Мектептегі химия сабақтарында жоғары деңгейдегі диалог ұйымдастыру мәселесі

0

Мектептегі химия сабақтарында жоғары деңгейдегі диалог ұйымдастыру мәселесі

Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … . 3
І Әдеби шолу
1.1 Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын
дамыту … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … … 5
1.1.1 Оқу процесінде сыни тұрғыдан ойлау әдісін
қолдану … … … … … .. 5
1.1.2 Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін арттыру … … .
11
1.1.3 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша Блум таксономиясын
химия пәнін оқытуда қолданудың тиімділігі … … … … . 12
1.2 Диалогтық оқыту – химиялық тілді дамытудың
жолы … … … … … … … . 17
1.2.1 Диалогтық оқыту арқылы балалардың өзара дамуын
қалыптастыру … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … . 17
1.2.2 Химия сабағында диалогтық оқыту арқылы оқушылардың білім деңгейін
арттыру … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … . 29
1.2.3 Диалогтық оқытудың оқушының белсенділігін арттырудағы
маңыздылығы … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … 36
1.2.4 Жақын арадағы даму
аймағы … … … … … … … … … … … … … … … 43
ІІ Эксперименттік бөлім
2.1 Химияда жоғары деңгейдегі сұрақтар арқылы сапалы диалог ұйымдастырудың
маңызы … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … .. 48
2.2 Химия курсының кейбір тақырыптары мысалында сапалы диалог
ұйымдастыру
әдістемесі … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … 48
2.3 Әртүрлі оқыту технологияларының қолданылуын көрсететін сабақ
әдістемесі … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … .. 52 2.4 Құрастырылған
әдістемелердің пайдаланылуы бойынша алынған нәтижелерді
талдау … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … . 57
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … .. 58
Пайдаланылған әдебиет
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … 60

КІРІСПЕ

Оқыту немесе оқу диалогы — өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл
балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы
арасындағы қатынас. Оқу үрдісі тілдесу арқылы жүзеге асады. Дәстүрлі
оқытуда көбінесе мұғалімдер оқу диалогы орнына оқу монологын
пайдаланады. Бұл кезеңде оқушылардың еркін пікірін тыңдау сирек кездеседі.
Оқытудағы тәсілдер мен әдістер түбегейлі өзгеруде. Қазіргі заман оқушысы
оқу бағдарламасының білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз
бетімен іздеп, оқып үйренуі керек. Ол өзінің оқу қызметін ұйымдастыра
отырып, оқуға дайындығын және оқуға икемділігін жоспарлауы тиіс.
Сондықтан оқушы мен оқытушының бірлескен жұмысы монологтан диалогқа қарай
ауысуы қажет. Сындарлы оқытудың мақсаты — оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осы мақсаттың орындалуы үшін
Диалогтық оқытудың маңызы зор. Диалог негізінде оқыту және оқу атты
педагогикалық тәсіл әлеуметтік- сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы
негізгі түсіндірмесі ретінде қолданылады. Диалог арқылы оқыту мен оқу
оқушылардың өзара әңгімелесуі және мұғалім мен оқушы арасындағы диалог
шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектеседі,оқушының
функционалдық сауаттылығының артуына ықпал етеді.
Химия сабағы барысында диалогтық оқыту тәсілі белгілі бір тақырып
бойынша сабақ жоспарының бірінші проблемаларды айқындау кезеңінде, екінші
проблеманы шешу кезеңінде, үшінші проблеманың шешімін қолдану кезеңінде
тақырып бойынша шағын топтардың диалогы жүзеге асады. Оқушылар тақырып
бойынша не білетіндіктері, нені білгілері келетіндіктері, нені үйренгілері
келетіндінділері туралы шағын топтарға диалогқа түсіп талқылап, талдап
ортақ шешімге келеді.
Берілген диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі:Мектептегі химия
сабақтарының мазмұнын жетілдіріп, окытудың озық технологияларын колдануға
әр мұгалімнің шыгармашылық тұрғыдан келіп, сабақтарды жоспарлап өткизу
жұмистары әркашанда актуьалді .
Шешілетін проблеманың қәзіргі кездегі күйі: Орта мектептегі химия
сабақтарының мазмұнын қазирги заман талаптарына сай жетілдіру туралы
мәліметтер, авторлык ұсыныстар Ресей және Қазакстанның химияны оқытуға
қатысты периодтық басылымдарында кездеседі.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты: Орта мектептің химия курсының
кейбір тақырыптары мысалында жоғары деңгейдегі диалог ұйымдастыру жолдарын
көрсетіп, педагогикалық практика кезінде осы оқыту әдістемелерін пайдаланып
сынау, тиімділігін зерттеу. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:
1. Оқушыларға жоғары деңгейдегі диалог ұйымдастыру мәселесін қарастыратын
әдеби материал жинау және жүйелеу;
2. Мектеп оқулығынан тыс әдебиетте берілген материалды химия курсы
тақырыптарын оқытуда жоғары деңгейдегі диалог ұйымдастыру мақсатында
зерттеу;
3. Бейорганикалық химия курсының кейбір тақырыптары мысалында сапалы
диалог ұйымдастыруды көрсететін әдістемелер құрастыру;
4. Құрастырылған әдістемелерді болашақтағы мектеп мұғалімі жұмысында
пайдалану үшін педагогикалық практика кезінде сынап, бағалау.
Зерттеу обьектісі: орта мектептегі химия пәні бойынша оқу процесі.
Зерттеу пәні: химияны оқыту әдістемелері. Жұмыстың практикалық маңызы:
ұсынылған әдістемелерді мектептің химия пәні мұғалімдері және педагогикалық
практика өтуші студенттер өз жұмысында пайдалана алады.
Дипломдық жұмыс ҚМПИ химияны оқыту әдістемесі зертханасы және Қостанай
қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 115 орта мектебі базасында орындалды.

