалақ ойындары, бестас, асық садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен
алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э.
Маккей …бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық
одақтардың арасында тарағанға үқсайды —дейді. Соңдай-ақ мұндай пікірлерді
Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында
болған сапарында көрген Қызбөрі ойыны да Қазақстан
территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен яғни таптық қатынаспен
бірге туғандығы жайлы ескертеді.[3,24
Ұлт ойындары ертеден-ақ, жалпы этнографиялық әдет-ғұрыптармен бірге
дамып жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін —
қазақ совет этнографиясының бір бұтағы бола тұрса да, күні бүгінге дейін
бір де бір тарихшы-этнограф ғалымдардан мән беріп зерттеген ешкім болмады.
Тек, М. Таникеевтің Қазақстанның Россияға қосылған дәуірінен бастап,
Октябрь революциясына дейінгі аралықты қамтыған педагогика ғылымдарының
кандидаттық диссертациясы бар. Бұл еңбектің құндылығы сол, бірінші рет
қазақтың ұлтгық ойындары ұлттық мәдениеттің бір саласы болғандыктан өз
бетінше тарихи зерттеуді керек ететіндігі жайлы пікір айтты.
Еңбектің кіріспесінде автор ұлт ойындарын ұлттық мәдениеттің бір саласы
болғандықтан, Қазақстанның Россияға қосылғаннан кейін ғана алдыңғы қатарлы
орыс мәдениетінің әсерінің негізінде ғана қалыптасып дамый бастайды -деп
келтірген де II тарауында талдау жасаған.
Зерттеулерге қарағанда, ұлт ойындарының даму, қалыптасу
көрсеткіштері керісінше шығып отыр. Жоғарыда көрсетілгендей, ұлт ойындары
Қазақстан жерінде ең алғашқы хандықтардың пайда болып калыптасуымен бірге
өзінің даму сатысының ең жоғарғы шегіне жетті де, халықтың шығарған Хан
жақсы ма ойынымен тоқтады. Хан жақсы ма ойынының шығуы қазақтың ұлт
ойындарының ең ақырғы кезеңі. ХҮШ ғасырдан бастап, яғни Қазақстанның
Россияға қосылу дәуірінен бері қарай тарихи даму емес тек кезіндегі шыкқан
халық ойындары үйрену-жаттығу ретінде ғана қайталанып отырды.
Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған
жоқ, ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысы мен көңіл көтеріп,
демалыс уакытын өткізуден қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.
Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда
ересектер арасында дамыды да кейін келе жасөспірімдерде қалды.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының көпшілігі жас өспірімдерді
шапшаңдыққа, жүйріктікке, батылдыққа тәрбиелейді және мұндай ойындар
баланың дене мүшелерін шынықтырып, өкпенің жұмыс қабілетін арттыратын
болған. Сондай ойындардың бірі –қазақша күрес. [24]
Қазақша күрес жайлы король Кастилий Генрих ІІІ-тің саяхатшы
–көмекшісі Рей Гансилис Клавдихо мынадай өте-мөте мөлтек деректі
келтіреді. Ол даңқты қолбасшы Темірдің сарайында ең күшті балуандардың
белбеуден ұстап күрескенін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдары аралығы
екенін ескерсек , белбеу-айқастарда жеңіске жеткен балуандарға алтыннан,
күмістен, басқа да бағалы сыйлықтар тарту-таралғвылар беріп отырған.
Жылдар жылжып өтіп, ғасырлар артта қалса да содан бері қазақтың ұлттық
спорты –күрес және басқа да ұлттық ойындары ешқашан тіршіліктен тыс қалмай
, халықпен бірге жасасып , дамып келеді .
1.2. Баланың ақыл-ойын дамытуда ұлттық ойындардың
алатын орны
Балдырған отбасы тәрбиесі арқылы және өзін қоршаған ортамен тығыз
араласа отырып, ана тілін үйренеді . Ал адамға ана тілінен ардақты не бар .
Ол туралы әйгілі педагог К.Д. Ушинский былай деп өте тамаша жазған:.
…Ана тілі — ақыл-ой дамуының негізі және барлық білімдердің қазынасы:
одан барлық түсінік басталып, сол арқылы өтіп және соған оралып отырады .
[9]
Ана тілі — идеялар мен білімдерді ұгынудың және оны таратудың бірден-
бір құралы. Егер оқушы бұл құралды нашар меңгерсе, онда оның оқуына да
үлкен қиыншылық туатыны сөзсіз».
«Бала сөзбен де ойнайды . Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік
қасиеттерін үйренеді, тілдің саздылығын ұғынады» деген А.М.Горький бейнелі
сөзіне өз тәжірибемізде көзіміз жетті.
Ана тілі сабақтарын дәйекті жүргізу үшін, мұғалім біріншіі күннен
бастап оқушылардың мінез-құлқын бақылай отырып, оларды ерекшеліктеріне
қарай топ-топқа бөледі .
Оқушылардың бірінші күннен бастап оқу құралдарын қалай пайдалану керектігін
еркін меңгеріп әкетуі оңай емес. Сондықтан бірінші сынып мұғалімі ең
алдымен қимылдары өте баяу оқушылармен біраз жұмыс жүргізіп, олардың
қаламсапты дұрыс ұстауына баса көңіл бөледі. Баланың саусақтары емін-еркін
қимылдау үшін оларға жаттығулар жасатып бірнеше ойын ойнату керек. Бұл
ойындарды алдын-ала белгіленген тәртіппен жүргізіп отырады. Балаларды жіті
қимылдату мақсатымен халық ойыны «Қуыр-қуыр қуырмашты» ойнату пайдалы
болады. Сондықтан мұғалім алдымен ойынның тәртібін балаларға түсіндіреді
де, ойынды өзі бастап, ойнау тәртібін көрсетеді. Ойынды не үшін жүргізгелі
тұрғаны мұғалім үшін белгілі. Ойынға екі оқушыдан кезектесіп қатынасады .
Бір оқушы қолының бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны
бүркемелеп, қапсыра ұстайды. Одан кейін жанында тұрған екінші оқушыға
ортаңғы саусағымды тапшы дейді. Егер ол сол саусағын дәл тапса, ұпайды
бірінші оқушы, таба алмаса — өзі алады. Бірақ, ұтқан ойнаушы ұпай алу үшін
мына ережелер мен сөздерді жақсы білуі шарт :
І.Бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын
түгел айтып береді .
2.Бұдан кейін бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек,
кішкене бөбек, — деп саусақтарға түгелдей ат қойып шығады. Сөйтіп, бес
саусақты түгел жұмады. Тағы да бас бармақтан бастап, былай деп, бес
саусақты түгел ашып, санап шығады .
Сен тұр, қойыңа бар,
Сен тұр,сиырыңа бар.
Сен тұр, түйеңе бар,
Сен тұр,жылқыңа бар.
Енді шынашақты алақанның шұңқырына бүгіп, тұқырта ұстайды да
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Әжең келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап бас.
Ұры, бөрі сұғанақ,
Мұның бәрі малға қас — деп ұпай таратушының алақанын
қытықтайды. Ойынды әрі қарай жалғастыруға болады. Ойын бірнеше рет
қайталанып ойналады. Бұл әдіс жазу құралдарын меңгере алмаған не оны
меңгеру қиынға соғатын, ұяң, баяу қимылды балалардың санына қарай
қолданылады. Бұл ойын алдымен шабан қимылдайтын балалардың қимылын
тездетуге септігін тигізеді; екіншіден, тілін жаттықтырады; үшіншіден, есте
сақтау қабілетін жетілдіре түседі; төртіншіден, ұяң, тез
үйірлесуге шорқақ, жасқаншақ балалар ойын үстінде мұндай әдеттерін ұмытып
кетеді; бесіншіден, оларды топтасып жұмыс істеуге дағдыландырады;
алтыншыдан, балалардың жүйке жүйелерін шыңдап, мінез — құлқын
қалыптастырады. [2,4,21]
Суреттер арқылы жұмбақтар шешкізу, балалардың сабаққа қызығуын, ынтасын
арттыра түседі. Олардың қимылын дамытып, сабаққа белсенді араластыруға
мүмкіндік береді. Жұмбақ шешу ойыны балалардың өздігінен ойлануына
мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.
Осының негізінде мұғалім бірте — бірте оқушыларды күрделі іске тартады.
Сабақ күрделене түскен сайын оқушылардың ойы өсіп жетіледі. Осыған орай
ойынның түрлері де күрделеніп, өзгере береді. Ойын әрбір пән бойынша
ұйымдастырылады. Бастауыш сыныптарда ойын сабақтарын пән бойынша
ұйымдастыру мұғалім үшін де, оқушылар үшін де тиімді.
Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығына бірдей
тілі келе бермейді. Осындай жағдайда бала жолдастарының көзінше ол
әріптерді дауыстап айтуға жасқаншақтай беретіні сөзсіз. Мұғалім баланың осы
кемшілігін дер кезінде біліп, оны уақытылы түзеу бағытында шара қолдануы
тиіс. Бұл жауапты кезеңде бала мен мұғалімге нағыз көмекші халық ойыны
болып табылады. Тілі кейбір дыбыстарға еркін келе бермейтін балалар үшін
алдымен сол дыбысты жеке- жеке айтқызып, артынан хормен қайталанады. Тілі
еркін келмейтін балалар да көпке елігіп, дұрыс айтып кетеді.
Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады.
Бастауыш мектептің бірінші сыныбына келген баланың «Р»,»Л»,»С»,»Т»,т.б.
дыбыстарға тілдері еркін келе бермейді. Сондықтан, осындай оқушылар үшін
жаңылтпаштарды пайдалану орынды. Мысалы:
«Құдық қазып аршыдым,
Топырағын жаншыдым,
Аршыдым да балшығын,
Шаншыдым да талшығын,
Аршыдым да малшыдым». Мұғалім осыны оқушыға өзімен бірге ілестіре
тұрып айтқызады. Сонда «Р» дыбысына баса көңіл бөлгізеді. Бұдан әрі
жаңылтпашты күрделендіре түсуге болады.
«Ей, Тайқарбай,
Малыңды кең өріске жай Тайқарбай.
Біздің елде Тайқайбайлар толып жатыр,
Сенің айтып жүргенің қай Тарқайбай ?» [23]
Алдымен мұғалім өзі айтып тұрады да балалар ілесіп отырады. Кейін сөздерін
жаттап алған соң, жылдам айтқызу арқылы мұғалім өзінің көздеген мақсатына
жетеді. «Т» дыбысына тілі келмейтін балалар үшін де осы жаңылтпашты
айтқызуға болады . Сондай-ақ «Төсек үстінде төрт бөрік, төртеуі де көк
бөрік, көк бөріктер — көп бөрік», т.б. жаңылпаштардың тіл дамытуда, сөзді
таза сөйлеп ширақ айтуға пайдасы айта қаларлықтай .
