Реферат: Қытай
Халқы: саны, өсу қарқыны этникалық құрамы, орналасуы. Міне, екі мың жыл бойы Қытай жер шарындағы ең халқы көп ел атанып келеді. «Жэнь шань, жэнь хай» дейтін қытай нақылы тегін айтылмаған. Бұл «Тау да адам, теңіз де адам» дегенді білдіреді.
1949 жылы ҚХР болып өзгергеннен бері Қытай халқының саны екі есе өсті, 1990 жылғы бүкіл қытайлық халық санағы бойынша саны 1 млрд 134 млн адамды құрады. Сендер Қытайда демографиялық саясат белсенді түрде жүргізілетінін білесіңдер. Осындай қатаң шаралар жүргізілгеніне қарамастан, оның халқы 2000 ж. 1,3 млрд-қа жақындады. Бұл қытайдың қоғамдық өмірінің барлық жағына зиянын тигізіп отыр. Қытайда 600 млн-нан астам адам еңбекке жарамды, оның 2/5 бөлігін жастар құрайды.
Этникалық құрамы жағынан Қытай халқының көпшілігін қытайлықтар (атаудың өзі — «хань» немесе «ханцы») құрайды. Олар елдің бүкіл шығыс бөлігіне қоныстанған. Қытай тілінде жеті негізгі диалект бар, Пекин, кантон және басқа диалектілердің арасында үлкен алшақтық бар, мәселен, солтүстік пен оңтүстік провинциялары бір-бірімен сөйлескенде, олар зорға түсініседі. Өзара түсінісу үшін әр түрлі диалектіде сөйлейтін қытайлықтарға қолайлы болып табылатын бірыңғай иероглифтік жазуды пайдаланады. Бұдан басқа, халықтық үкімет жылдарында пекин диалектісі негізге алынған «путунхуа» («жалпыға түсінікті тіл») деп аталған бірыңғай ұлттық тілдің жобасы жасалған болатын. Бірақ елдегі сауатсыздар саны әлі де 250 млн-нан асады.
Аз ұлттарлық үлесі бүкіл Қытай халқымен салыстырғанда тым аз (6%) болғанымен, оны бәрібір көп ұлтты елдердің қатарына жатқызады. Оның бірінші себебі — Қытай емес халықтар мен этникалық топтардың жалпы саны 60-қа жақындайды және олар үш түрлі тілдік топқа топтасады. Екінші себебі — олардың жалпы саны 80 млн-нан асады. Үшінші себебі — олар елдің бүкіл жер аумағының жартысынан астамына қоныстанған.
Аймақтың басқа елдеріндегі сияқты Қытай халқының орналасуы да біркелкі емес: тұрғындардың 90% дерлігі елдегі жердің 1/3 бөлігіне шоғырланған. Урбанизация деңгейі бойынша Қытай осы жақын уақытқа дейін бұл процесс нашар жүрген елдердің қатарына қосылды. Бірақ «қаланың күрт жандануы» оны орнынан қозғап жіберді. Бүгінде үлкен қалалар (500), «миллионер»-қалалар (50), тұрғындары шектен тыс көп (370 млн) қалалар деген сияқты қалаға қоныстанғандардың жалпы саны бойынша Қытай дүние жүзінде бірінші орын алады. Алайда, ол ауыл саны бойынша да дүниежүзілік біріншілікке ие болып отыр: мұнда шамамен 700 мын ауыл бар.
Қытай — көне мәдениеттің елі. Атақты ғажайып бақ ансамбльдері, будда храмдары, ұзындығы 4 мың км-дей болатын Ұлы Қытай қорғаны тәрізді си-рек кездесетін құрылыстар Қытай халқының материалдық мәдениетінің ескерткіштері болып табылады. Бүгінге дейін сақталған рухани мәдениетін дәстүрлі ошақтары — өзіндік өзгешеліктері бар Қытай театрлары, бейнелеу өнері, музыка, аспаздық, у-шу гимнастикасы, ай календары, Қытай мектебінде оқушылардың білімі көбінесе 100 баллдық өлшеммен бағаланады. Қытайдың философия, астрономия, география, медицина ғылымдары өте ерте замандардан бері өмір сүріп келеді.
