Террористті арбамен тоқтатқан қаңғыбас абақтыға тоғытыла жаздады

0

Террористті арбамен тоқтатқан қаңғыбас абақтыға тоғытыла жаздады

Террористі арбамен тоқтатқан қаңғыбас абақтыға тоғытыла жаздады. 

Майкл Роджерс Австралияда аса танымал адам. Оны жергілікті халық «Арбалы азамат» деп атап кеткен.
Ағымдағы жылда Майкл Роджерс жергілікті тәртіп сақшыларына террористі ұстауға қол ұшін беріп, оны арбамен соққылаған. Бұл жазба желіде тараған.

Артынша ол азамат қаңғыбас екені белгілі болып, жергілікті адамдар қайырымдылық қоры арқылы оған 145 мың доллар жинап берген.

Мұны естіген азамат жергілікті тәртіп сақшыларына өзі еркімен келіп кейінгі уақытта дүкеннен 500 доллар мен белгісіз бір адамның велосипедін ұрлағанын мәлімдеген.

Сот ер азаматты шартты түрде бас бостандығынан айырып, оған кешкі тоғыздан таңғы алтыға дейін үйден шығуға тиым салған.

Майкл Роджерс бұған дейін нашақорлықпен айналысқаны үшін 5 айға абақтыға тоғытылған. Енді ол мәжбүрлі түрде ем алуға міндеттеліп отыр.

Дереккөзі: