Аружан Жазылбекова Композитор атты фильмге түсті

0

Елордада Қазақстан мен Қытай бірлесе түсірген алғашқы көркем фильмнің премьерасы өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Белгілі қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова Қазақстан мен Қытай елі бірлесе түсірген «Композитор» атты көркем фильмде ойнады. Туынды қазақ композиторы Бақытжан Байқадамов пен қытайлық композитор Сянь Синхайдың достығы туралы баяндайды.

«Мен Бақытжан Байқадамовтың қарындасы Данаштың рөлін сомдадым. Сянь Синхай оның үйінде тұрған болатын. Бұл рөл актриса ретінде мен үшін өте қызықты, күтпеген ұсыныс болды. Біз қытайлық актер, режиссерлермен бір-бірімізді түсінбейміз деп қорыққан болатынбыз. Өйткені олар қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөйлемейді. Ал біз қытай тілін білмейміз ғой», — деді актриса.

Аружан Сянь Синхайдың рөлін сомдаған қытайлық актер Ху Чжуньге орыс тіліндегі сөздерді үйретіпті.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Қытайлық актер Ху Чжунь

«Мен оны картинада сөйлейтін орыс тіліндегі сөздерді дұрыс айтуға үйреттім. Бұл, әрине, өте күлкілі болды», — дейді Аружан.

Жазылбекова бұл фильмге түсу ұсынысына дейін әйгілі қытайлық композитор Сянь Синхайдың Қазақстандағы өмірі жайлы өте аз білгенін де атап өтті.

«Картинаның сценарийін оқып шықтым. Кейін Қаламқас апамен таныстым. Сянь Синхай сол кісінің үйінде тұрған. Осы кезде ғана бұл оқиғаны толық білдім»,- дейді актриса.

Оның айтуынша, түсірілім басталған кезде қазақстандық және қытайлық мамандар бір-бірін сөзсіз-ақ түсініпті. Актриса бәрі бір тілде, өнер тілінде сөйлескенін айтады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Қытай бірге түсірген алғашқы көркем фильм

Айта кетсек, кеше, 17 мамыр күні  «Қазақстан» орталық концерт залында «Композитор» атты тұңғыш қазақ-қытай көркем фильмінің премьерасы болды.

Картина қытай композиторы Сянь Синхайдың өмірі мен қазақ сазгері Байқадамовпен достығы жайлы баяндайды.



sputniknews.kz