Францияда жарылыстан 13 адам зардап шеккен

0

Францияның Лион қаласында болған жарылыстан кемінде 13 адам зардап шеккен. Олардың арасында сегіз жастағы бала да бар. Оқиға жұма, 24 сәуір күні кешке болған. Қала орталығындағы жаяу жүргіншілер жүретін жерде дәмхана жанында қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған.

Бақылау камерасы дәмхана маңында ер адамның сөмке тастап кеткенін көрсеткен. Қара көзілдірік таққан ер адам бетін бүркемелеп, көрсетпеуге тырысқан. Бірақ полиция күдіктінің аты-жөнін анықтағанын хабарлады.

Франция президенті Эммануель Макрон мұны «әдейі ұйымдастырылған шабуыл» деп атады.

Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Полиция жарылғыш зат қойған адамды іздеп жатыр.

Azattyq