Ержан Максим мен Микелла Абрамова дуэт болып ән айтты
Ержан Максим «Голос. Дети» жобасына бірге қатысқан Микелла Абрамовамен бірге ән шырқады
Студияда түсірілген видео Микелланың анасы – әнші Алсудың YouTube арнасында жарияланған.
45 секундтық роликті аз уақыт ішінде 16 мыңнан астам адам тамашалаған. Бірақ видеоның астына пікір жазу мүмкіндігін алып тастапты.
«Голос. Дети» жобасындағы дау
26 сәуірде Бірінші арнада «Голос. Дети» шоуының финалы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Қазақстандық Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды.
Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов Ержан Максиммен кездесті — фото
Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді. Көпшілік жобада Ержан жеңіске жеткенін айтты.
Содан соң, Бірінші арна финал қорытындысын тексеріп, тіпті Group-IB халықаралық компаниясын тергеуге жұмылдырды.
Шоу нәтижесінің күші жойылды
Group-IB хабарлағандай, Микелла Абрамованың нөмірі – 7 санына шектен тыс көп мөлшерде СМС хабарлама автоматты түрде жіберіліп отырған. 300 шақты телефон нөмірінен 8 мыңнан астам хабарлама түсіпті.
Тағы оқыңыз: Ержан Максим Игорь Крутойдың музыкалық академиясында білім алады
Тексерудің бастапқы қорытындысын негізге алған Бірінші арна шоудың нәтижесі күшін жойғанын мәлімдеді. 24 мамыр күні «Голос.Дети» байқауының арнайы бөлімі барлық финалистердің қатысуымен тікелей эфирде көрсетіледі. Ал келесі маусымға дейін дауыс беру механизмі жаңартылмақ.
sputniknews.kz