Қостанайда бір жарым жасар сәби 4-қабаттан құлап кетті
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен бір жарым жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды alau.kz.
Оқиға 26 мамырда болған. Бір жарым жасар қыз бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетіпті.
Тағы оқыңыз: Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған — видео
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«Жедел жәрдем сәбиді Қостанай облыстық ауруханасына жеткізді. Қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр», — деп мәлімет берді басқарма.
Өңірдің дәрігерлері ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.
Тағы оқыңыз: Екі сәби мен бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
sputniknews.kz