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру балаларды жалықтырары
сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар өтіп отырған
сабақ мазмұнына баса көңіл аударып, тез қабылдап, ұғып алады .
Ойын элементтерін бірінші сыныпта «Буын» тақырыбында пайдаланған
орынды. Бұл тақырыпты өткенге дейін оқушы «Әліппені» тәмәмдап, Қазақ тілі
пәнінің едәуір бөлігін меңгереді. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың
жуан және жіңішке болып бөлінетінін біледі, сондай-ақ дауысты дыбыс бар
сөздерге көңіл бөліп, олардың сөздегі орыны мен маңызын ұғып алады. Ауызша
және жазбаша жаттығу жұмыстары, суреттер арқылы әңгіме жүргізіледі . Ендігі
жерде мұғалім оқушылардың осы білім қорына сүйеніп, ойын элементтерін
қолданған бұрынғы тәжірибесін жалғастыра алады. Сөздің бір буынды болып та,
екі, үш, т.с.с. көп буынды болып келетініне көз жеткізу үшін түрлі жарыс
ойындарын, жаттығулар ( «Өз атыңды буынға бөле білесің бе ? Сынып т ағы
заттардың атын ата», т.б. ойын түрлерін) өткізуге болады .
Мұғалім алдына қойған мақсатына жету үшін сабақтан-сабаққа ойын
түрлерін күрделендіріп отырады. Осы ретте «Ойлан тап»
ойынын жүргізу тиімді. Мұғалім кенет ойланған қалып көрсетеді,
балалар шыдамсыздана күтеді. Оның ойлап тұрған сөзі «алма»деген сөз болсын
дейік. Мұғалім : -Ал, — деп бірінші буынын атайды. Балалар әр түрлі
«ал» буынынан басталатын бірнеше сөздерді айтады: ала, алақай, алтын,
алақан, алмас, алма. Ойланған сөзін тапқаннан кейін мұғалім : — Жанар
ойлап тапты,… балалар сендер де дұрыс айттыңдар,- деп
көтермелеп қояды . Ендігі жерде сабақтың ережесін нашарлау түсінген
оқушылардың бірін балалардың алдына шығарып, жаңағыдай бір
сөзді ойлатады. Бала ширығып, ашына түседі. Аз ойланып, өзі ойлаған бір
сөздің басқы буынын айтады. Балалардың ынтасы арта түседі. Олар жаппай
қол көтереді. Атаған буынға сөздердің бірінен кейін бірін
айта береді. Балалар сергіп, сабаққа ынталана түседі, ойлары
дамиды. Осы тәсілмен ойынды жалғай түсуге болады .
Мұғалім сыныптағы балаларды үш топқа бөліп, оларға басқы буындары
бірдей сөздерден тұратын тор көз кестені толтыруды тапсырады. Алдымен кесте
сызылып, оның әрбір жолын толтыруға әр топтан балалардың өздерінің
ұйғарымымен кезектесіп, бір-бір оқушыдан шығарылады .
Ас Бал Қар
Ас + ан Ба + ла Қа + ра
Ас+ та+ на Ба+ ла+ пан Қа+ ра + ла
Ас+ та+ на+ да Ба+ ла+ пан+ дар Қар+ лы+ ғаш+ тар
Өз кестесін қай топ бұрын толтырып шықса, сол топ жеңген болып
есептеледі. Бұл балалардың білуге деген құштарлығын, шығармашылық,
жаңашылдық қабілетін шыңдай түседі. Бұл ойынды әлденеше қайталап, сыныптағы
балалардың бәрін қамтуға болады.
Бұдан кейін кестедегі көз санына қарай буын саны бар сөздер тауып
жаз деген эстафета ойынын өткізуге болады. Әр топтағы балалар өзара жарысқа
түседі. Қай кесте бұрын толтырылса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл ойын
жүргізіліп болған соң, оқушылардың бір буынды сөзде қанша дауысты дыбыстың
бар екенін санай отырып, өр көзде және қатарда неше дауысты дыбыс бар
екенін айтқызу керек. Бұдан шығатын қорытынды: а ойын үстінде оқушылардың
ойлау қабілеті артады, ә ізденушілігі өсіп дамиды; б ол тақырыпты жақсы
меңгеруге көмегін тигізеді; в оқушылар өздері ойланып тапқан сөздерін әр
кез есте сақтайды; гкез келген уақытта буын түріне мысал келтіре алады; д
ана тілінің байлығын меңгеруге деген санасын оятады; е мысал арқылы
қорытынды жасай отырып, өз бетімен ереже шығара алады .
» Қайда менің өз орыным?» ойынында оқушыларға бірнеше сөздер беріліп,
олардың сөйлемдегі байланысына қарай, әр қайсысын өз орнына қою тапсырылады
. Мысалы,
Саулығы ақ Ақанның
Шиырып тұмсығын көкке
Той қуанып оған қыпты
Тауыпты қозы егіз.
Бұл ойында, әсіресе, ер балалар белсенділік көрсетіп, сөздерді тез-тез
орнына қояды .
