«Евровидение-2019» бас жүлдесін Нидерланды әншісі алды
«Евровидение-2019» бас жүлдесін Arcade әнін орындаған Нидерланды әншісі Дункан Лоуренс жеңіп алды. Екінші орынды — италиялық әнші Алессандро Махмуд, үшінші орынды — ресейлік әнші Сергей Лазарев иеленді. Махмуд — «Сольди» әнін, Лазарев — Scream әнін орындаған.
Байқау жеңімпазы Лоуренс — 25 жаста. 2014 жылы Нидерландыдағы «Дауыс» байқауына қатысып, жартылай финалға дейін жеткен. Осыдан соң рок-академиясында оқып, 2019 жылы тәмамдаған.
Ресейлік әнші Лазарев «Евровидениеге» осымен екінші рет қатысты. 2016 жылы Стокгольмде өткен байқауда You Are The Only One композициясын айтып, үшінші орынды иеленген еді.
ВИДЕО: Дункан Лоуренстің орындауындағы Arcade әні.