Курстық жұмыс: Тіл | Ұрым тілі
[quote] Ұрым тілі
1.0 Түркі тілдес ұрыдар мен грек тілдес румеилер бірлесе отырып, христиандықты уағыздайтын және Қырымнан Солтүстік Азов маңына 1778-1779 жылдары қоныс аударған, ғылымда «мариупольдік гректер» атымен белгілі этникалық топ құрайды. Ұрымдар мен румеи атауларының өзі, біріншіден грек ұлтына тән фактісіне, екіншіден, Шығыс Рим империясы қол астындағыларының ресми атына байланысты, ол империя мұсылман дүниесінде «Румдер елі» (түр. Rum diyari), ал қол астындағылар – «рум тұрғындары, румдықтар» (Rumi) деп аталды. Ұрымдар тілі атауларының нұсқалары: түркі тілдерінің мариупольдік тіл ерекшелігі, татар, қырым-татар, грек-татар; аға буын өз тілін урим дили – урум тили деп атайды.
2.0 Ұрым тілі (Ұ.т.) Украинаның оңтүстігінде, Солтүстік Азов маңында, Донецк обылысының Великоновоселковск, Першотравнев, Старобешевск, Тельман аудандарындағы отыз ауыл мен Запорож обылысының Куйбышев ауданы және Мариуполь қаласы жергілікті тұрғындарының ауызекі-тұрмыстық тілі түрінде тараған. 1980 жылы ұрымдар саны 60 мың адамнан асты. Ұрым тілі этникалық топ ішінде және отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы кезінде қоладнылады. Барлық ұрымдар өз тілінен басқа орыс тілін де меңгреген. Жас ұрпақ арасында өз тілін білу әлсіздігі байқалады. Жалпы әдеби Ұрым тілі жоқ. Тек ауызекі-тұрмыстық тілмен салыстырғанда, лексикасы мен морфологиясында оғыз элементтері басым болатын және барлық адамға түсінікті, ұрым фольклорының диалект үстілік тілі ғана бар.
3.0 Ұрым тілі түркі тілдері семьясына жатады.
4.0 жазба ескерткіштер грек әліпбиімен жазылған кітаптар түрінде сақталған. Бірақ бұл ескерткіштер зерттелмеген. Бұдан басқа ХІХ ғасырдың аяғында жарыққа шыққан. Мариуполь сөйленісінде жазылған кішігірім ұрым мәтіндері бар, сондай-ақ ескі қырым, мангуш, бешев, қаран, игнатьев, янисоль сөйленісінде жазылған ұрым фольклоры жазбаларының ішінара ғана жарық көрген мәтіндері бар. Жұртшылық күнделікті тұрмыста орыс графикасының негізінде жүйесі жасалған жазуды сирек қолданады. Үстіміздегі ғасырдың 30- жылдарындағы мектептерде сабақ өткізуге қолданылған латын әліпбиінің негізіндегі жазу ұрым тілін оқытуды тоқтатқан кезде қолданыстан шықты.
5.0.0 Лингвистикалық сипаттама.
5.1.0 Фонологиялық мәліметтер.
Ұрым тілінде ықшам (қалыпты) және созылыңқы а, , э, э, и, ы, о, о, у, у, (э фонемасы тек қана қыпшақ диалектісінде бар) 10 дауысты фонемасы тек қана қыпшақ диалектісінде бар) 10 дауысты фонемасы бар.
Дауыстылар жасалу жолына қарай былай бөлінеді.
1) еріннің еріндіктерге қатысы /қатыспауы бойынша – 0, о, у, у, езуліктер – а, , э, э, ы, и, 2) тіл арты дыбыстарында тілдің орналасуы бойынша – а, ы, о, у, тіл алды — а,э, э, и, о, у; 3) жақтың қатысына қарай ашық — а, , жартылай ашық- э,о,о, жартылай қысаң – ы, э; қысаң – и, у, у. Созылыңқы дауыстылар көп қолданылмайды және олар ұрымның өз сөздерінде, сондай-ақ араб, парсы тілдерінен енген: уз (
Дауыссыз фонемалар 30. Дауыссыз фонемалардың таптастырылуы мына кестеде көрсетілген:
Дауыссыз
Жасалу тәсілі бойынша Жасалу орны бойынша
Еріндік Тілдік тілшік Көмей
Еріндік ерін Еріндік тіс Тіл алды Тіл ор- Тіл ар-
салдыр тоғысыңқы Ұяң қатаң б
п Д
Т г
к
қ
ызың Ұяң қатаң в
ф З, (ж)
с,ш
(х)
х
(һ)
Афри-каттар Ұяң қатаң д,ж, т,ч, (ц, щ)
үнді Ызың
Мұрын
Жанама
діріл у
м
н
л
р й
ң ғ
Ескерту: 1) х тілшік фонемасының нұсқасы бола тұрып, қ тілшік фонемасы сирек қолданылады; 2) тіл арты х, тіл алды ж, ц, щ, тек кірме сөздерде ғана қолданылады; 3) кірме сөздерде һ көмей спиранты дыбыстың нөлімен немесе тіл арты х-мен ауысады немесе тілшік х-мен ауысады, ал ұрым тілінің өз сөзінде менсінбеуді білдіретін һы одағайында ған кездеседі.