«Әріптерді жоғалтпа» ойынында оқушылар әр әріпті жаңылмай орнына
қойып, жаңылтпаш сияқты айтып беруі керек. Сәл мүдірсе болды, оқушы ойын
тәртібін бұзған болып, одан шығып қалады. Сондықтан ойын тәртібін бұзбау
үшін алфавитті жақсы білу талап етіледі . Бұл ойынды балалар сабақтан
шаршағанда, тақырыпты пысықтау кезінде, сондай-ақ олардың кейбірі
дыбыстарды дұрыс атап, жаза алмаған кездерде пайдалануға болады. Төменгі
сынып оқушылары еліктегіш келеді, жаңаны жандары сүйеді. Сондықтан да
мұғалім сабақ берудің әдістерін үнемі жетілдіріп, оның түрлері мен
тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың сабаққа деген ынтасы артып,
ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі .
Ойын араласқан сабақтарда балалар өздерін еркін үстап, олардың білуге
деген белсенділігі артатыны байқалды. Ойын үстінде бала өзін-өзі үмытып,
сыныптағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек
етуге қүштар болатындығы байқалды. Осы тәжірибелердің негізінде біз ойын
элементтерін сабақ үстінде барынша кең қолдануға көше бастадық. Ол үшін
бақылаушы және эксперименттік топтар үйымдастырып, солар арқылы
күнбе-күнгі төжірибе жүмыстарын кеңінен жүргізе беру керек. Бұл жүмыстар
шәкірттер сыныптан сыныпқа көшкен сайын, жылма-жыл сабақтастырыла
жүргізіледі . Мұның өзіндік пайдасын көріп, бұл әдісті жоғары сыныптарда да
жалғастыруға болады .
Сабақтың барысында халық ойындарының элементтерін қосымша материал
ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғарғы
сыныптарда да пайдасы мол. Мұның өзі көп жылғы тәжірибе жұмыстарында
сыналып, мектеп мұғалімдерінің күнбе-күнгі жұмыстарынан орын алып келеді .
Бастауыш сыныптардағыдай емес, мектептің 4-6 сынып оқушылары ойынды
бастамай тұрып-ақ, оны осы сабаққа не себепті қолданғалы отырғанымызды
білуі қажет. Сабақтың мазмұнына сай ойын элементтерін қолдануға балалар
іштей әзірленеді, бұл олардың мінез-құлқына әсер етіп, толғантады .
Мектепте жұмыс істеп жүрген алдыңғы қатарлы мұғалімдердің күнбе-күнгі іс
тәжірибелері осыны толық дәлелдейді .
Сан есімді өткен кезде, сан есіммен байланысты халқымыздың дәстүрлі
айтыс өнеріне орай «Айтыс» ойынын өткізуге болады . Бір оқушы сан ойлап
айтады да, екінші оқушы оның айтқан сан есіміне ұқсайтын күлкілі сөз тауып,
жауап қайтарады. Ойынға бүкіл сынып қатынасады. Бірінші оқушы «Бір»
дегенде; екінші оқушы: «Сыныпқа тез кір» дейді. Ойынды оқушылар жалғастыра
түседі .
* Екі.
* Серікпен күресуге бекі.
* Үш.
* Менімен жарысқа түс.
* Төрт.
* Ол жанып тұрған өрт.
* Бес.
* Алмас жалқауға өш.
* Алты.
— Жақсы оқу — оқушының салты.
* Жеті.
* Сегіз.
* Қойларымыз семіз.
* Тоғыз.
* Мынау сиқырлы қара қобыз.
* Он.
* Бүгін біздікіне қон.
* Он бір.
* Біздің жолымыз бір
* Он екі.
— Жеңіс туы біздікі, т.б.
Ойынды өткізуде мұғалімнің мақсаты — оқушыларды еркін сөйлей білуге,
айтайын деген ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге, ойлау қабілетін дамытуға, тіл
байлығын арттыра түсуге жету. Ойын үстінде бала өзін батыл ұстап, айтайын
деген ойын еркін жеткізуге тырысады. Ойын сыныптағы оқушылардың көбін
қамтитындықтан, әр оқушы өзінің ойлау қабілетін шыңдай түседі. Ол еркін әрі
тез ойлауға жаттықтыратындықтан, әркім өзінше ойлап, айтуға мүмкіндік
алады. Сөйтіп, бұл ойын балаларды бір-біріне
жақындастырады, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып,
топтастыра түседі .
Сан есім тақырыбына жүргізілген сабақ жоспары қосымша 1-де келтірілді.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатымен «Кім жылдам ?» ойынын
ұйымдастыруға болады . Ол үшін шеңбер сызылады да, ол тең бөліктерге
бөлініп, әрбір бөлікке бір-бірден әріп жазылады. Кейде шеңберді бірнеше
қабат етіп, сыныптағы балалардың санына лайықтап сызуға болады. Айталық,
сыныпта үш команда болса, шеңберді үшеу етіп сызып, әр шеңбердің ішіне бір
— бірден мақал жазылады. Осы шеңбердің ішіндегі мақалды қай топтың
оқушылары бұрын оқыса, солар жеңген болып табылады. Мақалды дұрыс тауып оқу
үшін оны сағат тілінің бағытымен екі әріптен қалдыра отырып оқу керек. Қай
әріптен бастап оқылатыны айтылмайды . Ойынның ережесі бойынша әр сөйлем бас
әріптен басталып жазылатыны оқушыларға айтылмайды . Себебі, оны әр оқушы
білуі тиіс. Бұл ойын оқушылардың ұшқыр ойлауына, тапқырлықтарын ұштай
түсуіне негіз қалайды.