Шаруашылығы: жетістіктері мен проблемалары. Қазіргі Қытай дүниежүзілік шаруашылықта аса маңызды орынға ие болып отырған өте қуатты индустриалық-аграрлық, ел. Өздерін білетіндей, Қытай көмір және темір кендерін өндіру, болат қорыту, мақта-мата тоқу, теледидар, радиоқабылдағыш шығару салалары бойынша дүние жүзінде бірінші орын, электр қуатын, химиялық тыңайтқыштар, синтетикалық материалдар және т.б. өндіруден екінші орын алады. Электроникалық әуе-ғарыштық және басқа ғылым тікелей қатысатын өндіріс салалары едәуір өсті. Алайда көптеген кәсіпорыңдардың құрал-жабдықтары қатты көнерді, ауылдардың жартысына жуығы электрленбеген, ауыл шаруашылығында әлі де қол еңбегі басым.
Қытайдың бет-бейнесін көбінесе едәуір мөлшерде отаңдық ресурстарына сүйенген ауыр өнеркәсібі айқындап береді.
Қытайдың жылу-энергетикалық кешенінің негізін көмір өнеркәсібі қамтамасыз етеді. Көмір өндіру көптеген алыптарға шашырап орналасқан; олардың аса ірілері (мысалы, Датун) елдің солтүстік бөлігінде. Мұнай өңдеу де бытыраңқы жағдайда, бірақ басты орынға (Дапин) өнімнің 1/3 бөлігі тиесілі. Электр қуатын өндірудің 4/5-і ЖЭС-ке (жылу электр станциясы) арқа сүйейді, бұл да жер аумақтары бойынша шашырап орналасқан. Қытайда іске асырылып жатқан ірі бағдарламалардың бірі — су электр қуатын дамыту; СЭС-тің басты сарқырамалары Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің жоғарғы ағысында салынып жатыр. Алғашқы АЭС салынды. Дәстүрде жоқ қуат түрлері — геотермальды және ағынды қуаттар пайдаланыла бастады.
Металлургиялық кешеннін негізін сендер көз алдарыңа келтіре алатын көмір өндіру орындары мен темір кеніне немесе солардың тасымалына арқа сүйейтін толық циклдегі ірі комбинаттар құрайды.
Мысал. Қытайдың солтүстік-шығысындағы аса ірі Аньшан металлургия комбинаты жергілікті кокстенген көмір мен темір кенін пайдаланады. Мұнда жылына 7—8 млн т болат қорытылады, ал жұмысқа 150 мындай адам тартылады.
Машина жасау кешенінде арнайы маманданбаған, тек жан-жақты жетілген кәсіпорындар басым болып келеді. Олар, ең алдымен ірі қалаларға, теңіз айлақтарына, металлургиялық базаларға тартылады. Бірақ машина жасау біртіндеп шағын қалаларға да жете бастаған. Бұған тұрмыстық электр-техникасы мен электрониканың дамуы мүмкіндік беріп отыр. Мысал. Таяу уақытқа дейін Қытайда теледидар, кір жуатын машина қала тұрмысының өзінде сирек қолданылған, ал 80-жылдардың аяғында бұларды жасаудан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Химиялық кешен кокс-химия мен мұнай-химия, таукен-химия және өсімдік шикізаттарына сүйенеді. Өндіріс екі топқа бөлінеді: 1) минералды тыңайтқыштар (бірінен бұрын азотты тыңайтқыш), 2) тұрмыстық химия және фармацетика. Бұл кешенді тиімді орналастыру үшін ірі комбинаттардың жұмысын көптеген ұсақ және орташа кәсіпорындардың жұмысымен үйлестіру қажет.
