Курстық жұмыс: География | Табиғат қорлары
Мазмұны
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Табиғат қорғаудың негіздері
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағы
2.2. Табиғи саябақтар
2.3. Табиғат ескерткіштері
2.4. Зоологиялық саябақтар
2.5. Ботаникалық бақтар
2.6. Қорықтар
3. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Табиғат қорларының адам үшін маңызы
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағы.
Табиғат корғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз калпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Соңғы жылдары елімізде табиғат корғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау туралы», ал 1997 жылы 6 тамызда «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы» заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалык мәні бар табиғат ескерткіштері, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бактар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени жөне тарихи құнды табиғи нысандар жатады.
2.2. Табиғи саябақтар
Көрікті ландшафтыларды, табиғи кешендерді корғаудың бүл формасы біздің елімізде соңғы жылдары қолға алынып отыр. Мемлекеттік ұлттык табиғи саябактардың қорықтардан біраз айырмашылығы бар. Мүнда табиғатты қорғау мен оның аясында ұйымдаскан түрде тынығу ісі бірдей жүргізіледі. Табиғи саябақ аумағында адам аяғы баспайтын қорықтар аймағы мен тынығу аймағы болады. Онда арнайы маршруттар белгіленіп, турист соқпактары, аялдамалар мен тынығу пункттері орналасады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 7 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ бар. Олар: Баянауыл, Алтынемел, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонкарағай, Шарын. Солардың кейбіреуіне сипаттама берейік.
Алтынемел үлттық табиғи-тарихи саябағы. Ұлттық табиғи-тарихи саябақтар — табиғат корғауда едәуір орны бар, республика-лык санатқа ие, экологиялық, рекреациялық (тынығу), ғылыми жағынан ерекше күнды табиғи-тарихи объектілерді көп салалы пайдалануға жөне қорғауға арналған аймак. Алтынемел саябағы — 1996 жылы 10 сөуірде Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандарының аумағында ұйымдастырылған. Ұлттық саябақ Іле өзенінің терістігінде орналасқан. Жер көлемі — 520 мың га. Саябақ аумағына Жетісу Алатауының сілемдері — Шолақ, Деге-рес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалкан, Кіші Қалқан, Қатутау, Ақтау жоталары, әйгілі Әншіқұм кіреді. Саябақта көптеген археологиялык ескерткіштер бар. Сақ дәуірінде салынған Бесшатыр корғанының маңызы зор. Әрі бұл жер — Ұлы Жібек жолы өткен тарихи аймак. Қорған ежелгі таңбалар мен суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Қазақ халкының ұлы ғалымы әрі саяхатшысы Ш.Уәлихановтың мұражайы да осында. Саябақта өсімдіктерден шырша, үйеңкі, тораңғыл, кызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. еседі. Омыртқалы жануарлардың көптеген түрлері мекендейді. Сүтқоректілерден — қүлан, қарақұйрық, арқар, таутеке, елік, ақбөкен, жабайы шошқа, касқыр, түлкі, сусар, қоян; қүстардан — бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық; балықтардан — сазан, көксерке, ақмарқа, табанбалыш, т.б. тіршілік етеді. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықша бекеті жүмыс істейді. Орталығы — Басши ауылы. Саябақтың жергілікті және шетелдік туристерге табиғат корғау жүмыстарын насихаттауда алатын орны зор.
Баянауыл мемлекеттік үлттық табиғи саябағы. Павлодар облысындағы Баянауыл таулы орман алкабын сақтап қалу, туризмді реттеу жөне жаппай тынығу жағдайын жақсарту
максатында Баянауыл мемлекеттік үлттық табиғи саябағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде үйымдастырылды (1985). Жоба бойынша табиғи саябақ аумағы 50 мың га алаңды қамтыды.
Орталық Қазақстанның бұл оазисінің Сабындыкел, Жасыбай мен Торайғыр секілді көрікті көлдерін көмкеріп жатқан жақпар тасты таулар өсімдіктер әлеміне өте бай. Мүндағы орманның дені — реликті қарағайлар. Сондай-ақ кайың, көктерек, мойыл, итмұрын да баршылық. Орман ішінде оқта-текте елік, тау беткейлерінде арқар кездесіп қалады.
Қайталанбас көркі бар Баянауыл өлкесі табиғатын тамашалаушылар легі жыл бойына өсте толастаған емес. Арнайы демалыс орындарында жылына 2 мыңға жуық адам демалып қайтады. Ал өз бетінше келіп тынығушылар саны 100 мыңнан асып жығылады. Әрине кейбір демалушылар тарапынан бүл аймақтың табиғатына нүксан да келіп жатады. Өрт шарпыған орман алқаптары, лайланып, ластанған көл жағалауы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі өкілдерінің сиреуі талайдан ой салып келеді.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы табиғатқа да, демалып тынығушыларға да қолайлы жағдай туғызатын болды.
Қарқаралы мемлекеттік үлттық табиғи саябағы. Соңғы жылдары Қарқаралы жерінде де мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Таяу жылдары ұйымдастырылған (1998) бүл табиғи саябаққа жүктелетін негізгі міндет — Орталық Қазакстанның табиғи еменін қалпына келтіру мен сақтау, экологиялық зерттеу жүмыстарын жүргізу, сонымен қатар халықтың тынығып, табиғат көркін тамашалауына мүмкіндік беру және табиғат қорғаудың маңызын көпшілікке насихаттау. Қарқаралы табиғи саябағы 350,5 мың га аймакты қамтып жатыр. Қарқаралы жөне Талды орман шаруашылықтары негізінде ұйымдастырылған бұл табиғи саябақ аумағына Қарқаралы ауданының біраз жері енеді. Қарқаралы табиғи саябағының аумағында адам аяғы сирек басатын Шаңкөз, Оңтүстік Қаркаралы және Кент қорығы аймақтары, Аркалық зоологиялық және Сарықұлжа ландшафтылы қорықшалар белігі адамдар тынығып, демалатын арнайы жерлерге айналды. Аталған жерлерде табиғатты тамашалау, оның аясында демалу шараларын дұрыс үйымдастыру көзделіп отыр.
Өлкемізде Баянауыл, Қаркаралы сияқты «жер жаннаты» аталған жерлер аз емес. Олардың табиғи көркін бүзбай сактауда табиғи саябақтардың алар орны ерекше. Қорык сияқты саябак үшін де шаруашылыққа пайдаланып жүрген құнарлы жерлерді бөлуге тура келеді. Сол себепті де табиғи саябақ үйымдастыру ісі жан-жақты кедергілерге тап болып отырады. Шаруашылық пен табиғатты қорғау мүддесін сактай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру — бүгінгі күннің талабы.
2.3. Табиғат ескерткіштері
Кең-байтақ даламызда бір кездері мекендеген, бірақ бертін келе жойылып кеткен мамонт, жүндес мүйізтұмсық, керік, тағы баска көптеген хайуанаттардың қазба қалдықтары мен сонау көне дәуір куәлары реликті өсімдіктер мен жануарлар — бұлар миллиондаған жыл бойы тіршілігін жоймай сақталып бізге жеткен табиғатымыздың тамаша ескерткіштері.
Міне, осы табиғат ескерткіштерін корғаудың эстетикалық және ғылыми маңызы орасан зор. Өйткені оларды жан-жақты зерттеу арқылы ғалымдарымызға жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемінің қалыптасу тарихынан, олардың эволюциялық даму жолынан және табиғаттың басқа да небір жұмбақ сырларын ашу үшін қажетті құнды мәліметтер алуына мүмкіндік туады.
Сондықтан табиғатымыздың мұндай баға жетпес байлығы — табиғат ескерткіштерін қорғап, оны көркейтілген күйінде келешек үрпақка табыс ету — бүгінгі үрпак үшін асыл парыз.
Табиғат ескерткіштері саналатын алып мамонтпен қатар тіршілік еткен ақбөкен, құлан, жұпартышқан, карамойнақ шағала сияқты жануарларды қорғау, олардың қорын молайту жүмыстарын жүргізу ісі бізде біршама дұрыс жолға қойылған болса, екінші жағынан, реликті өсімдіктер мен ертеде тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен жануарлардың қазба қалдықтары шоғырланған аумақтар ерекше қатаң қорғауды керек етеді.
Қазіргі кезде елімізде республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіші бар. Олардың екеуі — Шарын шаған тоғайы мен Шыңтүрген шыршалы алқабы Алматы облысының аумағында, ал ертедегі жануарлардың қазба калдықтары шоғырланған «Қазқонақ» («Гусиный перелет») атты табиғат ескерткіші Павлодар облысының аумағында орналасқан. Осы аталған табиғат ескерткіштерінің бастапкы екеуін корғап, оны күтімге алу жұмыстарын Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы басқармасы жүргізсе, ал «Қазқонақ» ескерткішін сақтап қалу жауапкершілігі Павлодар облыстың табиғат қорғау комитетіне жүктелген.
«Жетісу маржаны» аталып кеткен Шарын шаған тоғайы Алматы облысы, Үйғыр ауданы аумағындағы Сарытоғай сайы арқылы ағып өтетін Шарын өзені жағалауын бойлай орналасқан. Бұл табиғат ескерткішінің казіргі уакытта алып жатқан жалпы жер көлемі — 3150 га, оның 4855 га-сы 25 км-ге созылып жаткан орман-тоғай үлесіне тиеді. Мұнда шаған ағашымен бірге жиде, карағаш және басқа да өсімдік түрлері күтімге алынған.