4 — сыныптағы оқушылардың түсінігіне ауырлау «Тұрақты сөз
тіркестері» деген тақырыпты алайық . Бұл тақырыпты сынып
оқушыларының бәрі бірдей бірден қабылдай алмайды. Бұл тақырыпты мұғалім екі
бөліп өткізуді белгіледі. Бірінші сағатта көрнекті құралдарға сүйене
отырып, еркін және тұрақты сөз тіркесін жеке-жеке түсіндіреді. Келесі
сағатта оқушылардың тұрақты сөз тіркесі туралы үғымын қалыптастырып, сөздік
қорын жетілдіру үшін сабақтың барысында «Жауап бер» атты ойынды
пайдаланады. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөледі де, ойынның шартымен
таныстырады. Бұдан соң тақтаға оқушыларға бұрын таныс емес бірнеше сөз
тіркестерін жазып қояды . Балалардың ынталары сабаққа ауып, сұрақты асыға
күтеді.
Мұғалім :
— Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі сөйлеседі.
Әдеппен сөйлесуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай ?
Оқушы :
— Ондай баланың сөзі түйеден түскендей, — деп жауап береді.
— Оқуға да, жүмысқа да бос, болбыр болса, ондай баланы кім
дейміз ?
— Бос белбеу, — дейміз деп жауап береді оқушы.
Мұғалім енді сүрақты жеңілдетіп қойып,
сыныптағы орташа оқитын балаларды қамтуға тырысады.
-Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжың
балалар болады. Ондайларды кім дейміз ?
Бұл сұраққа сабаққа қабілеті төмен, зейіні тұрақсыз деп
есептелетін оқушылар қол көтереді .
* Шыбық тимей шыңқ етер, — дейміз деп жауап береді оқушы.
* Көрінгеннен қорқатын баланы кім дейміз ?
* Сужүрек дейміз, — деп жауап береді оқушы .
Мұғалім балалардың осы түсініктері мен әсерлерін қолдай отырып, оларға
жаттығулар жазғызады. Бұдан ойын арқылы оқушылардың тұрақты сөз тіркестерін
жеңіл игеріп, ұққандықтарын байқайды .
«Е т і с т і к» тақырыбын өткенде, » Жануарлар қалай үндейді ? » атты
халық ойынын қолдану пайдалы. Ойын екі баланың сөйлесуі арқылы жүргізіледі.
Тақырыпты бастаған кезден-ақ балаларға жануарлардың қандай үн
шығаратындығын білуді, оны естеріне сақтауды тапсырған жөн. Ойын тақырыпты
қорытындылау кезінде жүргізіледі. Мұның өзі етістікті саналы түсінуге
пайдасын тигізетідігін біз тәжірибеде байқаймыз. «Жануарлар қалай үндейді?»
деген халық ойынын мектеп мұғалімдері өз сабақтарында өте орынды
пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, сапалы білім беруге
жетіп жүр.
Алдымен мұғалім оқушылардың жылқы малының қандай дыбыс шығаратынын
сұрайды. Балалар қолдарын көтереді. Солардың ішінен бірі жауап береді.
Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады. Ендігі жерде мұғалім сол жауап
берген оқушының жауабын қолдап, оған басқа оқушыларға сұрақ қойғызады.
Мұғалім сиыр қандай дыбыс шығаратынын сұрайды .
Оқушы : — Сиыр мөңірейді, өкіреді, — деп жауап береді . Егер оқушы
дұрыс жауап берсе, келесі сұрақты сол жауапты дұрыс берген оқушы қояды.
Егер жауап дұрыс болмаса, онда сұрақ қойған бала өзі түзетеді де сұрақты
өзі жалғайды. Егер оның жауабы дұрыс болмаса, сыныптағы басқа оқушылар
жалғай түседі. Ойынның қорытындысында қай оқушы жануарлардың шығаратын
үндерін көп біліп, дұрыс айтса, сол жеңіске жетеді .
Ойынның аяғында мұғалім оқушыларды тақтаға шығарып, жануарлардың
атымен, олардың қалай дыбыстайтындарын тақтаға жазғызып, сөз таптарына
талдатады. Оқушыларға бұндай ойын ерекше әсер етіп, олардың
сабақты терең түсінуіне мүмкіндік жасайды. Келесі сабаққа жануарлардың
қандай дыбыс шығаратынын жаттығу дәптерлеріне жазып және оны сөз таптарына
айырып келулерін тапсырады. Мұндай тапсырманы оқушылар орындауға өте ынталы
кіріседі . Сабақ бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, шын мәнінде,
тақырыпты меңгеруге келгенде өте пайдалы екендігіне көз жеткізеді. Бұл
ойынды «Зат есім» тақырыбын өткенде де пайдалануға болады .
«Үстеу» тақырыбын өткенде «Ойлап тауып, орнына қойыңдар» ойынын
ойнатуға болады. Бұл ойын халықтың «Балтам тап» ойынының ізімен
жүргізіледі. «Балтам тап» ойынында ойын бастаушы жанындағы көршісін нұқыса,
мұнда оның орнына сұрақ қойылады. Егер ол қойылған сұраққа дұрыс жауап
қайтарса, сұрақ қойған оқушыға қарсы сұрақ береді. Сөйтіп, сыныптағы
балалардың бәрі қамтылатын ойын барысында оқушылар үстеу туралы алған
мағлұматтарын кеңейтіп, сабақты тыңғылықты меңгеруге мүмкіншілік алады.
