Алматы облысында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылды

0

Алматы облысында бұған дейін жоғалып кеткені хабарланған 18 жастағы студент Айгүл Амангелдінің денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Полиция дерегінше, Амангелдінің денесі 19 мамыр күні 17.30-да Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылының маңынан табылған.

Tengrinews сайты «Туыстары мәйіттен Айгүл Амангелдіні таныды. Денесінде оған зорлық жасалғанын көрсететін із жоқ. Алдын ала дерек бойынша, Амангелді өзіне-өзі қол жұмсаған. Сот-медициналық сараптамасы өлімнің нақты себебін анықтайды» деген полиция сөзін келтіреді. Департаменттің хабарлауынша, «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Айгүл Амангелді 13 мамырда Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып кеткен. БАҚ-тың хабарлауынша, Амангелді оқу орнына емтихан тапсыруға бара жатқан. Бірақ университетке келмеген. Полиция студентке іздеу жарияланғанын 15 мамырда хабарлады. Оны іздеуге туыстары мен еріктілер де қатысқан.

Azattyq