Астанада тұрғын құрылысы бітпеген үйде сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады (фото)

0

Астанада әлі құрылысы бітпеген үйде сүйіктісіне ұсыныс жасаған азамат жұрттың назарын аударды. Аталған баннердің суреті Instagram әлеуметтік желісіне тарап кеткен.

Елордада белгісіз азамат «Көркем Тауэрс» тұрғын үй кешенінде Мадина есімді сүйіктісіне сезімін білдірген. Ол баннерді құрылысы аяқталмаған ғимаратқа іліп кетіпті.

«Мадина, мен сені жақсы көремін. Маған тұрмысқа шығасың ба? Мен сенің табаныңа барлық әлемді тастаймын», — деп жазылған баннерде.

Алайда бұл сөздердің қай Мадинаға арналғаны белгісіз.

https://www.instagram.com/p/BpTlCo1FSHE

Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары Мадина есімді қыздарға бақыт тілеген. Кейбірі тіпті, «бұл жазулар маған арналған» деп қалжыңға айналдырған.