Мысалы, Қай уақытта ? тұрған жігіттің ырысы артық ? қай уақытта ?
тұрған әйелдің бір ісі артық ? Қалай ?жүрсең шаң жұқпас? Қатты жауған күн
қалай? ашылады ?
Халық ойындарын «Шылау», «Одағай», т.б. тақырыптарда да кеңінен
қолдануға болады .
3-сыныпта ана тілінен Күш атасы-Қажымұқан және қазақша күрес атты
сыныптан тыс жұмыс өткізілді. (Қосымша 2) [25,26]
Халық ойынын қазақ тілі сабақтарында пайдалану оқушылардың еркін
сөйлеуін, тіл байлығын, сөздің дәл мағнасын бағдарлай білу қасиеттерін
жетілдіреді .
Қорыта айтқанда, халық ойындарының элементтері араласқан сабақ
оқушыларға өсерлі болып, олардың білуге деген құмарлығын арттырады,
түсініктерін тереңдетеді .
1.3.Оқу үрдісінде ұлттық ойындарды
қолданудың тиімділігі
Халық ойындарын оқу үрдісінде пайдалану оқушының алған білімін
күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды.
Мысалы: Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар.
Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.
Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй
тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.
Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын боса, онда мұғалімнің мақсаты —
оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанын ұмыттырып, ерік жігерін
дамыту.
Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді
жинақтау мақсатында пайдаланылады .
Ұлттық ойындарды өткен сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға
болады. Ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын байыта
түседі, оқушылардың бойындағы білуге деген талпыныс пен құмарлықты оятады,
балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі, өмір тәжірибелерін
молықтырады . Ұлттық ойынның бұл қасиеттерін халық ерте танып, өмірлік мәні
зор ойындардың алуан түрлерін ойлап шығарған. Қазақ халқы — халық
ойындарына өте бай және оның түрлері де алуан салалы болып келеді .
Солардың бір парасы логикалық ойлау мен математикалық сызбаларға
негізделсе, енді бір тобы тез ойлап, жедел шешуді талап ететін ауызша
есептер, сондай-ақ философиялық ой түйіндерін жасауға арналған
ойындар болып келеді. Біздің пікірімізше, бұл ойындар күні бүгінге дейін өз
маңызын жойған жоқ. Қайта жүйелі, тиімді пайдалана білсе, жастардың ой-
өрісін дамытып, дүниені танып, білу қабілеттерін кеңейте берері сөзсіз .
Мектепке келмей тұрып-ақ бала сандық ұғым туралы мағлұмат ала
бастайды. Бірақ оны саналы түсінбейді . Осы құбылысты сезген халық —
жастарға сан ұғымы туралы мағлұмат берудің алуан жолдарын ойлап тауып,
олардың ақыл ойын арқылы өте шеберлікпен жетілдіре білген. Сан ұғымын
есептер арқылы, ауыз-екі әңгіме арқылы немесе нақыл сөздер, мақал-мәтелдер
арқылы да жеткізген. Сан ұғымын заттық негізде, сол заттың бейнелі суреті
арқылы беру — бала зердесінде өшпес із қалдырып, санасынан мықтап орын
тебері сөзсіз . » Аз «, » көп » деген ұғымдарды баланың зердесіне ұялату
оңай нәрсе емес .
Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасақ, ол
онша қиындық келтірмейді. Халық ойындары арқылы сандардың жиынтық ұғымын да
оңай түсіндіруге болады . Осының бәрін қазақ халқының бір ғана ойынының
бойынан табуға болады десек, артық емес .
Мысал ретінде он бірге дейін санайтын санамақ ойынын алайық . Осы ғасырдың
30-40 жылдарында бұл ойын баланы мектепке әзірлеу құралы ретінде
есептелетін. Бүгінде ол өзінің әуелгі маңызынан айырылып отыр .
Бұл оның күні өтіп, тәрбие құралы болудан қалдырғанын емес, керісінше ұмыт
болғандығынан, елеусіз қалғандығынан .
Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда (яғни алғашқы
ондықты өткенде) оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату
орынды. Мұғалім пәнаралық байланыс мақсатында санаумен қатар тіл
жаттықтыруға арналған ‘ Куыр — қуырмаш » ойынын естеріне салып,
қайталатып отыруы жөн. Бірінші сыныпта алғашқы ондықты үйреткен кезде ‘ Сен
гщр, сен шық » ойынын ойнатуға тиімді . Бұл сандарды тез айтуға
жаттықтырады. Бұл ойындар мектепке дейінгі отбасы тәрбиесінде де
қолданылады. Бұл ойындардың тиімділігі қарапайымдылығы мен санның заттық
ұғымға негізделген ерекшеліктерінде . Сондықтан да ол балалардың санасына
тез жетіп, есінде ұзақ сақталады . [18,20]
Ойын қолданған сабақ табысты болу үшін, мұғалім бірінші күннен бастап
сынып оқушыларын зерттейді. Ата- анасымен бірлесе отырып, оларды мінез-
құлқына қарай бірнеше топқа бөледі.