Тоқыма өнеркәсібі — Қытайдың жеңіл өнеркәсібінің басты саласы. Ол негізінен ішкі рынок үшін жұмыс істейді; тұрғындардың басым көпшілігі киетін мақта-мата киімдерін тігеді. Бұдан Қытай дүние жүзінде бірінші орын алады. Дәстүрлі салалардың қатарына сондай-ақ жібек өнеркәсібі кіреді.
Қытай экономикасыңда ауыл шаруашылығы әлі де үлкен рөл атқарып келеді, онда 450 млн адам жұмыс істейді.
80-жылдары «халық коммунасы» дейтіннен отбасылық мердігерлікке өту іске асқаннан кейін бұл саланың кірісі молая түсті; барлық негізгі дақылдарды өсіріп-жинау айтарлықтай өсті. 90-жылдардың екінші жар-тысында дәнді дақылдарды өсіріп-жинау рекордтық жоғары дәрежеге 450 млн т-ға жетті.
Басты егіншілік аудандары елдің шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл-бидай, гаолян, жүгері өсіретін «сары Қытай» мен күріш өсіруге маманданған «жасыл Қытай» және мұнда шай плантациялары да бар. Янцзы алабында, Сицзян атырауында өсірілетін күріш — халықтың негізгі наны. Мұнда күріштің тағамдық сапасы жағынан өзгешеленетін мыңдаған сорты белгілі. Күріш сабаны мал мен құсқа жем ретінде жұмсалады, қағаз, қалпақ, сөмке, жіп жасауға пайдаланылады. Су толтырылған күріш егістігінде балық өсіреді. Шай теңіз жағалауындағы қыратты аудандарда өсіріледі және ол — бұл елдің дәстүрлі дақылы. Қытай — шайдың отаны және ол XIX ғасырдың аяғына дейін дүние жүзіне бірден-бір шай жеткізуші ел болды. Қазір ол экспортқа көк шай шығарудың моно-полисі болып табылады. Қытай шаруалары шайдың әлденеше ондаған сортын шығарды.
Солтүстік-батыста, яғни «құрғақ Қытайда» негізінен қытай емес халық-тар (монғолдар, тибеттер, ұйғырлар, қазақтар және басқалар) тұрады. Олар баяғы мешеу қалыптағы мал шаруашылығының түрімен айналысып, көшпелі немесе жартылай көшпелі сипатта өмір сүреді, кейбір аздаған отбасылар ғана малмен қоса отырықшы егіншілікпен шұғылданады. Ал, оңтүстік-батыста, яғни «суық Қытайда» (Тибет) ауыл шаруашылығы өте нашар дамыған.
Қытайдың ауылдық жерлеріне тән ерекшелігі — кооперативтік «ауылдық өндіріс жақсы дамыған, онда 110 млн адам жұмыс істейді жане бұл бос жұмыс қолын қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ су пайдалану кенінен да-мыған. Қытай балық, теңіз молюскалары мен теніз балдырларын өсіруден дүние жүзінде бірінші орын алады. Жалпы, қытайлықтардың өмірі көне за-мандардан-ақ теңізбен байланысты. Бұл елде «теңіз еңбеккерлері» — әлдене-ше миллион.
Қытай сияқты аумағы үлкен, халқы соншама мол алып елде к ө л і к т і ң рөлі тіпті жоғары болмақ. Бұл елде құрлықтағы және теңіздегі барлық көлік түрлері, сондай-ақ әуе көлігі жақсы дамыған. Алайда, темір жолдарда пойызды әлі күнге дейін паровоз сүйреп жүреді, автомобильмен қамтамасыз ету деңгейі төмен және қытайлықтардың басым бөлігі велосипедті пайдаланады. Көлікпен қамтамасыз ету деңгейі елдің орталығы мен ба-тысына қарағанда шығыс провинцияларында едәуір жоғары. Сондықтан қазіргі жағдайға лайықты көлік инфра-құрылымдарын жасау — Қытай үшін аса маңызды міндет.
