Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша теориясының дамуы Қазақстан Рсепубликасындағы ақша реформасы
Мазмұны
КIРIСПЕ …………………………………………………………………….…………..………..3
I АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ………………………………………………………………5
1.1 Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi ………………5
1.2 Ақшаның дамуындағы қалыптасқан теориялар ………………………………10
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ МЕН ҚАЗIРГI АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУЫ ……………………………………..16
2.1 Қазақстанның Кеңес Одағы және егемендiгiн алып ұлттық валютаны енгiзу кезiндегi жүргiзген ақша реформалары …………………………………….16
2.2 Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының
дамуы …………………………………………………………………………………………………….20
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары ………………………………..26
2.4 Қазiргi елiмiз экономикамыздағы ақша жүйесiнiң дамуы ……………….29
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………….………..32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………….…………..….34
АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ
1.1 Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi
Ақша — өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр эканомикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Эканомикалық категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады. Оларға:
— Жалпыға тiкелей айырбастау ;
— Айырбас құнының дербес формасы ;
— Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi .
Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi, яғни оның өтiмдiлiк қасиетi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тек қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары, олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктер несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б
Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.
Ақша экономикадағы мәнiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк — экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша қазiргi экономикада атқаратын бес түрлi қызметi бар:
1) Құн өлшемi және баға масштабы;
2) Айналыс (айырбас) құралы;
3) Төлем құралы;
4) Қор және қазына жинау құралы;
5) Дүниежүзiлiк ақша.
Ақша құн өлшемi қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде барлық тауарлардың құнын өлшейдi. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi.
Ақша түрiндегi көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.
Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келдi. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түстi.
Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылықтар бар. Құн өлшемi – мемлкетке тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы және құнды емес тауар бағасын көрсету үшiн қызмет етедi.
Ақшаның айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады. Ақшаның айналыс құралын негiзiнен әйгiлi экономис А.Смит құптаған болатын.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз айналыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатғаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
• Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
• Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
• Ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгiлерi орындайды.
Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшылы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсiндiрiледi.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады. Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса, одан бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар өтiзуi процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруi мүмкiн.
Егер тауар мен ақшаның қарама — қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бiрге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:
• Тауарларды және қызметтердi төлеуге байланысты мiндеттемелер;
• Еңбек ақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
• Мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
• Банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық мiндеттеме;
• Сақтандыру мiндеттемелерi;
• әкiмшiлiк — сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары .
Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелгенкезде, ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретiндегi ақшаның қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерiнен айырмашылығы болғанымен ол олармен берiк байланысты екенi анық. Ақшаның төлем құралы ретiде қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет екенiн көрсетедi.
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлемi және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануын қажеттiлiгi Т – А – Т айналымының екi актiлерге Т – А және А – Т айырылуымен байланысты.
Капиталистiк қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты “таза қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм тұсында бұл қазыналар неиселiк жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетiн капиталға ( өнеркәсiптi немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiлiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болады. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбiр тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде байықтың жалпы өкiлiн сипаттайды. Демек , қазына жинау құралы қызметiн тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн. Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады. Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын. Өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырады немесе керiсiнше .
Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақта осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып, олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.
Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi:
• кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрiнде ұжымдық қорлану;
• банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.
Дүниежүзiлiк ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады. Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмт етедi.
Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады. 1867 жылы Париж келiсiмi дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.
Егер де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi”, яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi.
Бреттон – Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi. Кейiннен дүниежүзiлiк ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.
1.3 Ақшаның дамуындағы қалыптасқан теориялар
Ақшаның тарихи қалыптасуының осы кезге дейiнгi дамуында қоғамдық өндiрiстердiң және экономикалық құрылымдардың өзгеруiмен бiрге ақша теориясы да ылғи да даму үрдiсiнде болды. Жалпы экономикалық дамуда ақшаның үш теориясын аатп көрсеттуге болады. Әрине олар қоғам дамуымен бiрге өздерiiнң формаларын да өзгертiп келедi.
1. Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс, яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистiк сипатта, себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз.
Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақшаның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.
Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген. Ол кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон – Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi.
Қағаз – несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң (экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т.б. пайда болды.
Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.
Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.
Монета бет жағы – аверс, келесi жағы – реверс, кесiндiсi – гурт болып ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:
Биметализм – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.
Монометализм – жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесi.
Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.
Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан.
2. Ақшаның номиалистiк теориясы. Меркантелистердiң металлизмге қарсы iс әрекетiнен ақшаның номиналистiк теориясы пайда бболды. Тауар өндiрiсi мен айналымының өсуiне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс құралдарына жартылай ауыстыру бiртiн…..