Мысалы, біз бірінші сынып оқушыларын үш топқа
бөлеміз. Бірінші топқа жақсы үлгеретін, екінші топқа орташа үлгеретін, ал
үшінші топқа нашар үлгіретін оқушылар енеді. Мақсат: осы оқушылардың
арасындағы айырмашылықтарды мүмкіндігінше
жойып, олардың қалыпты үлгірулерін, бағдарламалық материалдарды
саналықпен игерулерін қамтамасыз ету. Біздің байқауымызша, ойын араласқан
сабақта орташа оқитын оқушылар мен нашар үлгіретін оқушылар белсенді
қатынасып, жақсы нәтижеге ие болады . Олай болса, бастауыш сыныптарда
математика сабағын заттық негізде, деректі ұғымдар арқылы оқытудың пайдасы
жоғары .
«Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып — үйрену кезеңінде математиканың
бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкіншілік береді де, келесі ондыққа
көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе, ойына сақтау қабілеті төмен балалар үшін
санның рет қатарынан жаңылғанда қолданған жөн .
Мысалы, бір дегенім білеу жеті дегенім желке
екі дегенім егеу сегіз дегенім серке
үш дегенім үскі тоғыз дегенім торқа
төрт дегенім төсек он дегенім оймақ
бес дегенім бесік он бір қара жұмбақ.
алты дегенім асық
Бұл ойынның оқушыға әсерлілігі, біріншіден, оның қарапайым, ұғымға
женілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу,
үскі, т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның
негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған,
сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті.
Бастауыш сыныптың математика сабағында алғашқы ондықты өткенде
Мұзафар Әлімбаевтың «Балдаурен, шіркін балалық » кітабынан «Он саусақ»,
«Санамақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы ана тілі,
математика сабақтарында оқушылардың тілін ұстартып, логикалық ой жүйелерін
қалыптастыруға болады .
Алғашқы ондықты өткенде ‘ Куалап соқ » ойынын ойнатқан жөн. Бұл
оқушыларды шапшаң ойлауға дағдыландырады. Алғашқы ондық көлемінде есептер
шығарып, амалдар қолданған кезде мұғалім балалармен көп жұмыс істеп,
сандарды үйретумен бірге оқушыларды өзбетімен есеп құрауға жаттықтырады.
Мұғалім математика сабағында бірінші сыныптан бастап ойын элементтерін
сабаққа ретті қолдана отырып, балаларға математикалық терминдерді оңай
игертеді . Оқушылар «Екі амал» ойыны үстінде қосынды мен айырманы табуға
жаттығады .
Мысалы,
5+4-3=6.
Қосынды мен айырманы табуға «Басқыш «ойынын қолданады . «Басқыш»
алғашында екеу болады да, кейін көбейеді. Әр басқышқа бірнеше есептен
беріледі. Соларды есептеп «басқышқа» кім бұрын шықса, сол жеңген болады.
Бұнда қалыс қалатындар болмайды, бүкіл сынып болып қызу еңбекке кіріседі .
Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында, әрбір сабақты
түрлендіріп өткізу орынды . Сол тәсілдердің бірі «Жеті алма » жұмбақ өлеңі
арқылы есеп шығарту.
Табақта бес алма.
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығын.
Болады жеті алма.
Бір алма апама.
Бір алма атама.
Екі алма беремін
Тәтеме-Сапаға
Нешеуін алады ?
Нешеуі қалады ?
Барлығы жеті алма. Оның төртеуі берілді. Нешеуі қалғаны белгісіз.
Сондықтан бұл есепті белгісіз санды табу тәсілімен шығару керектігі
түсіндіріліп, есепке өрнек құрылады.
X + 4 = 7 Х=3 жауабы : 3 алма.
X = 7 — 4
Сыныбы мен жас мөлшеріне лайық оқушылардың әрқайсысына өзінше тәсіл
қолдануға тура келеді. Жас мөлшері неғұрлым кіші болған сайын, балалардың
алдына қойылатын мақсатта солғұрлым қарапайым, орындауға жеңіл, нақты әрі
әсерлі болуға тиіс. Арифметиканың төрт амалын әлі жетік білмейтін 8 — 9
жастағы балалармен жарыс ойындарын ұйымдастыра отырып » Салмақ
өлшеуіштері» тақырыбын өткенде , ескі- құсқы жинатқызу пайдалы. Оны тәрбие
жұмысымен ұштастыру өз нәтижесін береді . Мұндай сабақтың үстінде оқушы өз
ісінің нәтижесін қолма-қол көзбе-көз көріп қорытынды жасайды. Сондай-ақ,
ұсақ және ірі салмақ өлшеуіштерін тәжірибе жүзінде танып біледі. Ойын
элементтері араласқан сабақ оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін арттырады
.
Бастауыш сынып оқушыларымен өтілетін математика сабақтарында ұлттық
ойындарды үнемі пайдалана отырып, олардың ауызша есепке жаттығуына,
логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншіліктер бар. Олардың
қатарында халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға
болады . Солардың ішінде » Сен тур, сен шық ойынын бірінші сыныпта жиырма
көлеміндегі сандарды санап үйрену кезеңінен бастап бастауыш сыныптың
математика курсын бітіргенге дейін пайдалануға болады . » Неше емшек, неше
өркеш ?», » Қай қолымда ?» , » Өзімде құр қалмадым «, ‘ Үш әділ «, ‘ Сөз
мәнісін байқайық «, «Ғалымбек қандай әдіс жасады ?», » Үш аманат «,
«Мұғалім келді «, » Торғай мен бұтақ «, » Төрт жиырма «, » Әке өсиеті «,
«Мектеп ауласында неше торғай отыр «, » Неше қаз ұшып келді «, » Мың қойда
неше бақайшақ бар», т.б. ойындарды тек бастауыш сыныптарда ғана емес, 4 — 6
сыныптарда да қолдануға болады .
