Министрлік кандидаттар арасындағы дебатты 29 мамырда өткізуді ұсынды

0

Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 29 мамырда «Хабар» арнасында президенттікке кандидаттар арасында теледебат өткізуді ұсынды. Бұл туралы 24 мамырда орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды.

ОСК өкілі Ләззат Сүлеймен қазіргі кезде теледебатты өткізу регламенті қарастырылып жатқанын айтты.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуынсыз өткелі отыр. Өткен аптада орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

  • Сәді-Бек Түгел — «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы;
  • қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев — «Нұр Отан» партиясы;
  • Амангелді Таспихов — Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;
  • Дания Еспаева — «Ақ жол» партиясы,
  • Төлеутай Рахымбеков — «Ауыл» партиясы;
  • Жамбыл Ахметбеков — «Қазақстан комунистік халық партиясы»;
  • Әміржан Қосанов — «Ұлт тағдыры» қозғалысы.

Мамырдың 11-і күні басталған елде сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі басталды. Ол маусымның 8-іне дейін созылмақ.

Azattyq