Үгілмелі печеньені қалай пісіреді? |
Құрамы:
200 гр маргарин/сары май
60 гр қант ұнтағы
1 дана жұмыртқа
280-300 гр ұн
ванилин
Дайындалуы:
Аталмыш заттардың барлығын араластыра отырып, жұмсақ қамыр илейміз. Ұнды елеп салуды ұмытпаймыз! Қамырды бірнеше кішкентай бөліктерге бөлеміз. Үстіне жұмыртқаның сарысын жағып, 200 градус ыстық пеште қызартып пісіреміз. Дайын болған печеньенің үстіне қант ұнтағынан сепсеңіз де болады. Үгілмелі печенье дайын!
Ас болсын!
Дереккөз: Reactor
reactor.inform.kz