Ауа райы болжамы: 1 маусым Нұр-Сұлтан, Астана
Синоптиктер ертең астанада найзағай ойнап, бұршақ жауатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр — Sputnik. Сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды қаланың төтенше жағдайлар департаменті.
«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, 1 маусым күні найзағай мен бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады. Екпіні 16 м/с –ке дейін жетеді», — деп жазылған хабарламада.
Тағы оқыңыз: Балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті
Төтенше жағдайлар департаменті қатты жел, найзағай мен бұршақ кезінде абай болу керектігін ескертті:
- көшеде бағандардан, ағаштардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;
- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыз;
- жеке көлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;
- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;
- терезеден алшақ болып, электр құралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақтан соң найзағай болуы мүмкін.
sputniknews.kz