24 мамыр қандай күн: тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 144-ші күн, жыл соңына дейін 221 күн бар

24 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

24 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Еуропалық саябақтардың күні. Бұл мерекені тұңғыш рет 1999 жылы 24 мамырда Еуропаның 36 елінде табиғи аумақтарды біріктірген еуропалық ұйым бекітті. Сол кезден бері бүгін Еуропаның барша елінде аталып өтеді. Мерекеге бұл күннің таңдалуы тегін емес. Өйткені 1909 жылдың 24 мамырында Еуропада, Швецияда алғашқы тоғыз ұлттық парк құрылды. Сол кезден бері қорғалатын барлық табиғат аумағы Еуропаның құнды табиғи мұрасына айналды. Мерекенің мақсаты  — Еуропаның қорықтарына қоғамның қолдауын арттыру. Қазір бұл мейрам табиғи аумақтарды қорғау кезіндегі халықаралық ынтымақтастықты білдіреді. Бұл күні Еуропада бірқатар шара ұйымдастырылады. Көрмелер ашылып, фильмдер көрсетіліп, дәріс оқылады. Саябақтарға экскурсиялар өткізіледі.  

Сондай-ақ, бүгін Дүниежүзілік видео ойындар күні. 24 мамыр күні үйде қолданылатын Magnavox Odyssey алғашқы ойын консолі таныстырылды. Теледидарға қосылу мүмкіндігі қарастырылған консолді 1972 жылы америкалық Ральф Баер шығарды.

Бүгін Ресейде кадр бөлімі қызметкерінің күні. Өмірінде кем дегенде бір рет ресми қызметке орналасқан адам кадр бөлімі қызметкерінің жұмысымен таныс. Ол адамдар барша ұжым үшін жауапты. 1918 жылы Ресей жаңа  институттарды қалыптастыра бастаған. Әділеттің халық комиссариатының шешімі бойынша алғашқы кадрлық аппараттар пайда болған. Осылайша, азаматтарды жұмысқа қабылдап, олардың қызметінің заңнамаға сәйкес болуын қадағалайтын жаңа орган құрылды.  

24 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1844 жылы Сэмюэл Морзе телеграфынан Вашингтоннан Балтиморға әлемдегі алғаш рет телеграмма жіберілді;  

1956 жылы Швейцарияның Лугано қаласында тұңғыш «Евровидение» байқауы өтті;

1969 жылы The Beatles тобының Get Back әні бес апта бойы америкалық әндер шеруінде бірінші болды;

1995 жылы Мел Гибсон басты рөл сомдаған «Батыл жүрек» АҚШ экрандарына шықты.

24 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет құру туралы жарлық жарияланды;

1996 жылы Қазақстанның ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрылды;

2006 жылы мамырдың 24-нен 25-н қараған түні қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы қытайлық шекара бекетіне жетті. Мұнай Шынжаңның Душаньцзы қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізілді. Бұл — Қазақстан-Қытай мұнай құбырының ресми пайдалануға берілуінің бастамасы болды.

24 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1905 жылы орыс жазушысы, әдебиет саласында Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Шолохов дүниеге келді;

1941 жылы америкалық әнші, ақын, композитор, 2016 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Боб Дилан дүниеге келді;

1964 жылы украиналық музыкант, қоғам қайраткері, «Вопли Видоплясова» тобының мүшесі Олег Скрипка дүниеге келді;

1973 жылы украиналық әнші, «Евровидение-2004» байқауының жеңімпазы, Украинаның халық артисі Руслана Лыжичко дүниеге келді.

24 мамырда Қазақстанда кім туды

1921 жылы композитор, қазақ фортепианолық аспаптық музыкасының негізін қалаушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нағым Меңдіғалиев  дүниеге келді. Оның «Домбыра туралы аңыз» атты концерттік пьесасы қазақтың фортепианолық музыкасының танымал туындысы;

1924 жылы Даңқ орденінің толық иегері, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Тайыр Тастандиев дүниеге келді;

1988 жылы қазақстандық ауыр атлет, олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин дүниеге келді. Қызылорда қаласында туған;

1994 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дүниеге келді. Витебсктегі «Славян базары 2015» байқауының гран-при иегері, ABU TV song халықаралық фестивалінің қатысушысы, «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» ҚР президентінің құрмет грамотасымен марапатталған. Мәдениет саласының үздігі. 

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Бұл күні күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін. Мұндай көңіл-күйді жеңуге тырысыңыз. Өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысып, айналадағы өзгерістерге мән бермеген жөн.



sputniknews.kz