I ӘДЕБИ ШОЛУ

1.1 Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту
1.1.1 Оқу процесінде сыни тұрғыдан ойлау әдісін қолдану
Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері бағдарламасының
негізгі міндеті- Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін
жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Бұл курстан күтілетін нәтижелер
оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіне
сенімді, ынталы, сыни пікір-көзқарастары дамыған, алған білімін сыныптан
тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білетін қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін еркін меңгерген, сандық технологияларда құзырлық танытатын
оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.Қәзіргі кезде орта білім беру саласы
мұғалімдерінің назары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту
идеясына бағытталған. Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың өз бетімен білім алуы
және мұғалім мен оқушы жұмысының тиімді болуында маңызды роль атқарады.
Қоғамда сыни тұрғыдан ойлау терминінің анықтамаларын кездестіруге болады.
Алайда, ең көп тараған анықтамалардың жалпы мазмұнына сүйенсек, сыни
тұрғыдан ойлау ғылым не теория болып табылмайды, ол – бақылаудың,
тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,
бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта
әрекет жасауға негіз бола алады. Баланың көптеген тұлғалық қасиеттері өзін
қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып қалыптасады. Оқушының жеке
өзідік қызметі: қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуінен
және, ең бастысы , танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар алатындай
қызметі ұйымдастырылуы керек. Логикалық ойлау, жылдам жауап беру
қабілеттерін дамытатын тапсырмалар әр сабақта пайдалану керек. Осы мақсатты
химиядан пәнаралық байланыстар негізінде танымдық есептер ұсыну арқылы
жүзеге асыруға болады [1].
Сыни тұрғыдан ойлау – қәзіргі білім беруді дамыту үшін маңызды
педагогикалық түсінік. Мұғалім өз тәжірибесіне, оқушылардың дайындығына
және жеке ерекшеліктеріне байланысты түрлі логикалық есептерді өмірден,
күнделікті тіршіліктен, басқа пәндерден алған білімдеріне сәйкес
құрастыруынан болады. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету маңызды болғандықтан оны
жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын 
дамыту – күрделі міндет болып табылады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын
дамыту үшін жоғарғы деңгейдегі сұрақтар қоюға, сапалы диалог ұйымдастыруға
негізделеді. Оқушыларды жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін
өзі тексеруге, тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге,
сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге
ұсынылған критерийлер өздері жасауға үйретуді көздейді. Бүгінгі таңда
оқыту парадигмасы мен мұғалімнің рөлі өзгерді. Енді мұғалім – бірден-бір
білім көзі емес, тек модератор, ұйымдастырушы, оқушыларды білім көзіне
бағыттаушы. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру
жүйесіндегі педагогтардың, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім
беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал
қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға
дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге
бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті
мәселелердің бірі.
Болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдіру оқушыларды диалогтық сөйлеу
жағдайларында және ең алдымен оларды кәсіби іс-әрекеттерінде әртүрлі тілдік
құралдарды кеңінен қолдана білуге үйрету керектігімен байланысты. Оларды
оқыту мен оқу үрдісінде оқушыларға тиімді әсер ететіндей сөйлеу мәдениетіне
үйретіп, олардың таза, дұрыс, терминологиялық нақты және мәнерлі сөйлеу
біліктіліктерін жетілдіру қажет.
Оқушылармен қарым-қатынас жасауында оның сөйлеу сазы, жауап беру
мәнері, бағалаушы пікір айтуды орынды қолдануы, сөйлеуде қолданылатын
ілеспелі мимикалар мен ым-ишараттардың сипаты аса маңызды болып
табылады.Бірақ қазіргі оқу орнында оқитын оқушылардың, яғни болашақ педагог
мамандардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауларында осы сөйлеу әрекеттерінің
даму деңгейлері алаңдаушылық білдіруде. Себебі оқушылар оқу үрдісі кезінде
көбіне интернет желісіндегі дайын материалдармен ғана шектеледі. Ал өз
беттерімен кітап оқуға, жаңаны іздеп табуға, өз білімдерін жан-жақты
жетілдіруге, шығармашылық-танымдық қабілеттерін дамытуға, белгілі бір
мәселеге сын көзбен қарауға деген ұмтылыс жасамайды. Бұл олардың білімді де
білікті маман болып шығуларына, диалогтық сөйлеулерінің өз дәрежесінде
болуына, сөйлеу тілдерінің толық дамуына кері әсерін тигізеді. Өйткені
диалогтық қатынаста, яғни өз ойларын білдіруде сөздік қорларының төмендігі,
ой топшылауларының таяздығы олардың жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс
жасауына негіз болады деп айту қиын. Оны мектепте тәжірибелерден өту
кездерінде мектеп оқушыларына жаңа оқу материалын түсіндіріп, бала
түсінігіне лайықты жеткізе алмауларынан көруге болады [2].
Мұндай оқушылар сынып алдында сөз сөйлеуден қорқады. Бұл олардың алған
білімдерін өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алу құзырлықтарын дамытпайды.
Сондықтан олардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаулары қарапайым түрде
жүреді. Бұл әсіресе жоғары оқу орындарында білім алып жүрген болашақ
мұғалімдерді дайындау барысында баса назар аударуды қажет ететін өзекті
мәселе. Осы орайда, баланың жеке тұлғасын жан-жақты дамытуда, азамат тұлға
ретінде қалыптасуына Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 41-
бабында: Мұғалім оқушының білім игеру деңгейінің мемлекеттік стандарттан
төмен түспеуіне кепіл болуы керек деп міндеттесе, 8-бабында, Мемлекеттік
стандартты басшылыққа алу арқылы білімділіктің деңгейін, жалпы білім
сапасын көтеру – білім беру жүйесінің міндеті деп шығармашылықпен жұмыс
істеуді талап етеді.
Себебі, мұғалім – ол пәннің оқытушысы, әрі тәрбиешісі. Сондықтан да осы
жоғарыда айтылған міндеттерді оған білу өте қажет. Себебі, бүгінгі күн
мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың сабаққа деген
ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе
түсу. Бірақ жас мамандардың көбі мектепте педагогикалық және өндірістік
