Назарбаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Кездесу барысында өткен жылдың 19 қарашасындағы кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі.
Елбасыға сот жүйесін жаңғырту барысы туралы мәлімделді.
Жоғарғы сот төрағасы соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына деген халық сенімін арттыруға бағытталған 15 заң жобасы әзірленгені туралы баяндады.
Кездесу барысында, сондай-ақ, 2018 жылғы 19 қарашадағы кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды.
sputniknews.kz