Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған
Ал, 63 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізіп, 186 жүргізуші бағдаршамға қарамай өтіп кеткен. Нәтижесінде, «Қауіпсіз жол» шарасы барысында 123 көлік айыппұл тұрағына жеткізіліп, жаяу жүргіншіге қатысты 521 факті тіркелген.
Екінші рет 29 қазан мен 2 қараша аралығында «Назар аудар, жаяу жүргінші!» жедел алдын алу шарасы өткізіліпті. Нәтижесінде, жол қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлердің көмегімен 325 құқықбұзушылық анықталған.
Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 600-бабы бойынша 35 адам жауапқа тартылған, 9 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізсе, 65 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.
Үшіншісі, 18-20 қазан аралығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізіліп,нәтижесінде 56 әкімшілік хаттама толтырылған. Жол-көлік оқиғасына қатысты 129 сот ісі қаралыпты.
Полицей қызметі сонымен бірге, облыс орталығы көшелеріне тағы да қосымша 14 бағдаршам орнату керек деп отыр.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР