Қазақстанда ұялы телефондарды қалай тіркеуге болады?

0
Қазақстандық ұялы телефон операторлары абоненттік құрылғыларды тіркеу қалай жүзеге асатынын мәлімдеді. Ол «IMEI-код + SIM-карта + ЖСН» үрдісі бойынша жүрмек. Ұялы телефонды 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеп қойған жөн. Әйтпесе, жаңа жылдан кейін байланыссыз қалу қаупі бар.
Фото: marilyn-monroe.spb.ru

Beeline байланыс оператыор тіркеуді қазірден бастауға дайын. Компанияның баспсөз қызметінде операторлар барлық ақпаратты арнайы бірыңғай жүйеге тапсыру керек екені мәлімделді.

Оператор өз абоненттеріне тіркеудің бес түрін ұсынады.

Мәселен, өз ЖСН-іңізді Beeline нөміріңізден 6914 қысқа нөміріне жіберуіңіз, немесе *691# командасын теруіңіз керек. Оған қоса, сағат таңғы тоғыздан түнгі 01:00-ге дейін 6914 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Сондай-ақ, «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы ЖСН-ді жіберіп тіркелуге мүмкіндік бар.

Одан бөлек, сату мен қызмет көрсету кеңсесіне хабарласып, немесе қажет нәрсені Qiwi терминал арқылы толтыруға жағдай қарастырылған.

Сонымен қатар, қазақстандықтар пошташы қызметін қолданып, өз құрылғысын өз ЖСН-іне тіркей алады.

Beeline компаниясы өз IMEI кодын қалай анықтауға болатынын айтты. Ол үшін бар болғаны *#06# командасын теру керек.

Ал *835# командасы арқылы қосымшадағы «Жөндеу» бөлімінде тіркеудің дұрыс не бұрыс жасалғанын тексеруге болады.

«Теле 2» операторының баспасөз қызметі өз тіркеулерінің екі кезеңде жүретінін мәлім етті. Бірінші кезең басталып та кеткен. Компания өкілдерінің өздері телефондарды тіркеп жатыр. Бұл қадамға баруының себебі, нөмірлердің көпшілігі тұтынушылар атында тіркелгендіктен олардың IMEI кодын көруге мүмкіндік бар.

Ақпараттары толық тіркелінбеген абоненттерге «Теле 2» өз құрылғысын тіркеу керектігі туралы хабарлама таратпақ. Компанияның екінші кезеңі де осы. Тіркеу үшін барлық байланыс құралдары қолданылмақ.

Ол дегеніміз SMS, мобильдік қосымша, веб-сайт арқылы онлайн тіркеу. Сондай-ақ, абоненттер компания кеңсесіне келіп те тіркеуді іске асыра алады.

Ал Kcell компаниясы нөмірі тіркелген абоненттер өз ЖСН-ін SMS арқылы 6006 қысқа нөміріне жіберсе болғаны дейді. Нөмірдің адам атына тіркелмегені жағдайында компанияның кеңсесіне келу керек. Өз нөміріңнің тіркелген-тіркелмегенін білу үшін байланыс орталығына хабарласып анықтауға болады.