Реферат: Технология | Негізгі құралдар оларды жіктеу және бағалау

0

1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер;үйлер;ғимараттар;көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдықтар); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондврғылар мен лабараториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа да машиналар мен құрал-жабдық;көлік құралдары;құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға(ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрә жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына(машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажетті материалдық жағдайын жасайды(ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш і – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени – тұрмыстық(ғимараттар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізіг құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісіген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші «Жер», 122-ші «Үйлер мен ғимараттар», 123-ші «Меншікті және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар», 124-ші «Көлік құралдар», 125-ші «Басқа да негізгі құралдар» шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған(тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысты тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құралдар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтар жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүлікті және мүлікті емес болып бөлінеді. Мүліктікке(заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар(үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары(ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы) яғни заттық нысыны жоқ шығындар (жер учаскілері, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау т.б.) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге(топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар(соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабараториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлік; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға(ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсынының құрамына енетіндер:
Жер – субъект меншігіне сатып алынған жердің көлем құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек.Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады.
Үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады.
Ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынын және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Өткізгіш тетіктер(қондырғылар) – электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары(электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:
Күш беретін машиналар және жабдықтар – жылу және электр энергиясын өндіретін генератор машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігіне жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер).
Жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктор, ағаш кесетін аралар).
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораториялрда пайдаланылатын пртборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар).
Есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары)
Басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа құрал – жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар).
Көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
Құрал – сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттар да мүліктік объекті бола алады.
Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объекті бола алады.
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.
Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс – жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады.
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалынуы үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту).
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соғнегізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалынатын шығыстар;
Құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша – сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезінде құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілген сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегенднгі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады.
Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде
Жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары, т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегерген соң, жердің бастапқы құны есептелінеді.
Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша – объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса.
Құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар — өздерінің келісілген бағасы бойынша;
Субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша – сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал-жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығындар;
Тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша – құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде);
Айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің – бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған(берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер де жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі.
Жас малдарды негізгі табынға аударған кезде – малдарды өсірудің нақты өзіндік құны.
Негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша – жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
Жас өсімдіктер бойынша — өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
Толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша – оларды ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша — жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Ағымдық құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәлімеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
— пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
— нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
Негізгі құралдардың есебі 12-ші «Негізгі құралдар» бөлімшесінің мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі: 121-ші «Жер», 122-ші «Ғимараттар мен құрылғылар», 123-ші «Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер», 124-ші «Көлік құралдары», 125-ші «Басқа да негізгі құралдар».
Сонымен бірге, 126-шы «Аяқталмаған құрылыс» шотында аяқталмаған күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас малдарды өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдалануын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу

Негізгі құрал өндіріс прцесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану прцесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық (моралдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номеклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда ( ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады) ; жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.
№6-шы «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандарты (БЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдарбойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің! Құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, сына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары.
Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін есептеу үшін 13 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 131 «Үйлер мен ғимараттардың тозуы», 132 «Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы», 133 «Көлік құралдарының тозуы», 134 «Басқа негізгі құралдардың тозуы» пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген шоттардың әрқайсысына мынадай аралық шоттар ашылуы мүмкін: 1 «Меншікті негізгі құралдардың тозуы» және 2 «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы».
12-ші бөлімшенің шоттарында (122-125 шоттар) есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады. Амортизацияны есептеген кезде шоттардың келесі корреспонденциясы жасалынады, ол төменде келтіріледі.
Реттік № Шаруашылық операциялардың мазмұны Сомасы, теңге Шоттар корреспонденциясы
дебет кредит
1. Қолданыстағы, негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы:
— негізгі өндіріс цехтарында пайдаланған негізгі құралдардың амортизациясы (технологиялық құрал-жабдықтар)
— көмекші өндіріс бойынша

540 000
197 000

935
935

131-134
131-134
2. Негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы:
а) жалпы өндіріс цехтарында есептелген амортизациясы

398 000

935

131-134
б) басқару-әкімшілігіндегі объектілерінде есептелген амортизациясы

293 000
821
131-134
в) әлеуметтік аясындағы
170 000 946 131-134
г)өнімді сату бөліміндегі есептелген амортизациясы

160 000
811
131-134
д) тау-кен өндірісіндегі маусымдық дайынды жұмыстарында пайдаланған объектілеріне есептелген амортизациясы; жерді жақсарту шараларында пайдаланған объектілеріне есептелген амортизациясы

80 000

343

131-141
Жалпы 1 838 000 х х
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдарды жалға алушы жасайды. Амортизация сомасы өндіріс шығынжарының есебін жүргізуші 126,935,946,821 шоттардың дебетінде және 13-ші бөлімшенің 131, 132, 133, 134 шоттарының 2-ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы» деп аталатын аралық шотының кредитінде көрініс табады.
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалға алынушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 2-ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы» деген аралық шотының дебеті бойынша және 13-ші бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:
— құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
— құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
— жеделдетіп есептен шығару;
— құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.
Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацмяны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.
Бұл тәсілде аиортизациялық соманы аудару үшін:
— қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа-райының оған тигізетін әсері т.б.)
— Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк авто көлігінің бастапқы құны – 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.
Негізгі құралдардың амортизацияның бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.

осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың тенгеге тең болады (18 000 : 12).
Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
Мерзімі Бастапқы құны Амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған тозу сомасы Қалдық құн
Сатып алған мерзімі:
1-ші жылдың аяғында
2-ші жылдың аяғында
3-ші жылдың аяғында
4-ші жылдың аяғында
5-ші жылдың аяғында
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000
18 000
18 000
18 000
18 000
18 000
18 000
36 000
54 000
72 000
90 000
82 000
64 000
46 000
28 000
10 000
Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланады, яғни ол объектінің пайдаланылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.
Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындады делік, ал оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.
(Бастапқы құн – жойылу құны) : орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері = (100 000 – 10 000): 900000 км = 0,10 теңге
Егер пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол жүрсе, екінші жылы – 300000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100000 шақырым, төртінші жылы – 200000 шақырым және бесінші жылы – 100000 шақырым жол жүреді деп шамаланса – амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу
Мерзімі Бастапқы құн Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған жылдық аморти-
зацияланған сомасы Айға есептелген амортизацияның сомасы (теңге)
Сатып алған мерзімі:
1-ші жылдың аяғында
2-ші жылдың аяғында
3-ші жылдың аяғында
4-ші жылдың аяғында
5-ші жылдың аяғында

100 000

100 000

100 000

100 000

100 000

40%х100000=40000

40%х60000=24000

40%х36000=14400

40%х21600=8640

2960

40000

64000

78400

87040

90000

3333

5333

6533

7253

7500
Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.
өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.
Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады:
а) Кумулятивтік әдісі
ә) Азайып отвратын қалдық әдісі.
Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда — өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5:15 бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4:15 бөлігіне, үшінші жылы 3:15, төртінші жылы 2:15, бесінші жылы 1:15 бөлігіне.
Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының қосындысы, ал алымында: бірінші жыл үшін – 5, екінші жыл үшін – 4, үшінші жыл үшін – 3, төртінші жыл үшін – 2, бесінші жыл үшін – 1 болатын бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизациялаушы құнға (90000 теңге) көбейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.
Төменде негізгі құралдардың тозуын (амортизациясын) кумулятивтік әдісі бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) кумулятивтік әдіс бойынша есептеу
Мерзімі (жылдары) Бастапқы құн Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған жылдық аморти-
зацияланған сомасы Айға есептелген амортизацияның сомасы (теңге)
Сатып алған мерзімі:
1-ші жылдың аяғында
2-ші жылдың аяғында
3-ші жылдың аяғында
4-ші жылдың аяғында
5-ші жылдың аяғында

100 000

100 000

100 000

100 000

100 000

5/15х90000=30000

4/15х90000=24000

3/15х90000=18000

2/15х90000=12000

1/15х90000=6000

30000

54000

72000

84000

90000

2500

4500

6000

7000

7500
Кестенің мәліметтерінен кумулятивтік әдіс бойынша есептелген амортизация сомасы объектіні пайдаланудың бірінші жылында күрт өсіп, соңғы жылдарында азайғанын көреміз.
Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселеген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет ету (пайдалану) мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20 %болады (100%:5).
Екі еселенген нормасыменесептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы мынаған тең 40%(20%х2) болады. Бұл белгіленген ставка (40%) қалдық құнға әрбір жылдың соңында жатқызалыда.
Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелінетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады. Автокөліктің бастапқы құны 100000 теңге. Бес жыл бойы амортизация мынадай мөлшерде есептелінеді.
Мерзімі (жылдары) Бастапқы құн Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған жылдық аморти-
зацияланған сомасы Айға есептелген амортизацияның сомасы (теңге)
Сатып алған мерзімі:
1-ші жылдың аяғында
2-ші жылдың аяғында
3-ші жылдың аяғында
4-ші жылдың аяғында
5-ші жылдың аяғында
100 000

100 000

100 000

100 000

100 000
40%х100000=40000

40%х60000=24000

40%х36000=14400

40%х21600=8640

2960
40000

64000

78400

87040

90000
3333

5333

6533

7253

7500
Халықаралық практикада баяу амортизация деп аталатын әдіс бар, мысалға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдаланудың бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгетудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.
Мысал. : “Әлия” ЖШС 1998 жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге тұратын сауда құрал-сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл.
Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал 2001 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.
Есеп қағидасындағы өзгерістің әсерін есептеу және оны көрсету мынадай жолмен жасалынады:
Кезеңі Кумулятивтік әдіс бойынша амортизацияны есептеу Бірқалыпты әдіс бойынша амортизацияны есептеу
1999 жыл (1608333-3760)х15/120=200572 теңге (1608333-3760)/15=106971 теңге
2000 жыл (1608333-3760)х15/120=187200 теңге (1608333-3760)/15=106971 теңге
2001 жылға жинақталған амортизациясының сальдосы
200572+187200=387772 теңге
106971+106971=213942 теңге
Амортизацияны есептеу 1999 жылдың 1-ші қаңтарынан басталған.
Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша есептелінеді:
15х(15+1)/2=120.
Екі әдісті пайдаланудың салдарынан 173830 теңгеге айырма пайда болған, осы пайда болған айырма таратылмаған табысқа жатқызылады.
Негізгі құралдарды жөндеудің есебі

Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері (негізгі бөлшектері мен детальдары, құрылымдық элементтері) негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен салыстырғанда (запас бөлшектері мен детальдары) неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Негізгі құрал-жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай (ағымды) етіп бөледі.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың объектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі деп бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан қайта өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына (двигателін, мостыларын, жылдамдық коропкасын) машина маркасына байланысты алдын-ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмысы жасалынады.
Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөндеуі кезінде тозған құрылымдары мен детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстырылады.
Күрделі жөндеулер негізгі құралдың пайдалану мерзімін, өндіріс қуаттылығын, көлемін, жылдамдығын, болашақта оның экономикалық табыстылығын арттырса, онда ондай шығындар негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді, ал барлық қалған жағдайда ондай шығындар ағымдағы шығын ретінде танылады және ол оның бастапқы құнына әсер етпейді.
Мысалы. Кәсіпорындағы автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге құраған және оның пайдалы қызмет ету мерзімі 8 жыл болған. Бес жыл пайдалағаннан кейін автомашинаға құны 290 000 теңге тұратын жаңа двигатель салынған, сонымен қоса 45 000 теңге тұратын оң жақ қанаты (крылосы) ауыстырылған. Бұл жерде автомашинаның двигателі, оның бастапқы құнын өсіреді, ал 45 000 теңге тұратын крылосы ағымдағы шығын ретінде танылады.
Ағымдағы жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Оны негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал-жабдықтардың тозуының алдын алу үшін күні бұрын жоспарланып қойған жөндеу жұмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.
Жөндеу есебінде атқарылған (орындалған) жұмыс түрі барлық трі бойынша рәсімделеді, жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілер (автожөндеу, жөндеу-құрылыс шаруашылығын жүргізуші субъектілер) жөндейді; ал шаруашылық тәсілі бойынша жөндеу субъектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.
Мердігерлік ұйымдармен жасасқан шарт негізінде негізгі құралдардың мердігерлік тәсілмен жасалған ағымды және күрделі жөндеулері үшін субъект жөнделетін объектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жөндеу жұмыстарының еңбек ақысын төлейді. Жабдықтар мен көлік құралдарын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айырысуды объект тұтастай біткен соң жасалынады. Есеп айырысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонденциясы жасалынады.
Күрделі жөндеуден өткен негізгі құралдарды қабылдап алу “Күрделі жөндеуден өткен, қайта құрастырылған және жаңартылған негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі” бойынша құжатталады. Субъектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметкерлері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілдерінің қол қойған актісі субъектінің бухгалтериясына қайта тапсырылады. Актіге бас бухгалтер қол қояды, оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Реттік № Шаруашылық операциялардың мазмұны Сомасы, теңге Шоттардың корреспонденциясы
дебет Кредит
1. мердігерлердің орындаған және акт бойынша қабылданған жөндеу жұмыстары бойынша жазылған шоттары келісілді (акцептелді):
негізгі өндіріс 160000 934 671
көмекші өндіріс 50000 934 671
әлеуметтік сала 20000 945 671
ТМЗ сақтау және сату 4000 811 671
жалпы және әкімшілік шығындарға жататындар 40000 821 671
ЖИЫНТЫҒЫ 274000 — —
ҚҚС, 16% 43840 331 671
БАРЛЫҒЫ 317840 — —
2. Орындалған және қабылданған жұмыстар үшін мердігерлердің шоттары төленді
317840
671
441

Негізгі құралдардың жөнделген объектісінің техникалық төлқұжатында күрделі жөндеуден өткен объектінің қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ техникалық төлқұжатына қайта құрастыруға және жаңартуға байланысты өзгертулер енгізілуі мүмкін.
Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу, қайта құру және жаңарту жүргізген субъектіге береді.
Шаруашылық тәсілмен негізгі құралдарды жөндеу цехтан тыс жерлерде жүргізілсе, онда (үйлер, ғимараттар, тұрғын үйлерді, комуналдық және мәдени –тұрмыстық құрылыстыарды, сондай – ақ басқа қозғалмайтын объектілерді жөндеу) шығындары тікелей өндіріс шығындарына жатқызылады. Мұндай кезде өндіріс шығындары немесе айналым шығындары мына шоттардың (126, 934,945,811,821 шоттар) дебетінде, ал оларға кеткен материалдардың есебін мына шоттардың (201 – 206, 208), еңбек ақысы мен әлеуметтік аударымдарына мына шоттардың (681, 634), жабдықтаушылармен, еншілес және тәуелді кәсіпорындармен есеп айырысуына мына шоттардың (671, 641 – 643) кредитінде көрініс табады.
Жабдықтардың автомашиналардың, тракторлардың, мүліктердің және басқа да негізгі құралдардың объектілерін жөндеу, шығындары 920 – шы “Көмекші өндірістер” шотында, “Жөндеу цехы (өндіріс)” деп аталатын аралық шотында, шығын баптарының мынандай номенклатурасы бойынша есептеледі:
Материалдар – жөндеуге жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің және басқалардың құны. Материалдар өндірістік щығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.
Жұмысшылардың еңбек ақы төлеу – жөндеу үшін есептелген еңбекақы сомасы.
Еңбекақыдан есептелген аударымдар – жұмысшылардың еңбек – ақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған және басқа да қорларға аударылады. (21%)
Электір энергиясы, жылу, газ, бу — жөндеу цехтарының технологиялық және басқа қажеттіліктеріне электір энергиясының, жылудың, газдың, будың шығындары.
Қосымша шығындар – жөндеу цехтарының жалпы өндірістік мақсаттағы шығындары (цехтарды басқаруға жұмсалған шығындар, цех жабдықтарының амортизациясын, оның ұстау, жөндеу және басқалары).
Жөнделген әрбір объектіге кәсіпорынның жөндеу цехтарының көп жолды карточкасы ашылады және жөндеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен кейін объектілерді акт бойынша тапсырыс берушілерге табыстайды. Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалынады:
ҚҚС сомасына (16%) 51200 301 633
Кәсіпорынға қажет болған жағдайда, және жөндеуге кеткен шығынды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты тарату үшін, субъектілер резервтік қор құруына болады. Қорды құру үшін, жылдық сметалық (бюджеттік) шығыннан ай сайын қаржы аударып отырады.
Егер кәсіпорын жөндеу қорын құратын болса, онда ол ай сайын жөндеудің барлық түрі үшін осы қорға жылдық қаржының (сметаның) 1/12 мөлшерінде аударымдар жасалады. Жөндеу қорына аударымдар жасалса, онда 126, 811, 821, 934, 945 – шоттары дебеттеледі де, 686 – шы “Басқадай есептелген шығыстар” шотының “Жөндеу қоры” деп аталатын аралық (субшоты) шоты кредиттеледі.
— егер жөндеу мердігерлік тәсілмен орындалған болса, 671-ші шотынан;
— егер жөндеу шаруашылық тәсілмен жөндеу цехында орындалған болса, 920-шотынан;
— егер жөндеу шаруашылық тәсілмен жөндеу цехынан тыс жерде, жылжымайтын объектілерде (үйлер, ғимараттар және т.б.) орындалған болса, 201-206, 208, 641-643, 671, 681 және т.б.
Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды жаппаса, онда, есептеу қағидасына сәйкес, артық жұмсалған шығындар кәсіпорынның шығындарына жатқызылады, яғни 811, 821, 934, 945 шоттарына. Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды толығымен жауып, артылып қалса, онда пайдаланбаған резервтер қызыл жазумен жазылады. Өйткені 686 шотында қалдық қалдырылмайды. Жөнделетін негізгі құралдардың объектісінен алынған деректердің көмегімен дер кезінде бақылау жасап тұру мақсатында, негізгі құралдардың объектісіне жөндеу жасалып жатқан кезеңінде олардың мүліктік (инвентарлық) карточкасы карточкалардың “Жөндеу” бөліміне орналастырылады.
Жөндеудің аяқталануына қарай, жөндеуден қабылданған объектілердің карточкалары бұл бөлімнен картотеканың негізгі құралдар топтары бойынша тиісті бөлімдеріне ауыстырады.
Жалгер – кәсіпорын негізгі құралдарға кеткен шығындарын келісілген шарт жағдайына сай етіп көрсетеді, жөндеу жұмысының аяқталуына қарай мына шоттарға есептен шығарылады:
— егер де келісім-шарт жағдайы бойынша жалға алушы кәсіпорын өз қаражатының есебінен өтесе, онда 821 шоты дебеттеліп, 671, 920 шоттары кредиттеледі;
— егер де келісім-шарт жағдайы бойынша бұл шығынды жалға беруші кәсіпорын өтесе, ол кезде 334 “Басқа да” шоты дебеттеліп, 671, 920 шоттары кредиттеледі;
— егер де жалға алушы-кәсіпорын, жалға беруші кәсіпорынға алдағы кезеңдегі берешегінің есебінен өтесе, ол кезде 687 “Басқа да” шоты дебеттеледі, 671, 920 шоттары кредиттеледі.

Негізгі құралдарды түгендеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу

Негізгі құралдарды түгелдеу. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.
Бухгалтерлік есептің 24 “Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру” деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.
Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық еепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдей жүргізіледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау. 6. БЕС сәйкес негізгі құралдың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп тұрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілер заңмен ұштастырылған негізгі құралдардың индексациялауының ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алды. Қайта бағалаудың барысында негізгі құралдардың нақты бары және құрылымды, олардың нақты ағымдағы (нақтық) құны мен тозу дәрежесі туралы дәл және толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін аықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай – ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды рөл атқарады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициалық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі құралды қайта бағалау техникалық прогресстің дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, Қазіргі заман талабына сай ұдайы өндірісті жетілдіруге қажетті жағдайларды жасап, негізгі құралдарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Негізгі құралды қайта бағалауды жүргізу үшін түгелдеу комиссиясы сияқты

комиссия құрады және көптеген бағалаушыларды шақырады, ал олар сол бағалау күніне сәйкес келетін бағасын шығарады. Қайта бағаламастан бұрын, сол негізгі құралдардың белгіленген тәртіпте түгелдеуін жүргізеді. Негізгі құралды қайта бағалау үшін, олардың бастапқы құны, қызмет ету мерзімі, техникалық жағдайы қайта бағалаудың ең негізгі мәліметі болып табылады, яғни қайта бағалау кезінде оларды негізге алады.
Есеп беруде негізгі құралдың мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп берудің келесі ақпараттардың мәні ашылуы тиіс: негізгі құралдың әрбір түрі бойынша бастапқы құны; пайдалануға берілген және есептен шыққан кезі; Бастапқы құнның өзгеру себептері; амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсіл; есептік кезеңнің басына және соңына жинақталған амортизация сомасы; егер де қайта бағалау жүргізілсе: әрбір негізгі құралдың ағымдағы құны; бағалауды жүргізудің кезеңі және күні, әдісі, сондай – ақ эксперттік бағалауды кімнің жүргізгені т.б.
Сондай – ақ, қаржылық есеп берудің пайдаланатындар үшін уақытша пайдаланбай тұрған негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдағы құны, міндеттемесі үшін кепілдікке берілген негізгі құралдар., аяқталмаған құрылыстың есептік кезең соңына қалған құн т.б. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!