тәжірибелерінен өту барысында осы айтылған міндеттерді шешуде біраз
қиындықтарға ұшырап жатады. Себебі, оқушыларға оқу материалын түсіндіруде
бала түсінігіне сай сөз байланыстырулары көңілден шықпай жатады. Сабақ
барысында оқушылармен қарым-қатынасқа түсуге, туындаған сұрақтардың шешімін
тез арады таба білуге, оқушының білімін бағалауға өздерінің
сенімсіздіктерін байқатады[3].
Мұғалімдер ұжымымен, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынас жасауда,
белгілі бір педагогикалық, шығармашылық жағдаяттарды шешуде құзырлық
деңгейлерінің төмендігі олардың педагог маман ретінде қалыптасу мәселесін
шешуді талап етеді. Сондықтан мектептің таяу уақыттарға бағытталған
талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің кәсіби
даярлығын үнемі жетілдіріп отыру аса қажет. Бұл, түрлі жағдайларда сын
тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндігі бар, мәселенің шешу жолын таба білетін,
қарым-қатынастық құзырлығы қалыптасқан педагог маман қалыптастыруды
көздейді. Ол өз кезегінде оқушы шығармашылығын, сыни көзқарасын, сындарлы
ойлауын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай
туындайтын қажеттілік.
Сонымен, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауларын дамытуда оларды бір-
бірімен диалог арқылы пікірлесуге жетелеп, бірінің білмегенін бірі
толықтыруға мүмкіндік берілсе, онда олар кез келген мәселенің шешімін
бірлесе, ой бөлісе табатын болады. Диалог сөйлеушілердің санына байланысты
емес. Диалог екі адам арасындағы әңгіме деген сөз емес, қайта, бір-бірімен
сөйлесу мен әрекеттесу барысында атқарылатын жауапты іс, сабақ. Бір-бірінен
үйрену диалогтік сөйлеуде орын алады. Ол белгілі бір сабақтың түріне
байланысты емес. Диалогтік сөйлеуге жағдай жасау деген сөз барлық
білімалушылар қатысатын сабақ. Яғни, Жаңа, қиын нәрселер туралы бірге
ойлану, сөйлесуге қатысу деген сөз.
Диалогтік оқыту білімалушыдан да оқытушыдан да ауызша коммуникация
дағдысын талап етеді. Диалогтік сөйлеуде мотивация факторлары жоғары
деңгейде қолданылып, өз бетімен оқу үрдісі іске қосылады. Мұнда
креативтілік өте маңызды және әлеуметтік, ұжымдасып жұмыс істеу
құзырлылықтары қалыптастырылады және машықтандырылады. Білім алушылар оқу
үрдісін құрастыруға неғұрлым көбірек тартылған сайын, олардың бірге
ойлануға және бірге жұмыс жасауға ынтасы соғұрлым зор болады. Сөйлесе
отырып ойлану басты қағида. Сонымен қатар, басты оқу мақсатының бірі –
сөйлеу іскерлігін қалыптастыру (диалогтік сөйлеу құзырлылығы). Диалогтік
оқыту оқушылардың білім алу үрдісіне интенсивті түрде ат салысуына қол
жеткізеді, оқу материалына шынайы қызығушылық оятады, оқытушыларды таң
қалдыратын креативті үдеріске қол жеткізеді. Ал диалогтік оқыту арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту көпшілік алдында ойын еркін, жүйелі түрде
жеткізуді дамытады. Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту көпшілік
алдында ойын еркін, жүйелі түрде жеткізуді дамытады. Сондықтан диалогтік
оқыту арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауларын дамыту көзделген
сабақтарды топтық жұмыс түрінде жүргізу тиімді болып табылады. Ондай топтық
жұмыста оқушылардың ой-өрістерін, байланыстырып сөйлеулерін дамытуға және
олардың өзара бір-бірімен пікір алмасуларына мүмкіндік жасалады. Мұнда
олардың ойлары да, тілдері де, дүниетанымдары да және танымдық үрдістері де
дамып, жетіліп отырады. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз
білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін
толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін
өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс студенттің өз болжамдарына
сенімсіздікпен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік,
жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін
ұлғайтады [4].
Сын тұрғысынан ойлау – студенттердің де, оқытушылардың да сын
тұрғысынан ойлау қабілетін  дамытады, саналы және оймен қабылдауын мақсат
етеді. Сондықтан сын тұрғысынан ойлауды дамытудың бір жолы – сабақ
барысында белгілі бір тақырыпқа топ болып постер жасауды ұсыну. Ол студент
болсын, оқушы болсын олардың бірлігін нығайтады, жауапкершіліктерін,
қызығушылығын оятады, ізденушілікке жетелейді, белгілі бір ақпарат
төңірегінде ұтымды тұжырым жасауға үйретеді және де бәсекелестікке
ұмтылдырады. Оқыту мен оқу үрдісінде диалогтік оқыту арқылы оқушылардың
сын тұрғысынан ойлауларын дамыту мақсатында Аралас, жұптас, қозғалма, ой
бөліс, Ой шақыру, Миға шабуыл, Венн диаграммасы, Кластер, Бес жол
өлең және т.б. стратегияларын қолдану тиімді. Оқушылардың топта бір-
бірін, өзін-өзі және топтардың өзара бірін-бірі сыни тұрғыдан бағалауы
кезінде Екі жұлдыз, бір тілек, Стикердегі диалог, Білемін. Білдім.
Білгім келеді әдістерін қолдану да оқушылардың бір-бірімен диалогке түсе
білуіне зор ықпалын тигізеді.Осы стратегияларды қолдану нәтижесінде әрбір
оқушы тарапынан осындай сұрақтар туындайды.
— Мен не білемін?
— Мен жаңаша нені білдім?
— Менің білімім қалай өзгерді?
— Мен осы біліммен не істей аламын?
Міне, осы туындаған сұрақтарына жауапты оқушылардың өздері тауып,
өздерінің білімдерінің қалай өзгергендігін түсініп сезінулеріне ықпал
ететіндей тапсырмалар жүйесі беріліп отырылады. Содан өздерінің орындаған
жұмыстарын талдату, басқалармен пікір алмасу, алынған мәліметтерді топшылау
арқылы оның маңызын түсінулері әркімнің өзіне сыни көзбен қарауына, өзіне
есеп беруіне жетелейді. Сондықтан сабақта Маған айт – мен ұмытып қаламын,
Маған көрсет – мен есімде сақтаймын, Маған өзіме жасат – мен түсінемін
қағидасы үнемі негізге алынады.Сонымен қатар, оқушылардың тез ойлап, тез
ой алмасулары үшін Миға шабуыл әдісін қолдану өте тиімді. Ал Ой шақыру
әдісі арқылы оқушылар белгілі бір мәселенің шешімін табуда өздерінің бар
білімдерін еске түсіріп, оны сабақта қолдана алады. Сонымен қатар,
теориялық материалда берілген ұғымды бір-бірімен пікірлесе отырып, талқылай
алды. Оқушылар өздерінің сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеулерін
дамытуға лайықталған Бес жол өлең әдісін қызығушылықпен орындайды.
Кластер әдісі сабақта бір-бірінің пікірлерін жинақтап, жүйелеп, нақты
тұжырымдар жасауда сыни тұрғыда пікірлесулерін қалыптастыратын топтық және
диалогтік оқыту әдісі ретінде орындалады. Сонымен қатар, оқушыларға сабақ
барысында орындаған түрлі жұмыстарының маңызын аңғарту, өздерінің ой
елегінен өткіздіру мақсатында оларға мынадай сұрақтар қойылып, кері
байланыс алынып отырылады. Мысалы:
1. Топта жұмыс жасау  сіздерге ұнады ма? Неліктен?
2. Біздің бұрынғы дәстүрлі сабақтарымыздан қандай айырмашылығы бар?
3. Жеке жұмыстан топпен жасаған жұмыстың артықшылығы неде?
4. Біз қандай белсенді әрекеттерді бірлесіп орындадық?
5. Бір-біріңізбен диалогке түске сіздерге не береді?
Мұндай сұрақ-жауап әдісіоқушылардың орындаған іс-әрекеттерін
қорытындылауға, бекітуге және қолданылған әдіс-тәсілдердің педагогикалық
білім беру жүйесінде мұғалім мен оқушыға оқыту мен оқуда пайдасының мол
екендігін ұғынуларына мүмкіндік береді.Педагогикалық ұстаным мен
стратегияларды педагогикалық тәжірибеде  оқушылардың кәсіби білімдері мен
біліктерін қалыптастыру, оларға сабақта диалогтік оқытудың маңызын ұғындыру
және диалогтік оқу арқылы сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің
біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету мақсатында мына
төмендегі модульдер кеңінен қолданылып отырылса, бұл оқушылардың алдағы
кәсіби іс-әрекетке шыңдала түсулеріне өте маңызды болып табылады:Оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту және қалай оқыту керектігін
үйрету (дербес білім алу);Сын тұрғысынан ойлауға үйрету;Оқыту мен оқуда
АКТ қолдану;Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
Қорыта айтқанда, ойлау мен білім алуды байланыстыра бағыттайтын оқыту
технологиясы – сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Өйткені, белгілі тақырыптағы
ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру,
болжау оқушыларды білім алуға бағыттайтын өте тиімді технология. Ал
диалогтік оқыту – ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың
сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту. Және де диалогтік оқыту
– оқушылардың ойлануына, ойын жүйеленуіне, ойын жеткізуде тілдік
дағдыларын қалыптастыруларына және білім алуға зор үлес қосатын өзара іс-
әрекеттің тиімді түрі.Сондықтан әр мұғалім заман ағымынан қалмай өзінің
педагогикалық тәжірибесін жетілдіріп отыру керек деп ойлаймын. Білімнің
нәтижелі болуы тікелей мұғалімге байланысты. Мұғалімнің шеберлігі,
құзыреттілігі, инновациялық технологияларды игеруі – сапалы білімнің кепілі
болмақ [5].
Бүгінгі таңда орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейде қол
жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелер арасында сындарлы теориялық
оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту
олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек
көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен
астастырыла жүзеге асады деген тұжырымдамаға негізделеді.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін
дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез – келген жағдайда тиімді
пайдалана білуін қамтамасыз ету.Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты
білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен
білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырлуын
талап етеді.Мектеп мұғалімдерінің біліктіктерін арттырудың деңгейлі
бағдарламасындағы жеті модульдің мазмұны өзара тығыз байланысты болып
табылады.
Модульдер :
✓ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
✓ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
✓ Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
✓ Оқыту мен оқуда ақпараттық — коммуникациялық технологияларды
(АКТ) пайдалану.
✓ Талантты және дарынды балаларды оқыту.
✓ Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
✓ Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль
түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады. Алайда, осы
жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайданылатын жекеленген
стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Жеті модульдің
барлығында қарастырылатын идеяларды білім алу мен білім берудегі жаңа
тәсілдер деп санауға болады.Жеті модуль идеялары бір мақсатты көздейді:
оқушылардың білім деңгейінің сапалы болуы және мүмкіндігінше олардың сыни
тұрғыдан ойлауға қабілеттерін арттыру. Мысалы: оқудың тиімді бағасын және
оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен
байланысты. Бағалау екі мақсатта жүреді. Күнделікті сабақта оқыту үшін
бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,
қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін
анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу
және түсіндіру үдерісі. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қәзіргі
уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Сонымен қатар оқу үшін
бағалау деген модульдің мазмұны мұғалімнің өзінің жұмысына сыни тұрғыдан
қарауына негізделеді. Химия сабақтарында кез — келген тақырыпты өткенде
оқушыларда мынадай жалпы түсінікті қалыптастыру керек: заттар қасиеттерінің
оның құрылысына негізіне түсіндіруіне, химиялық реакциялар неге жүреді
деген сұраққа ойлануына; заттардың тұрақтылығын себебін түсіне білуіне т.б.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер оқушыларды
деңгейіне байланысты ажыратады. Тақырыптың күрделігіне байланысты
оқушылардың қабылдауы әртүрлі болады. Сондықтан мұғалімдер деңгейіне
байланысты сұрақтардың екі түрі: яғни төменгі дәрежелі және жоғары
дәрежелі  сұрақтарды қолданылады. Оқушылардың жауап беретін сұрақтары бір
немесе екі сөзбен шектелсе, ондай сұрақтар төменгі дәрежелі сұрақтар болып
табылады. Төменгі дәрежелі  сұрақтар ешқандай ойды топтастыра алмайды,
толғаныс тудыра алмайды. Оқушылар ондай сұрақтарға жауап бергенде нақты
ақпараттарды қолданады, ал сол ақпараттарға қатысты негізгі идеяның, сол
фактілердің шығу себептерін түсіндірмейді және түсінбеуі де мүмкін.Жоғары
дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушыларды ойлауға, ойларын қайта құруға,
толғануға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, пайымдауға, болжауға жетелейтін
сұрақтар олардың жан-жақты ойлануына мүмкіндік береді.Сонымен, біз
күнделікті сабақта жоғары деңгейлі сұрақтарды үнемі пайдалануды дәстүрге
айналдырсақ,  жүйеге енгізсек, мынадай маңызды тапсырмаларды іске
асырамыз:Оқушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік көрсетеді;
оқушылардың өз ойларын айтуға қолайлы жағдай туғызады;Оқушылардың оқуға
деген ынтасы артады;Сын тұрғысынан ойлауға  көмектеседі.

1.1.2 Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін арттыру
Жаңа әдіскер ретінде Диалог арқылы оқыту мен Қалай оқу керектігін
үйренуді қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқараспен
тығыз байланысты. Химия пәнінде диалог негізінде оқыту мен оқушылардың
өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің
өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін
меңзейді. Ал, Қалай оқу керектігін үйрену немесе метасана оқушыларға
оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге
және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдерінің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлауы сабақтағы ақпарат пен идеяларды
синтездеу қабілеті, ақпаратпен идеяның шынайлығы мен салыстырмалы түрде
маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау
және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа
тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды
қамтиды. Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсінуоқыту
мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен байланысты. Оқыту мен оқуда АКТ – ны
пайдалану мұғалімдерге сабақ өтуде тиімді [6].

1.1.3 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша Блум таксономиясын
химия пәнін оқытуда қолданудың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы блум таксономиясын химия пәнін
оқытуда қолдану тиімді. Блум технологиясы оқыту технологиясының өңдеу
өлшемі құралы ретінде пайдаланылады. Таксономия таным процесін ең
қарапайымнан бастап, қиынына дейін 6 негізгі категорияға жіктейді [7].

Кесте 1 — Блум таксономиясының деңгейлері бойынша түсініктеме

Деңгейлер Таным процесінің түрлері
Білім Есте сақтау, жаттау, түсініп білу, еске сақтау
Түсіну Бір тілден екінші тілге аудару, өз сөзімен мәлімдеу
Қолдану Тәжірибеде қолдану, жетістіктерге қол жеткізу үшін мәліметті
қолдану
Талдау Өз білімін көрсету мақсатымен бірнеше бөлімдерге болу негізгі
ұғымдарды табу
Топтау Сөзден немесе объектіден жақсы нәтиже шығару
(қорыту)
Бағалау Қарама-қарсылық туғызуға шешім қабылдау.

Оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы олардың ойлау дағдыдыларын
жетілдіре отырып, мақсат қою технологиясын былайша көрсетуге болады:

БіліктілігіБелгілері Оқушы іс-әрекеті
Білім Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте Тыңдайды, қабылдайды,
ұстауы бұрынғы білімді еске түсіруіеске сақтайды, ойлайды
білуі
Түсіну Жаңа материалда берілетін білімді Түсіндіреді,
түсінуі, өзінше түсіндіру немесе айтады, көрсетеді, жазады
болжам жасауы
Қолдану Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақтыБұрынғы
жаңа жағдайда пайдалана алуы білімін пайдалана
отырып, жаңа жағдайды
шешеді
Талдау Алған білімді жіктеуі, ең негізгі Ойланады, салыстырады,
түйінін, дәнін бөліп ала білуі, табады, талқылайды,
яғни бүтінді бөліктерге жіктеу ашады, ізденеді.
арасындағы байланысты айқындай
білуі.
Синтез Жеке бөлшектерден дара ұғымдардан Ойлап
тұтас дүние жасай алуы табады, қарастырады,
құрастырады, шығарады,
байланыстырады
Бағалау Жаңа ұғымның жаңа материалдың Бағалайды, талқылайды,өз
құндылығын, керектігін анықтай талабын айтады
пайымдай білуі

Блум таксономиясы оқушыларға жаңа сабақты өздігінен түсінуіне және
оқушылардың құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сабақ кезеңіндегі
оқушылардың құзіреттілігін ашу: ақпараттық, проблемаларды шешу,
коммуникативтік, технологиялық, басқарушылық, әлеуметтік, тұлғалық,
азаматтық.
Блум таксономиясының құндылығы:
✓ Мақсаттың нақтылануында;
✓ Мақсат категорияларына сай логикалық ойдың алгоритмделуінде;
✓ Білім мазмұнының мақсатқа сай жіктелуінде;
✓ Оқушы іс-әрекетінің мақсатқа сай дамуында;
✓ Әр мақсатқа сай тапсырмалардың саралануында;
✓ Мұғалім мен оқушының бірлескен қызметіндегі нақтылық пен
жариялылыққа қол жеткізуінде;
✓ Қойылатын бағаның соңғы нәтижені ғана емес, бүкіл процесті
қамтуында.
Блум таксономиясының деңгейлерін ретімен жүзеге асыру барысында мұғалім
мен оқушының шығармашылығын жүзеге асыра алуының тірек қабілеттерін
төмендегі жүйелерін жүзеге асырады: Шығармашылық әрекетін; Проблеманы көре
білуін; Болжай білуін; Жаңашылдықты ендіруді; Өз жұмысының бағдарламасын
жасауды; Рефлекциялай алуды; Шығармашылық ойды іске асыру үшін идеяларды
тудыра алуды; Алған білімді жан-жақты қолдана алуды дамытады.
Білу. Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.
Бұл категория мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай
сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректерді еске түсіреді.
Нәтижесінде оқушылар:
✓ Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды).
✓ Нақты фактілерді біледі.
✓ Жұмыстың орындалу ретін біледі.
✓ Негізгі ұғымдарды біледі.
✓ Ережелерді, қағидаларды біледі.
✓ Ережелерді, теорияларды, формулаларды еске түсіру, жазу, атап
көрсету, жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың
қолдану тәртiбiн айтады.
Тапсырмалар түрі: Не? Қашан? Қандай? Қайда?
Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және
бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету. Оқу
материалын түсінгендіктің белгісі ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды
атауға болады:
Трансляция –оқу материалын бір тілден екінші тілге ауыстыру (мысалы,
сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б);
Интерпретация –– оқу материалын өз сөзімен түсіндіру, қысқаша баяндау.
Экстраполяция (жорамалдау) – құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді
оның екінші бөлігіне тарқату;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы
болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Нәтижесінде оқушылар: фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді.
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды
түрлендіреді. 
Тапсырмалар түрі:Қалай ?Неліктен ?
Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану.Бұл
категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда
қолдануды меңзейді.Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды,
қағидаларды, теорияларды  практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу
нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап
етеді.Нәтижесінде оқушылар:
✓ Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады.
✓ Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда
қолданады.
✓ Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді. 
Тапсырмалар түрі: Жасап көр; қолдану мақсатын түсіндір.
Талдау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғары деңгей.
Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі
құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.Дәйектер мен себептерге сәйкес
ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын
растайтын дәлелдерді анықтау.Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін
оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің
бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу
материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысының қалайша
құралатындығын меңзейді. Нәтижесінде оқушылар: элементтерді талдайды; қарым-
қатынасты талдайды; ұйымдастыру қағидаттарын талдайды; жасырын (көзге
көрінбейтін) жәйттерді ашады; ойдың өрбуінен кеткен қателер мен
олқылықтарды айқындайды; фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды;

Тапсырмалар түрі: Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз;
салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
Синтез (жинақтау, жүйелеу). Таным мен ойлау деңгейі – жоғары деңгей.
Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдер мен элементтерді қиыстыру арқылы
ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну. Оқу материалының
элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже
ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама,
сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа
мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді
қолдануды талап етеді.
Нәтижесінде оқушылар:
— шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
— тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады.
Тапсырмалар түрі: өз шешімініңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз,
баламасын табыңыз; зерттеңіз.
Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғары деңгей.
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау
және жұмыс сапасын бағалау. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы
өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу
нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Нәтижесінде оқушылар: оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде
бағалайды; ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының
маңыздылығын айқындайды; жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген
фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Оқушы жауабын бағалау:
Блум таксономиясы бойынша бағалау парақшасының үлгісі:

Оқушы аты-жөні Білу Түсіну

1 Механикалық мұғалім-сынып қайталау арқылы
фактілер мен идеяларды
зерттеу.
2 Ауызша жауап мұғалім-сынып немесе мұғалім сыныпқа
мұғалім-топ қайталауға арналған
сұрақ қойып,
оқушылардың жауаптарын
бағыттап отырады.
3 Нұсқаулықтүсінік мұғалім-сынып, оқушыларға ақпарат
беру мұғалім-топ немесе ұсыну немесе
мұғалім- оқушы түсініктеме беру.
4 Талқылау мұғалім-сынып, ақпарат алмасу және
мұғалім-топ немесе проблемалық мәселелерді
оқушы-оқушы шешу мақсатында
идеялармен танысу
5 Қорытындылау мұғалім-сынып, құрылымдалған сұрақтар
мұғалім-топ, және нысаналы талқылау
мұғалім-оқушы немесе арқылы ортақ түсінік
оқушы-оқушы қалыптастыру.

Сонда диалог дегеніміз екі жақтың сөз арқылы ауызша немесе жазбаша
қарым-қатынасы болып табылады. Мұнда екі жақтың құқықтары бірдей
болғандықтан, диалогты демократиялық қоғамдағы қарым-қатынастың басты
нысаны деп атауға болады. Ал демократиялық қоғамның әрбір мүшесі өмірде
туындаған қандай да болмасын проблеманы терезесі тең тұлғалардың қарым-
қатынасында талқылауға дайын болып, өзінің конструктивтік позициясын
басқаларға білдіре де, жеткізе де алады.
Диалогтік оқытудың ұстанымдары:
Танымдық ұстаным – егер әр адам Жаңа түсінік бірлескен жұмыс нәтижесінде
ғана қалыптасады деген қағиданы ұстанса, онда ол әрқашан да өзіндік
идеялары мен туындаған сұрақтарын басқаларға жеткізіп, оларды талқылауға
дайын болады.
Психологиялық алаңдамаушылық — диалог барысында әр адамның ойлары мен
идеяларының, пікірлері мен көзқарастары мұқият тыңдалып, олардың
сенімсіздік және күлкіден қорғалатынын білсе, онда ол өзін қарым-қатынастың
тең дәрежелі екендігін сезінеді.
Қызығу- әр адам диалогтің қызық екенін түсіну керек. Диалог барысында әр
адам өзін басты кейіпкер ретінде сезінеді. Сондай-ақ диалог интербелсенді
әдістерді қолдану арқылы диалогке қатысушылардың пікірлерін ортада салып,
талқыға салады. Осылайша диалог тиімді әрі нәтижелі болып, қатысушылардың
танымдық мүдделеріне сәйкес келеді.
Диалог барысында оқушылар (мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету
үшін күш-жігерін бірлесіп жұмсайды және Мерсер сипаттағандай бірлесіп білім
алуда немесе пікір алмасу барысында, олар тең құқылы серіктестер болып
табылады. Мерсердің пайымдауынша, құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас
оқуда маңызды роль атқарады.
Оқушылардың өзара әрекеттестігін бақылай отырып, мұғалім диалогтік
оқытуда: 
-белсенді қарым-қатынасына: оқушы мен оқушы өзара әрекеттесе отырып, әрбір
мәселеде өз пікір-көзқарастарын білдіріп отыруына; 
-тұлғалық бейнесіне: мұғалімнің әр жеке оқушының танымын, ерекшелігін
дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуына; 
-өзіндік бақылауына:өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену
және оны дамытуына; 
-шыдамдылық қасиетіне: әркімнің пікірі құнды екенін түсініп, әртүрлі
пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлеріндегі ерекшеліктерді табуға
ұмтылыс таныту, құрметтеу, қабылдауына көңіл бөліп отыруы қажет.
Оқытудың мәнісі:сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылды; 
-Олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы
әсер етуге мүмкіндік алды; 
— Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері
үздіксіз жүрді; 
-Әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңірді, білім, идея, әрекет ету
тәсілдері жүзеге асты; 
-Оқушылар диалогінде көшбасшылық оқушыдан оқушыға ауысып отырды; 
-Бұл үрдіс өзара бірін-бірі қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүрді; 
— Жаңа білім алып қана қоймай, танымдық процестің өзін дамытты, оны
әлдеқайда жоғары топтасып бірлескен әрекет пен еңбектесу дәрежесіне көтере
алды.Диалог оқыту кезінде:

