Евровидение 2019: байқауда кім жеңді
Қысқа сілтеме алу
Көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде Нидерланды әншісі жеңіске жетті
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Нидерланды әншісі Дункан Лоуренс «Евровидение 2019» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды.
Лоуренс Arcade әнін орныдаған.
Нидерланды елінің намысын қорғаған әнші көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде жеңіске жетті.
Екінші орынды Soldi әнін орындаған Италия әншісі Mahmood иеленді.
«Евровидение 2019» финалы Тель-Авивте өтті, онда 26 елдің орындаушылары бақ сынасты.
«Евровидение» байқауы өткен жексенбіде Жер орта теңізі жағасында ашылған болатын. Ашылу салтанаты Тель-Авив орталығында өтіп, 41 елдің ұлттық делегациялары «қызыл сары кілем» үстімен жүріп өтті.
Биылғы ұран — Dare To Dream батыл армандауға үндейді.
sputniknews.kz