Ұлттық ойындардың атын өзгертіп, күрделендіріп, не оқушылардың
ұғымына лайықтап, жеңілдетіп те пайдалануға болады . Бірінші сыныпта
жүздікті өткенде, 2 — 3 сыныптарда сабақты қайталау кезінде, өткенді
пысықтау барысында «Жүз қаз» есебін пайдалану орынды . Мұны төменгі сынып
оқушыларының ұғымына жеңіл болу үшін «Мектеп ауласында неше торғай отыр»
деп те алуымызға болады. Бұл оқушыларды елең еткізбей қоймайды. Себебі, бұл
олардың түсініктеріне жақын ұғым . Өйткені, торғайды өздері күнде көріп
жүр. Ал, сол күнде көріп жүрген ортаның өзінен есеп шығару оларға өте
әсерлі болып, білуге деген құмарлығы арта түседі. Мұғалім жұмбақ ойынның
мазмұнын қысқаша айтып, есепті шығартуға кіріседі. » Мектеп ауласында бір
топ торғай отыр еді, басқа жақтан ұшып келген бір торғай оны жуз торғай деп
ойлап қалады, сөйтсе, ол жүз емес екен, оларға тағы сондай, тағы оның
жартысындай және сол жартының жартысы мен өзін қосқанда ғана жүз болады
екен». Сонда мектептің ауласында отырған торғайдың нешеу болғаны — белгісіз
болып шығады. Сол белгісіз торғайлардың санын табу керек. Балалар сыныптағы
отырған орындарына байланысты топтарға бөлініп, қай топ бұрын шығарса, сол
топ жеңіп шыққан болып есептеледі. Есеп ауызша шығарылады да, қай бұрын
шығарған топтың бір оқушысы оны тақтаға жазады . Сонда былай болып шығады :
36 + 36 = 72 90 + 9 = 99
72 + 18 = 90 99 + 1 = 100
Бұл балалардың ақыл- ойын дамытып, логикалық ойлау жүйелерін шыңдай түседі,
сабаққа деген ынтасын арттырады . Ал, 4 сынып оқушылары үшін бұл есеп
күрделендіріп алынады . «Өзім де құр қалдым» ойыны сабақ ортасында баланың
сабаққа ынтасын артыру, әрі тез ойлап табу қабілетін жетілдіру үшін, әрі
сабақтың сапасын көтеру үшін қолданылады . Жексенбі күні еді . Атасының
үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды.
Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір-бірден берсе,
біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе жетпейді. Сонда атасының үйіне
келген немересі нешеу, атасының табаққа салып әкелген алмасы неше болғаны ?
Оқушылар есепті шешуге қызу кіріседі. Көп кешікпей
жауабы да табылады .
3 бала, 4алма . — Үш алманы үш немересі алады да, біреуін атасына береді, —
деді Қанат деген оқушы . Есепте санның өзгеріп өсуі мүмкін, дегенмен
оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіре түсу мүмкіндігі сөзсіз екені
байқалады .
«Сөз мәнісін байқайық» деген ойын ессепті алсақ, мысалы, «бір үйде
әкесі баласымен және атасы немересімен отыр . Осы үйде неше адам отыр?»
Үш адам отыр, деп жауап береді орташа оқитын Мұрат. Барлық оқушылар да
белсенді қол көтереді. Ойынды сабақтың аяғында пайдаланған орынды. Ойынды
математика сабағында қолдану мүмкіншілігі өте мол .
Оны қолдану ретіне қарай түрлендіріп отыруға болады .
Мысалы, «Математикалық жарыс», «Математикалық шытырман», «Математикалық
жорықтар», Математикалық пойыз » «Математикалық кедергілер»,
«Математикалық жылжымалы ойындар», » Математикалық кросс», т . б .
Математикалық жарыс — екі команданың немесе сынып оқушыларының бір
— бірімен өзара жарысы түрінде өтеді. Ол ойынға қатынасушылардан
тапқырлықты, жылдамдықты талап етеді.
» Математикалық тосқауыл » » Математикалық от » » Математикалық
турнир», » Математикалық салмақ «, т.б. ойындардың бәрі де бір-бірімен
іштей қабысып, математикалық ілімнің негіздерін оқушының санасына жеткізуде
үлкен маңыз атқарады. Солардың ішінде «Математикалық салмақ» ойының өзі
ішінара бірнеше тақырыпқа бөлінеді . Мысалы, » Әлемдегі жануарлар мен
құстар «,» Әлемдегі техника » «Арифметика есептері мен мысалдары «
Арифметика жұмбақтары «, т.б. Бұл ойындарды сабақтың барысында ретті
пайдаланудың нөтижесінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасы артып, ойлау
жүйелері дамып, қалыптасады .
Халық ойындарын 4,5,6 —сыныптардың математика сабақтарында жоғарыда
көрсетілген жолмен не қайталау кезінде қолдануға болады .
Математика сабағында ойналатын ойындардың тағы бірі «Кім жылдам?». Бұл
ойын 5 — сыныпта » Үшбұрыштарды салу «, 6 — сыныпта теңдеулер жүйесіне
есептер шығару кезінде қолданылады. 5 — сыныпта сабақтың басында, 6 —
сыныпта сабақтың соңында ойналады. Мысалы, 7 … жалғасы