Биіктігі 25—30 м-ге жетіп, 300 жылға дейін тіршілігін жоймайтын саялы шаған ағашы еліміздің оңтүстік өзендері жағалауында едәуір көп кездеседі. Шарын шаған тоғайы ғалымдардың пікірінше осыдан 5 млн жыл бүрын пайда болған көрінеді. Сондықтан реликті шаған ағашының ең көп шоғырланған осы бір көрікті жерін сақтап қалудың ғылым үшін орасан зор маңызы бар екендігі ескеріліп, 1964 жылы «Табиғат ескерткіші» болып жарияланып, қорғауға алынды.
Көптеген жылдар ішінде небір сұрапыл геологиялық кезеңді басынан өткізген бүл тоғайдың жойылып кетпеуіне осы өзен жағалауының өзіндік ауа райы бірден-бір себепші болған көрінеді.
Шындығында да, бүл жердің ауа райы тоғай өсімдіктеріне, ондағы тіршілік ететін жануарлардың өсіп-өнуіне аса қолайлы. Өйткені Шарын өзенінің 20-100 м-ге дейін жететін биік аңғары айналасындағы шөл даланың қүрғақшылығынан сол маңайды қорғап тұрады. Өзеннен алыстау жаткан жерлерде ылғал сүйгіш шаған ағашының нағыз шөл өсімдігі — сексеуілмен катар өсіп тұрғандығының куәсі боласыз. Мұның өзі шаған ағашының табиғаттың қолайсыз жағдайларынай қаншалықты тезімді екендігін байқатады.
Ескерткіш болып жарияланып, қорғауға алынғанға дейін Шарын тоғайы іргелес жатқан елді мекендерді көптеген жылдар бойы қыстық отынмен қамтамасыз етумен қатар, мал отарларының қыстағы ретінде де пайдаланылған. Сонымен катар шаған ағашының сапалы болуына байланысты ауыл шаруашылығына, авиация өнеркәсібіне қажетті бұйымдар мен баска да бағалы заттар жасау үшін шикізат ретінде көп мөлшерде пайдаланылып келген.
Тек «табиғат ескерткіші» болып жарияланғаннан кейін ғана өрттен, қисынсыз кесілуден қорғау ісі қолға алынып, қалпына келтіру шаралары жүзеге асырыла бастады. Шарын өзенінің сол жақ жағалауымен канал жүргізілгеннен бергі уақыт ішінде ағаштарды суаруға, өзеннің киыршық тасты жерлерін игеруге мүмкіндік туды.
Табиғат ескерткіштерінің бірі — Павлодар қаласының орталығындағы «Қазқонақ». Бүл табиғат ескерткіші дүниежүзілік палеонтология әдебиеттері беттерінен «Гиппарион хайуанаттары» деген атпен орын алып жүр. Ертеде кең-байтақ жерімізде үйір-үйірімен жосып жүрген, бірак кейіннен жойылып кеткен жануар сүйектерінің өте көп шоғырланған бүл жері Ертіс өзенінің жар қабақты оң жақ жағалауынан 2 га-дай шағын аймакты алып жатыр.
Баска жануарларға қарағанда гиппарион жылқысының сүйегі басым болғандықтан, бүл жерді мамандар «Гиппарион хайуанат-тары» деп атады. Үйір-үйір табынымен Сібір және Қазақстан жерінде тіршілік еткен үш тұяқты гиппарион жылқысының екі түрі белгілі. Біреуінің дене тұрқы қазіргі есектен сәл кішілеу, ал екіншісі кәдімгі жылқымен парапар болған.
Мұнда тіршілік еткен керік қазіргі Африка керігіне ұқсағанымен, мойны қысқа өрі аяқтары ұзын болып келген. Бұл жерден мүйізтұмсықтардың, тасбақалардың, құстар мен әр түрлі сүтқоректілердің сүйектерін де кездестіруге болады.
Павлодар гиппарион фаунасы өкілдерінің арасынан жыртқыш жануарлардың сүйектерін де байкау қиынға түспейді.
Аталған табиғат ескерткіштеріне карағанда Шыңтүрген шыршалары атты табиғат ескерткішінің жағдайы біршама жаксы. Өйткені ол елді мекендерден алшақ, Іле Алатауының төрінен орын тепкен. Бозкөл сайында орналаскдн бұл табиғат ескерткішінің алып жатқан жер көлемі 900 га-ға жуык. болса, соның 500 га-сы орман үлесіне тиеді. Шыңтүрген шыршаларының ғылым үшін ерекше маңызы бар екендігін ескеріп, бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1968 жылдың 3 каңтарында бүл аймақ «табиғат ескерткіші» деп жарияланып, корғауға алынды. Қорғау жүмыстарын жүргізу Түрген орманшылығына жүктелген. Бір ескертерлік нәрсе: осы аумақта ескерткіштің маңызы жазылған, көрікті безендірілген белгілер орнатылмаған. Сонымен қатар……………