Диалогтік оқыту

Диалогтік оқытудың нәтижесі:
✓ Пікірлерді зерттеуге талпынады.
✓ Оқушылар орынды сұрақ қояды
✓ Қызығушылық танытады
✓ Дәлелдер іздейді
✓ Оқу үдерісінен ләззат алады
✓ Өзгенің пікірін өзгертуге дайын болады
✓ Жаңа білімдерімен бөлісуде белсенділік танытады
Дәстүрлі оқыту мен диалогтық оқыту арасында қандай айырмашылықтар бар?
Дәстүрлі сабақ пен диалогтық оқытудың арасындағы айырмашылықты былай
саралап көрсетуге болады.
Дәстүрлі оқытуда:
— Оқушы оқулықтағы дайын білімді жаттанды әдіс арқылы меңгереді;
— Сабақ барысында тек белсенді үш-төрт оқушы сабаққа жауап береді;
— Оқушы мұғалім көмегіне жүгінеді, өз бетінше ой түйе алмайды;
— Мұғалім өзі ғана баға қояды, оқушы пікірімен санаспайды.
Диалогтық оқыту үдерісінде:
— Оқушы қалай және қайтіп оқуды біледі;
— Мәтінге байланысты сыни көзқарасы қалыптасады, өзіндік пікірі дамиды,
ой қорытуға дағдыланады;
— Өз ойларын еркін айтуға үйренеді;
— Өзін-өзі реттеу, өзгені сыйлауға бейімделеді;
— Өзін де, өзгені де бағалай алады [11].
Сыныптағы диалогтың маңызы. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің
маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде
диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім
деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған авторлардың
зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен
бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер
ететіндігі айтылған. Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму
әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті
оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас
жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде
қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский оқушылар
өздерінің Жақын арадағы даму аймағында (ЖАДА) жұмыс істесе, танымдық
дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен
қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл
тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын
ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты
қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп
есептейді. Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім
алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға
әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек
білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері
болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ.
Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА
аясында қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. Выготскийдің оқуда сөз,
сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге негізделген
(эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына
соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда
ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, тал- дау
және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және
Ходжкин- сон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе
құрылып, оқу барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды
мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен
пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті.
Диалогтық оқыту :
➢ Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
➢ Оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне
көмектеседі;
➢ Оқушылар өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
➢ Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай
екенін түсінуге көмектеседі [12].
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып
төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту
қажеттігі сипатында болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге
қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: Бұл көзқарас қызықты екен
деп айтады-ау деп оқушылардан күтуге болмас. Зерттеу көрсетіп отырғандай,
мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың жауаптарын
қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың
ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды. Сыныптағы
диалогтік әңгімені дамытуАлександер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас
жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар
екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға
жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар
(сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-
жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда
немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.
Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны
оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Мерсердің зерттеуіне
сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және
әңгіменің үш түрі бар:

➢ Әңгіме-дебат;
➢ Кумулятивтік әңгіме;
➢ Зерттеушілік әңгіме.
Оқуда қолданылатын әңгіме түрлері.
Әңгіме-дебатжүргізілу үстінде:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде
қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне Иә, бұл солай, Жоқ, олай емес деген бағытта
жүзеге аса- ды;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе
береді;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың
өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде
дәлелдеме көрінеді;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де,
келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу). Көптеген талқылаулар,
әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық
түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің
зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.
Зерттеушілік әңгіме. Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың
білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасында байланыс бар екені анықталды.
Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік
әңгіме–мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып
табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз
сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады,
бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір
алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен
түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ой- ланады.
Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады;
болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар мүмкін, егер,
бәлкім деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін
сондықтан деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда
Солай емес пе? деген сұраққа сүйенеді. Осындай сценарий бойынша оқушылар
бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың
дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл әңгіме олар
үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген
жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.
Оқушылардың білімі мен білігін ауызша тексеру. Оқушылардың білімі мен
білігін тексерудің ең жиі қолданылатын негізгі түрі жекелеп және жаппай
сұраудан тұрады. Ауызша сұрақ қоюдың артықшылығы мұғалім оқушының жауабын
көзбе-көз тыңдап, талдайды және бағалайды. Әр оқушының дара ерекшеліктерін,
қабілетін, есін, ынтасын, ойлауын, сөйлеу мәнерін жетік біліп алуына
мүмкіндік туады.
Ауызша сұрау білімді тексерудің барынша қиын түрі болып есептелінеді,
себебі оқушылардың үй тапсырмаларын қалай дайындап келгеніне байланысты
анықталады. Ауызша сұрау жеке дара жауап алу, қатарынан жаппай жауап алу,
тығыздатылған жауап алу болып бөлінеді. Қысқа мерзімді ауызша сұрау жаңа
сабақты түсіндіруден бұрын тірек білімді еске түсіру үшін, сабақтың соңында
жаңа материалды бекіту үшін жүргізіледі. Ұзақ мерзімді ауызша сұрау белгілі
сұрау белгілі бір тақырыптан оқушылардың алған білімін, қайталау, пысықтау
және тексеру мақсатын көздейді.Ауызша сұрақ қою кезінде ең маңызды
әдістемелік мәселені және қалай сұрайтынын анықтау.Тәжірибесі аз мұғалімдер
түсіндірілетін жаңа сабаққа қатысты болмаса да осының алдында өтілген
сабақтың материалдарын сұрайды, оқушылар еске сақтағанын ғана айтып беретін
жалпылама сұрақтар қояды. Сұраудың тиімділігін арттыру үшін мұғалім
оқушыларға оның мақсатын, мазмұнын түсіндіреді, қажет болған жағдайда
затты, құбылысты, заңды, теорияны сипаттаудың, дәлелдеудің және
тұжырымдаудың жалпы жоспарын береді. Мәселен, периодтық заң және периодтық
жүйе өтілгенге дейін химиялық элементті сипаттау жоспары: 1 химиялық
символы; 2 салыстырмалы атомдық массасы; 3 түзетін жай заты; 4 жай
затының физикалық қасиеттері; 5 химиялық қасиеттері; 6 табиғатта кездесуі;
7 бос күйінде зертханада және техникамен алынуы; 8 валенттігі; 9 түзетін
химиялық қосылыстары. Периодтық заң және атом құрылысы өтілгеннен кейін
жоспар күрделеніп, бұрынғыларының үстіне; элементтің периодтық жүйесіндегі
орны, атом құрылысы, тотығу дәрежесі және оларға сәйкес түзетін
қосылыстарының сипаттамалары қосылады.
Сұрақтардың мазмұнымен бірге қойылу түрінің … жалғасы