Жүрек қан тамыры ауруларынан арылудың 3 тәсілі
Бұл ауруды үй жағдайында емдеу және алдын алудың 3 тәсілін назарларыңызға ұсынамыз.
1. Алмұрттың жемісін кептіріп ұнтақтап, соның 300 грамын жарты килограмм балға араластырады. Осы қосындының бір шай қасығын күніне үш рет жеп жүрсе, жүрек ауруларының барлық түріне, сондай-ақ бауыр, көкбауыр ауруларына бірден-бір ем.
2. Анардың шырынын күнделікті ішіп жүрсе, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартып, асқазанның түрлі гастритіне ем. Көздің қуатын молайтып, адамның тәбетін ашады.
3. Кепкен алманы қантсыз қайнатып, үнемі сусын орнына ішіп жүрсе, қан тамырларының қабырғасына қатқан қақты ерітіп, қан жүрісін қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ көздің болатын молайтып, тістің босағанын бекітеді. Қызылөңештің, асқазанның, ішектің ішкі кілегей қабатын жетілдіреді. Адам бойын сергітіп қуат береді. Бауырдың, қуықтың, көкбауырдың жұмысын жақсартады.
Осы кеңестерді күнделікті қолдану арқылы сіз өзіңізді инфаркт пен инсульттан сақтандыра аласыз.