Бойжеткен сүйіктісін құбыжыққа теңеп, пышақтап тастаған

0
Бойжеткен сүйіктісін құбыжыққа теңеп, пышақтап тастаған


Жігітпен әлеуметтік желіде танысқан қыз жігіттің үйінде ішімдік ішуге келіскен.

Новосібір тұрғыны «Дневники Вампира» сериалына қызыққаны соншалық шындық пен жалғанды ажырата алмаған. 22 жасар Екатерина Тирская қанмен қоректеніп, күн сәулесінен сақтану керек деп ойлаған. Қыздың бұл қиялынан бірінші болып зардап шеккен әлеуметтік желіде танысқан жігіт.

Жігіт аққұба шашты қызды үйіне шақырған. Олар ішімдік ішіп, түнді бірге өткізген. Таңертең Екатерина шын мәнінде өзінің вампир екенін мәлімдеген. Бұл сөдерден кейін жігіт қызды үйден шығарып салуға ұйғарған, алайда қыз оңайлықпен берілмеген.

Жас жігіт жуынатын бөлмеге кіргенде, Екатерина пышақпен қаруланып, шабуыл жасаған. Үй иесі көршілерінен көмек сұрауға қашқан. Полиция келіп жеткенде, аяғында тұра алмай қалған жас вампирді оңай ұстаған. Қыздың айтуынша, «Дневники вампира» сериялының кейіпкері екеніне сенген және ол құбыжықты өлтіру керек деп ойлаған.

Нәтижесінде, жақсылық пен зұлымдық шайқасы аяқталып, Екатерина екі жыл алты айға сотталып, 330 мың рубль айыппұл төлеген. Жас жігіт әлі қалпына келмеген. Ол еш жерде жұмыс істемейді, дәрігерлерге барып, қорқынышты түс көргендей, әлеуметтік желідегі аққұба шашты қызды еске алады екен.