Реферат: Физика | Жер тобының планеталары

0

Реферат: Физика | Жер тобының планеталары казакша Реферат: Физика | Жер тобының планеталары на казахском языке

Жер тобындағы планеталары-Меркурий, Шолпан,Жер және Марстың алып планеталардан айырмашылығы-олардың өлшемі кіші, массасы азырақ, тығыздығы үлкендірек, осінен айналысы баяулау, атмосферасы едәуір сиректеу, серіктері аз не мүлде жоқ.
Қазіргі кезде осы топқа жататын планеталарды (және Айды да)
зерттеу жан-жақты жүргізіледі, оған тек астрономдар ғана емес, басқа саланың мамандары да:геологтар,геофизиктер,топографтар, радиоинженерлер және т.б. назар аударуда, олар планеталарды зерттеуде жер жағдайында жақсы сыннан, өткен және планеталардың бетінің құрылысы мен атмосферасы жайлы сенімді мәліметтер бере алатын методтарды қолданады.
1.Меркурий. Бұл-Күнге ең жақын планета, ол Айдан сәл үлкен, бірақ орташа тығыздығы Жердікіндей дерлік.Радиолокациялық бақылаулардан Меркурийдің өте ақырын айналатыны білінді.Оның жұлдыздық тәулігі,яғни жұлдыздарға қатысты осінен айналу периоды,біздің 58,65 тәулігімізге тең.Осы планетадағы күн тәулігінің ұзақтығы, яғни қатар екі талтүс аралығы 176 Жер тәулігіндей.Олар Меркурийдің Күнді бір айналып шығу мерзімі 88Жер тәулігіндей.
Меркурийде атмосфера жоқ деуге болады.Сондықтан оның күндізгі жарты шары қатты қызады.Меркурийдің күнгей нүктесінде өлшенген температура 400 С-тан артық болды.Мұндай температура қорғасын, қалайы тіпті мырыш та балқиды.
Меркурийдің беті кратерлермен соншама шимайланғандықтан, фотосуреттерде оны Ай бетінен айыру қиын. Олар беттік қабатының жарықты шағылту және жылу өткізгіштік қабілетімен де ұқсас болады.Көзге ілінерліктей айырмашылығы “теңіздеріне’’ ұқсас ойпаңдардың аздығы.Олардың ішіндегі ең үлкені-Аптап теңізінің диаметрі 1300 км шамалас.
2.Шолпан. Бұл планета көлемі мен массасы жағынан Жерден сәл ғана кіші.Тіпті Ломоносов және оның замандастары Шолпанда атмосфера бар екенін аңғарған.Жердікінен оның атмосферасы тығызырақ деп Ломоносов дұрыс ұйғарған.Шолпан ақшыл бұлттар қабатымен тұтаса жабылған,олар тек радиотолқындар үшін ғана мөлдір болады.Радиолокациялық бақылаулар Шолпан өз осінен айналғанда барлық планеталар өз осінен айналатын жаққа қарсы айналатынын ашты.Шолпанда күн тәулігі 117 жер тәулігіне тең.
Шолпан осінің оның орбита жазықтығына көлбеулігі тік бұрышқа жуық, сондықтан оның оңтүстік және солтүстік жарты шарларын Күн бірдей жарықтандырады.
1961 жылдан бастап Шолпанға советтік автоматтық станциялар жіберіле бастады.Кейбір станциялардың Шолпанға паравшютпен түсірілетін аппаратары болады;олардың автоматтық приборлары Шолпанның әр түрлі биіктегі және бетіндегі атмосфераның сипаттамаларын өлшеп, осы мәліметтерді радио арқылы Жерге жіберіп отырды.Бұл приборлар Шолпанның магнит өрісін таппады.Олар оның бетінде температура 470-480С және қысымның Жер атмосферасындағы қысымынан шамамен 100 есе артық (10 па) болатындағын тіркеп отырды.Масса жағынан Шолпан атмосферасының 97проценті көмір қышқыл газынан тұратындығы белгілі болды.Азот пен инертті газдар бірнеше процент қана, оттегі-0,1 процент маңында, ал су буы одан да аз.
Шолпан атмосферасында найзағайлар тіркелген.
Шолпан атмосферасының төменгі қабаттарындағы және оның бетіндегі тым жоғары температура көбінесе «парниктік эффект» дегеннің есебінен болады.Күннің жарық сәулелері төменгі қабаттарда жұтылады да, инфрақызыл сәулелер түрінде қайта шығарылып, оның қабат-қабат бұлттарында тұтылады.Бетінен биіктеген сайын температура төмендеп,Шолпан стратосферасында үскірік аяз соғып тұрады.Көрінетін сәулелермен бақылағанда Шолпан бұлттары мейлінше біртекті және аппақ, бірақ ультракүлгін сәуледе атмосфераның жоғарғы қабаттарында газ қозғалыс бар екендігін білдіретін ішкі тұрпаты анық көрінеді.Атмосфераның төменгі қабаттарында жел жылдамдығы секундына бірнеше метр ғана болса,50км шамасындағы биіктікте 60м /с-қа жетеді.Шолпаның бұлты арқылы планета көрінбейді.Жер бетінен және планетааралық автоматты станциялардың бортынан жүргізілген радиолокациялық зерттеулер Шолпан бетінің рельефінің картасын жасауға мүмкіндік берді.Оларда тау жоталары және кратерлер табылды.
Шолпанның беттік қабатындағы жыныстардағы радиоактивтік калийдің, уранның, торийдің болуынан жүргізілген талдаулар олардың жердегі базальттік жыныстармен ұқсастығын көрсетті.
Планета бетіне түсірілген советтік автоматты станциялардың телевизиялық камералары өздерін қоршаған тіршілігі жоқ тастақ жердің панорамасын әлемде тұңғыш рет Жерге жеткізді.
1975 жылы ақ-қара кескін,ал 1982 жылы түрлі-түсті кескін.Шолпанның атмосферасы планетаға советтік автоматты станциялары жеткізген ауа шарларына орнатылған ғылыми аспаптардың көмегімен зерттелді, бұл станциялардың мысалы Шолпанды және Галлей кометасын жақын маңнан зерттеу үшін 1986 жылы ұшырылған станциялары ( оның атының өзі осы екі сөзден құрастырылып отыр:Ве( нера) және Га(ллей).Мына сұраққа бәлкім бұдан арғы зерттеулер жауап берер:массасы және мөлшері бойынша соншалықты Жерге ұқсас планета өзінің эволюциясы кезінде неліктен көптеген сипаттамалары бойынша біздің планетадан алшақ кетті.
Көршілес екі планетаның табиғатында біршама күшті ерекшеліктер болғанымен де, Шолпандағы атмосфералық процестерді зерттеу жер метеорологиясы мәселелерін шешуде пайдалы болатын нәтижелерді алуға мүмкіндік берді.
3.Марс.Марс диаметрі бойынша Жерден екі есе кіші.Оның орбитасының эксцентриситеті едәуір, сондықтан Марстың қарсы тұруы перигеий тұсына кезіксе, жарықтығы жағынан Шолпаннан ғана пәстеу болып, аспанда жарқырап тұрады. Осындай кезі ұлы қарсы тұрыс деп аталады да, 15 не 17 жыл сайын қайталап отырады.
Марстың жылы Жердікінен екі еседей дерлік ұзағырақ, онда жыл мезгілдерінің алмасуы да болып тұрады,өйткені тәуліктік айналу осінің көлбеулігі дәл жердікіндей дерлік.
Марстың магнит өрісі жердікінен көп әлсіз. ….


Полную версию материала можете скачать через !!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!