Алматыда «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламасымен үйлі болғандар баспанамыздан айырылатын болдық деп қорқып отыр — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда өткен жылы ғана үйлі болған 72 отбасы баспанасыз далада қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Бұл шуды естіген тағы 72 жанұя пәтерлеріне көшіп келу-келмеулерін білбей, жандарын шүберекке түйіп отырғанын айтула. Олардың басым бөлігі өткен жылдан бері жыр болған «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламасымен үйлі болғандар, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бірақ, былық тек адамдар пәтерді алып қойғаннан кейін ашылып отыр. Сөйтсе, ол көпқабатты үйлер бой көтерген жер телімін қолдануға тыйым салынған екен.
Ол жерде тұрғызылған үйлер былтырдан бастап пайдалануға беріліп қойған. Көпшілігі пәтерді «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша алып, қоныс тойын тойлап та қойыпты. Бірақ, баспаналы болдық деп қуанған тұрғындар бүгінгі күні үреймен отыр. Себебі, көпқабатты үйлер басқа компанияға тиесілі жерге заңсыз салынған болып шығып, бұл іс сотқа бір-ақ жеткен.
Өздерінің тұрғын үйінің заңсыз жерге тұрғызылғанын естіген жұрт енді бізді үйден қуып шықпақ деп шырылдауда.
«Құрылыс компаниясы біздің үйдің орналасқан жерін сотқа берген. Енді бәрімізді тоқтатпай сотқа шақырып жатыр. Олар бізді үйімізден қуып шықпақ. Не пәтер үшін төлеген ақшаны да қайтарып бермейміз деп отыр. Онда біз далада, тіземізді құшақтап қаламыз ғой»,- дейді баспаналы болған Алматы тұрғыны Дәния Ысқақова.
Ал, жоспар бойынша ол жер учаскесінде 3 бірдей көпқабатты үй салынуы керек екен. Олардың бірі аяқталып пайдалануға берілгенімен, үй иелері бүгінде сергелдеңге түсіп жүр. Бұдан бөлек, екінші тұрғын үйдің де құрылысы аяқталып қалыпты. Бірақ, соңында жерге байланысты мынадай дау туғаннан кейін қалған үй иелері пәтерлеріне не көшіп келерін, не келмесін білмей дал болуда.
«Пәтердің кілтін алып, жөндеу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. 4 моллионға банкке кепіл қойғанмын. Жөндеу жұмыстары да 2-3 аптаның ішінде біткелі тұр. Ал, қазір осындай сұмдықты естіп отырмыз», — дейді Алматы тұрғыны Бағдат Қаленов.
Жаңа қоныс иелерінің қорқынышына айналған құрылыс компаниясы болса, ол жер телімін 2 жыл бұрын сатып алғандарын айтады. Алайда, Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорыны бұған дейін рәсімделген 2014 жылғы келісімді заңсыз деп, сотқа жүгініпті.
«Бұл жерді біз салып алып, тіркеуден өтіп қойғанбыз. Сондай-ақ, келісім кезінде де үшінші тарап деген сөз болған емес. Құжат бойынша да жердің заңды иесі біз. Бұған дейін не болғанында хабарым жоқ, ол жерді біз 2017 жылы салып алғанбыз»,- дейді «ЖВК» ЖШС директоры Саяуш Нұртазин.
stan.kz