ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитінде Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді
Қысқа сілтеме алу
Нұрсұлтан Назарбаев құрметті мәртебені еуразиялық интеграция туралы идеяның авторы ретінде алды
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді — ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл атаққа Елбасы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ие болды.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО-ның 5 жылдық мерейтойына орайластырылған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр.
Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысуда.
Сондай-ақ, отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің басшылары — Молдова президенті Игорь Додон мен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон және құрметті қонақ ретінде ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев келді.
©
Sputnik / Владислав Воднев
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік тулары
Еске сала кетсек, ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.
sputniknews.kz