Ержан Максим Голос Дети жобасының арнайы шығарылымына қатысады

0

Ресейлік шоудың арнайы шығарылымы 24 мамырға белгіленген

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. «Голос. Дети» жобасында екінші орын иеленген Ержан Максим байқаудың арнайы шығарылымына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазір тек Ержанның бұл концертке қатысатынын ғана айта аламын», — деді әншінің анасы Гүлмира Әлібек мәдениет және спорт министрлігінде өткен брифингте.
«Голос. Дети» шоуының арнайы шығарылымы 24 мамырда өтеді.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим елордада алғашқы концертін береді

«Бұл конкурс немесе гала-концерт бола ма, қазір ол жағы анықталып жатыр. Бірақ Ержанның қатысатыны анық. Неге қатыспасқа?! Тағы бір рет Бірінші арнада өнер көрсетеді», — деді министр.

Айта кетсек, 28 маусымда қазақстандық жас дарын Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы концертін өткізеді.

«Голос. Дети» төңірегіндегі дау

Осы жылдың 26 сәуірінде Бірінші арнада «Голос. Дети» шоуының финалы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Алсудың 10 жасар қызы Микелла Абрамова 56,5% дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Қазақстандық Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финалдың әділ өтпегенін айтып, шу шығарған еді.

Тағы оқыңыз: «Голос. Дети» нәтижесінің күші жойылды

Осыдан кейін Бірінші арна финал қорытындысын қайта тексеріп, тіпті Group-IB халықаралық компаниясын тексеріске тартты. Тексеріс нәтижесінде шоу кезінде дауыс беру кезеңіне сырттан ықпал болғаны анықталды. Осылайша байқау нәтижесінің күші жойылды.

Енді 24 мамырда барлық финалистің қатысуымен «Голос.Дети» жобасының арнайы шығарылымы өтеді. 



sputniknews.kz