Реформа кезеңінде Қытайдың сыртқы экономикалық байланыстарының мәні, экономикасының ашықтық сипаты едәуір өсті. Қытай экспортқа негізінен дайын киім, тоқыма өнеркәсібі өнімдерін, тұрмыстық электроника, басқа да кеңінен тұтынылатын тауарлар, сондай-ақ отын мен шикізат шығарады. Ал, сырттан импортқа дайын бұйымдар, әсіресе машиналар мен құрал-саймандар алады. Қытайдың басты сауда серіктері — Жапония мен АҚШ, ал жақын уақытқа дейін Сянган да серік болып келді. Бұл елдерден Қытайға тікелей инвестиция жіберіледі; мұнда шетелдік капитал қатысқан біріккен кәсіпорындардың саны он мыңнан саналады.
Ішкі айырмашылықтар мен қалалар. 80-жыддары аумақты жоспарлау-ды іске асыру мақсатымен Қытайда үш экономикалық аймақ құрылды: Шығыс, Орталық және Батыс.
Ш ы ғ ы с (т е ң і з ж а ғ а л а у ы) аймағы — экономикалық жағынан барынша өскен аймақ. Кәсіпорын орталықтары мен тораптарының көпшілігі, көптеген ауылшаруашылық аудандары, көлік-жол магистральдары, барлық теңіз айлақтары осы аймақта орналасқан. Ірі қалалар да осында.
Қытайдағы қалалардың ең үлкені — Ш а н х а й. Ол теңізден 50 км қашықта — Хуанпу өзенінің Янцзыға келіп қосылар жағасында орналасқан (аудармасы — «теңіз қаласы»). Бұл — дүние жүзіндегі аса ірі айлақтардың бірі және елдің әлденеше мыңдаған кәсіпорындарымен байланыс орнатқан аса маңызды өнеркәсіп орталығы. Соңғы кезде мұнда Қытайдағы ең жаңа металлургия комбинаты, алғашқы АЭС салынды, еркін экономикалық база құрылды. Бұрын Шанхай елдегі ең жайсыз салынған, халық тым көп орналасқан қалалардың бірі болатын. Қазіргі кезде халықтың көптеп орналасуы сақталып отыр, бірақ қала қайта жасақталуда; Шанхайдың айналасында серіктес қалалар бой түзеуде.
Халқының саны жағынан Қытайдағы екінші қала — П е к и н. Ол теңізден 170 км қашықтықтағы Ұлы Қытай ойпатында орналасқан, елдегі халық өте тығыз орналасқан аудандардың бірі. Ол әр түрлі атаумен аталып, ертеде және орта ғасырларда бірнеше рет Қытай мемлекетінің астанасы болды, ал XV ғасырдан бері қазіргі атын сақтап келеді (дұрысы: Бейцзин, яғни «Солтүстік астана»). Қаланың орталық тарихи бөлігі дәстүрлі түзу сызықты жоспарлануын сақтаған. Мұнда тарихи және көңіл ауданарлық мәдени орын-дар өте көп.
1984 жылы Қытай үкіметі сыртпен экономикалық байланыс жасау құқына ие болған 14 теңіз жағалауы қаласына сыртқы дүниемен қатынас жасауға рұқсат берген шешім қабылдады. Олардың ең ірісі — Шеньчжень. Ол Сянганмен көршілес орналасқан.
Қытайдың О р т а л ы қ аймағында жылу мен қуат, химиялық өнімдер, шикізаттар мен полуфабрикаттар және азық-түлік өндіріледі. Ал. Батыс аймағында мал шаруашылығына, минералдық шикізаттар өңдеуге баса мән беріледі…..
Полную версию материала можете скачать через !!!!