Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Грузия премьерлері не туралы сөйлесті?

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Кездесу барысында үкімет басшылары бірқатар маңызды құжатқа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Грузияның үкімет басшысы Мамука Бахтадземен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі қарышты дамыту мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның оныншы отырысының қорытындысы қаралды. 2018 жылы Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 34,6%-ға артып, 100 миллион долларға жуықтады. 

Назарбаев Грузияның жаңадан сайланған президентін құттықтады  

Үкімет басшылары өзара тауар айналымын одан әрі арттырудың қолда бар елеулі әлеуетін атап өтті.  

Тараптар экономиканың жекелеген салалары және нақты инвестициялық жобалар бойынша тауар айналымының көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді қабылдауға ниет білдірді. Соның нәтижесінде өзара сауда-саттық көлемдерін қысқа мерзімді кезеңде екі есе ұлғайтып, 300 миллион долларға жеткізу көзделген.  

Транзиттік-көлік саласында, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағыттағы транзиттік тасымалдар 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін 13 еседен астамға артты. Биыл 120 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

ҚР үкіметінің басшысы Асқар Мамин Грузия премьер-министрінің сапары өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға елеулі серпін беретінін айтты.

«Біздің ортақ міндетіміз – елдердің сауда саласындағы өзара іс-қимылына жаңа серпін беретін жобалар мен мүмкіндіктерді жүзеге асыру», — деді А.Мамин. 

Келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.



sputniknews.kz