Тоқаев қаржы заңын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды
Қысқа сілтеме алу
Есеп комитетінің басшысы президентке мемлекеттік аудит жүйесінің ахуалы жөнінде есеп берді
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабылдады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына Есеп комитетінің жұмыстары, мемлекеттік аудит жүйесінің ахуалы, сондай-ақ, қазіргі тексерістердің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.
Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы Қазақстанда жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді
Қазақстан президенті мемлекеттік мекемелерге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуде тиімді тәсіл қажет екенін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет заңнамасын және экономикалық жоспарлауды жетілдіруге, сондай-ақ, қаржы заңын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
sputniknews.kz