Нұр-Сұлтанда департамент басшысының орынбасары 9 жылға сотталды

0

Рамазанов «Астана қалалық жарық» ЖШС өкілінен 22 миллион теңге пара алмақ болған  

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаменті басшысының орынбасары пара алуға оқталғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Р.Рамазанов «Астана қалалық жарық» ЖШС шоттарына салынған тыйымды алу үшін 22 миллион теңге пара талап еткен.

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Сондай-ақ Есіл аудандық сотының шешімімен оның сыбайластары – елордалық әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Е.Дәулетбаев 9 жылға және аға сот орындаушысы – елордалық әділет департаментінің Алматы аумақтық бөлімінің басшысы Г.Манапова 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Бұған дейін әділет министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен әділет департаментінің басшысы М. Әбілов атқарып отырған лауазымынан босатылған болатын.



sputniknews.kz