Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға салынғандарға көмек бермек

0

Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға салынғандарға көмек бермек

Осыдан бірер ай бұрын Бағлан Әбдірайымов ашық сұхбат беріп, құмар ойынға салынып, 200 млн доллар қарызға кіріп кеткенін мойындаған еді. Содан бері әнші өзі сияқты адасып қалғандарға ақылын беріп, түзу жолға түсулеріне себеп болған. Енді әнші бұл іске бел шешіп кірісіп, жаза басқан жігіттерге көмектеспек.

«Ана жолы құмар ойыны жайлы ағымнан жарылып сұхбат берген едім, естеріңізде болар… «Мойындау — ерлік» — деп айта жүріп, өз басыма келгенде мәтелдің тақырыбы ашылғандай болды. Шүкір, содан бері өзімді өте жеңіл, жүзім ашық сезінемін. Иә, иә, қарыз болғаным да жасырын емес. Көбі кетіп, азы қалды ғой. Бұл мәселеде құрдымға кеткен мен ғана емес, қарызға берушілер де зардап шекті ғой. Әрине, өкінішті… Дегенмен, еркектің басына не келіп, не кетпейді демекші, өзімнің қолыммен жасағанды мойныммен көтеріп, бәрін өзгерту мақсатында әрекеттенудемін. Кейде келіскен уәдемнен айнып та жүрмін. Жарайды, ол маңызды емес деп шештім. Маңыздысы, қоғамға қайта қосылуым. Дені сау адамға дүние не тәйірі. Санақ бойынша еліміз де әрбір үшінші отбасы «құмардың құрбаны» болып, зардап тартады екен. Бәріміз жабылсақ та, өртеп жіберсек те қолдан келетін іс емес, мойындау керек. Ол әлемдік деңгейде дамыған және «құрбандардың» көбеюі, кейбір жандардың қалтасының кеңеюіне себеп болуда. Халал мен xарамды ажырата алмай адасқандар қатарындағы ел болғандықтан, біз бұған тоқтау айта алмаймыз. Енді, қайтпекпіз? Қалай арыламыз? Сұрақ көп. Дәл осы тақырыпта психологиялық кітаптар оқып, ойымды қорытып жүрмін. Сұхбатты көріп, хабарласқан екі-үш жігіттің ойын өзгертіп, қасыма ертіп, жол көрсетіп жүрген жайым бар. Нәтиже күн сайын артуда. Айтпағым: алдағы уақытта дәл осы тақырыпты көпшілік алдында қозғап, санасы уланған жастарды, шаршаған ата-аналарды, жанашыр бауырларды жинап, арнайы семинар әлде рухани кеш жасасам деген ойға келдім. Амалдан ниет жоғары болса, өте қатты ниеттімін. Пайдасының да орасан зор екеніне сенімдімін. Өйткені, мен жай кітаптан оқыған теориямды емес, өмірде көргенімді қозғаймын. Менің сіздерге пайдам осы болмақ. Оқиғаның өмірден алынып, шынайылылығы өзгеге де тез түсінікті болады. Алла жәрдемші болса, ойды өзгертуге ықпалым тиері сөзсіз. Қалай ойлайсыздар? Онлайн немесе офлайн өткізген дұрыс? Әлде жазып, түсіріп жіберейін бе?»-деп жазған әнші желідегі парақшасына.
 
Мұны көрген желі қолданушылары қолдау көрсетіп, бұл істің дұрыс болғанын айтуда.
 

???? Қарап отырып тақырыбы шықты. Ана жолы құмар ойыны жайлы ағымнан жарылып сұхбат берген едім, естеріңізде болар… «Мойындау — ерлік» — деп айта жүріп, өз басыма келгенде мәтелдің тақырыбы ашылғандай болды. Шүкір, содан бері өзімді өте жеңіл, жүзім ашық сезінемін. Иә, иә, қарыз болғаным да жасырын емес. Көбі кетіп, азы қалды ғой. Бұл мәселеде құрдымға кеткен мен ғана емес, қарызға берушілер де зардап шекті ғой. Әрине, өкінішті… Дегенмен, еркектің басына не келіп, не кетпейді демекші, өзімнің қолыммен жасағанды мойныммен көтеріп, бәрін өзгерту мақсатында әрекеттенудемін. Кейде келіскен уәдемнен айнып та жүрмін. Жарайды, ол маңызды емес деп шештім. Маңыздысы, қоғамға қайта қосылуым. Дені сау адамға дүние не тәйірі. Санақ бойынша еліміз де әрбір үшінші отбасы «құмардың құрбаны» болып, зардап тартады екен. Бәріміз жабылсақ та, өртеп жіберсек те қолдан келетін іс емес, мойындау керек. Ол әлемдік деңгейде дамыған және «құрбандардың» көбеюі, кейбір жандардың қалтасының кеңеюіне себеп болуда. Халал мен xарамды ажырата алмай адасқандар қатарындағы ел болғандықтан, біз бұған тоқтау айта алмаймыз. Енді, қайтпекпіз? Қалай арыламыз? Сұрақ көп. Дәл осы тақырыпта психологиялық кітаптар оқып, ойымды қорытып жүрмін. Сұхбатты көріп, хабарласқан екі-үш жігіттің ойын өзгертіп, қасыма ертіп, жол көрсетіп жүрген жайым бар. Нәтиже күн сайын артуда. Айтпағым: алдағы уақытта дәл осы тақырыпты көпшілік алдында қозғап, санасы уланған жастарды, шаршаған ата-аналарды, жанашыр бауырларды жинап, арнайы семинар әлде рухани кеш жасасам деген ойға келдім. Амалдан ниет жоғары болса, өте қатты ниеттімін. Пайдасының да орасан зор екеніне сенімдімін. Өйткені, мен жай кітаптан оқыған теориямды емес, өмірде көргенімді қозғаймын. Менің сіздерге пайдам осы болмақ. Оқиғаның өмірден алынып, шынайылылығы өзгеге де тез түсінікті болады. Алла жәрдемші болса, ойды өзгертуге ықпалым тиері сөзсіз. Қалай ойлайсыздар? Онлайн немесе офлайн өткізген дұрыс? Әлде ???? ✍️жазып, ???? түсіріп жіберейі бе?

Публикация от Бaғлан Абдраймов ???????? (@baglan_abdraimov_off)

Дереккөз: Reactor



reactor.inform.kz