Ұрым тілінің фонетика саласындағы өзіндік ерекшелігі мыналар:
1) Басқа түркі тілдеріндегі тілшік қ дауыссызының орнына тіл арты дауыссыздарынан кейін сөздің барлық күйінде х тілшік фонемасы қолданылады: хара «қара», баха «бақа», хулах «құлақ»; бұлардың қатарына құрамында тіл арты к дауыссыздары бар, бірқатар кірме сөздер жатпайды: комната (< орыс), клукша –клук- кулук (славян) «ұябасар», кувал (< укр. коваль) «ұста», даскале (< грек) «мұғалім»; 2) тіл алды дауыстыларының алдында жіңішкерген және жабысыңқыланған d мен m’- ның жалпы түркілік тоғысыңқы тіл арты г мен к орнына қолданылуы: т’ел –d’ел — жалпы түркілік кел – орнына гел –«келу»; m’eде «мысық» кеди орнына; m’ ийиз «киіз» кийиз орнына; д’ ебер – «өлу» кабар – гебер – орнына; 3) басқа түркі тілдеріндегі тоғысыңқы г орнына тіл ортасы й-дің қолданылуы: гуз ал орнына йузал «сұлу», канди-генди орнына йенде «өзім» ; 4) мұрын тоғысыңқы тіл арты ң дауыссызының бір говорларда кездесуі, екіншісінде кездеспеуі және үшіншісінде факультативті болуы: 5) қырым-татар тілдері сөйленістерінен алынған һ көмей спирантының болмауы; 6) басында кездесетін г, д, ж, ұяңдарының болар-болмас қатысы кезінде, қатаң к, т, с, х, ч, ш дауыссыздары бар сөздер қатысы басым болады. Сонымен бірге қатаң п дыбысының болар- болмас қатысы кезінде, қос ерінді ұяң шұғыл б дыбысының басым болуы, сол сияқты ж аффрикаты түріндегі оның вариацияларының болар-болмас қатысы кезінде, сол күйдегі тіл ортасы й үнді дыбысының басым болу жағдайлары кездеседі.
Барлық атауыш сөздерде екпін күшті болады да, ол сөздің соңғы буынына түседі. Демеуліктер, септеуліктер мен болымсыздық қосымшаларында екпін болмайды. Осыған орай екпін бірқатар жағдайларда фонематикалық рөл атқарады: салыстырыңыз: алма «алма» және алма «алма», яғни қозғама, тиіспе.
Бірнеше қосымшалар арқылы жалғанған сөздерде екпін екеу болуы мүмкін, салыстырыңыз: менемжасена «меніңше», мен солай деп ойлаймын.
Дауыстылар үндестігінің бірқатар ерекшеліктері бар. Аздаған ауытқуларды санамағанда, жіңішкерген үндестік барлық жерде кездесді, ерін үндестігі – жүйелі емес: оғыз бен орта диалектілерде, сондай-ақ ішінара оғыз тобындағы басқа да түркі тілдеріндегі сияқты (учунжу, «үшінші», бойун «мойын», ушу «тоңу», үсу), қыпшақ диалектісінде негіздің ерін дауыстысынан кейін келеді, қыпшақ диалектісінде ол жүйелі емес (тору-туры «торы», учунжи «үшінші»).
5.1.1 Буындардың мынадай құрылымдық түрлері бар: V: а (одағай қуанғанды, шаттанғанды білдіреді); а-бын-«сүріну»; VC: ағ-ла – «жылау»; VCC арт- «көбею»; CV: бо-йа – «боя, сырла», CVC: биз «біз», бо-йал «боял, сырлан»; CVCC: дорт «төрт», харт-лық «қарттық, кәрілік».
5.1.2. Мәлімметтер жоқ.
5.2.0. Морфология.
5.2.1. ¥рым тілі жалғамалы түрге жатады.
Сөздің түбірі мен тілдің қазіргі қаллпындағы тү6ip негіздер дербес лексикалық мағынаға ие.
