коммуналдық қызметте істейтін жұмысшы 12 адамды өлтіріп тастады

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Шабуыл жасаған адам полицейлермен атыс кезінде жарақат алып, қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. АҚШ-тың Вирджиния-Бич курорттық қаласында әкімшілік ғимаратта коммуналдық қызметтің жұмысшысы атыс шығарды. Соңғы деректер бойынша, құрбандар саны 12 адамға жетті, деп хабарлайды The New York Times.

​Басылымның мәліметіне сүйенсек, шабуылдаушы полицейлермен атыс кезінде жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, атқышты аман алып қалу мүмкін болмады

«Жұрт айғайлап, қаша бастады. Мен сұмдық жол апатын көрді ме деп қалдым», — дейді қайғылы оқиға болған ғимараттың бірінші қабатында жұмыс істейтін қызметкер Занд Бахтиари.

Мәйіттер барлық үш қабатта жатты, деп хабарлады қаланың полиция бастығы Джим Сервера. Қаза болғандардың бірі сырттағы көліктен табылыпты.

«Зардап шегушілердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Тағы төрт адам ауруханада. Қолда бар мәлімет бойынша, кейбіреулер ауруханаға өздері бара алады», — деді полиция бастығы.

Оның айтуынша, 45-ші калибрлі тапанша табылыпты. Әзірге ер адамның неге мұндай қылмысқа барғаны белгісіз.



sputniknews.kz