Алматы облысында қарақшы 20 мың теңгеге бола баланы пышақтап кетті
Қысқа сілтеме алу
Тонаушы 10 жасар баланы пышақтап, қашып кеткен
ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 мамыр — Sputnik. Алматы облысының полициясы балаға қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 21 жастағы жігітті іздеп жатыр, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
29 мамырда Үшарал аудандық ауруханасына пышақ жарақатын алған 10 жасар бала түсті. Абырой болғанда, жарақаты өміріне қауіп төндірмеген, ол өзіне шабуыл жасаған адамның түр-сипатын полицейлерге айтып берді.
Тағы оқыңыз: Алматылық әйел 6 жыл қызмет еткен үй иесіне тонаушыларды айдап салды
Күдікті баланың ата-анасы жоқтығын пайдаланып, үйге алдап кірген. Жасөспірімді бірнеше рет пышақпен жарақаттап, 20 мың теңгені тонап кеткен. Жедел қызметкерлер зардап шеккен жасөспірімнің сипаттауы бойынша бірнеше сағат ішінде күдіктінің кім екенін тапты.
«Қазір оны ұстауға өңірдің бүкіл полицейлері жұмылдырылған. Суреті мен сыртқы белгілері елдің бүкіл полиция бөлімшесіне жіберілді», — деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
©
Foto : департамент полиции Алматинской области
Балаға шабуыл жасады деген күдікті
«Күдіктінің қайда жүргенін туралы қандай да бір ақпарат білетін жан болса, келесі нөмірлерге хабар беруін сұраймыз: 8 (7282) 608035, 608074, 603057, 8 – 7756963717 немесе 102», — деді полиция.
sputniknews.kz