5.2.2. ¥рым тіліндегі сөзтаптары, негізінен, сөздің лексика-семантикалық мағынасы бойынша және бірқатар жағдайларда сөздің морфологиялық белгілері (берілген сөз таптарының қосымшаларына тән) бойынша бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер, етістіктер, үстеу, шылаулар, жалғаулықтар, демеуліктер, одағай мен еліктеуіш сөздер. Тек жанды, жансыз категориялары жоқ. Көптік тұлға арқылы беріледі: (ат «ат» —
ат-лар «аттар», адам «адам» — адам-нар «адамдар»). Септік ма-
ғыналары септік жалғаулары арқылы жасалады. Тәуелді жақтық жеке категориясы жалғауларының көмегімен жасалады.
¥рым тілінің морфологиясы бойынша жеткілікті мәліметтер жоқ; тек бірнеше парадигмаларды мысалга келтірем!з.
Тәуелдік жалғаулары
Жекеше түрі Көпше түрі
1- жақ -м(ым) -мыз(-ымыз)
2- жақ -н~-ң -ныз-ңыз
(-ын~ -ың) (- ыныз- -ыңыз)
3- жақ -сы(-ы) -сы(-ы)~лар-ы
Ескерту. 1) дауыссызға аяқталған негізден кейін қосымшалар жақша ішінде берілген: араба- м «менің арбам», ат-ымыз «6ІЗДІҢ атымыз»; 2) құрамында дауысты дыбыс бар барлық қосымшалар, төрт түрлі олардың құрамында үндестік заңы бойынша ы,и,у,у қысаң дауыстыларының кез-келгені бола алады. 3) үнді дыбысы бар жалғаулар оғыз диалектісіне тән, үнді ң дыбысы бар жалғаулар қыпшақ диалектісіне тән.
С е п т i к жалғаулары
Атау 0
Ілік ын,-нын (~ның)
Барыс -a/-a/-e f-xa, қа, ға, -ка /-ке, -га/-re, -m’e/-d’e)
Табыс -ы (-ны)
Жатые -та/-та/-те, -da/-dd/-de
ШЫҒЫС -тан-/тан/-тен, -дан/дан/-ден
Кемектес -нан/-нан/-нен
Ескерту. 1) жақшаның алдында тұрған жалғаулар (ілік, барыс, табыс септіктерін қараңыз) оғыз және орта диалектілеріне, жақшаның ішінде тұрғандары қыпшақ диалектісіне тән; 2) ашық дауысты қосымшалар келтірілген нұсқада қолданылады және қысаң дауысты қосымшалардың барлық қысаң дауыстылар бойынша вариациясы бар: табыс септігі ат-ы «атың, иш-и» «ісі, жұмысың, хойун-у» қойың және т.б.
Есімдіктерді септеу
Мен сен ол біз сіз олар Атау ман/мен/бан/бен сен о биз сиз олар/ондар Ілік маним-меним сениң, сенин онуң бизим сизниң оларның баним/беним онун сизин оларын Барыс маңа, маға, маа саңа/саға,/саа оңа бизде сизде оларға бана сана она биз сизе олара Табыс мани, мени сени он бизни сизни оларны бани, бени бизи сизи олары Жатыс манда, менда сенда онда бизда сизда оларда банда, бенда Шығыс мандан, мендан сендан ондан биздан сиздан олардан бандан, бендан
ЖІКТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ
Жекеше түрі Көпше түрі 1-жақ -мын(-мин) -мыз/-миз)
2-жақ -сын/-син -сыз/-сиз
3-жақ Ø (-лар/лар/лер)
¥рым тілінің морфологиялық құрылымын азды-көпті толық сипаттауға жеткіліксіз болып табылатын, жкелеген сөйленістер бойынша басқа морфологиялық категориялар мен парадигмаларға қатысты мәліметтер ғана бар.
5.2.3. Сөзжасамның негізгі тәсілі жұрнақ-жалғаумен сөздердің бірігуі болып табылады. Жұрнақ-жалғау арқылы есімдерден есім жасалады: гуч «қиын, ауыр» — гучлук «қиындық»: йол «жол» — иолчу «жолаушы, йолчых «coқпақ; бал «бал» — баллы «бал жағылған»; биң «мең, қал» — биңлё «меңі бар»; етістіктен жасалған есімдер: бат- «бату» — батхах «батпақ» йур-~йурру- «жүру» — йу’раут- «соқпақ»; быч- «кесу» — бычхы «ара»; йырт- «жырт» — йыртых «жыртық»; есімдерден жасалған eтіcтіктep: булут «бұлт» — булутла- «бұлттану»; иш «ic, жұмыс» — ишла- «icтey» (жұмыс); етістіктерден жасалған етістіктер: доғ- «туылу» —доғ-дур- «туу»; йых- «жығу» — йыхыл- «ЖЫҒЫЛ» және т.б. Әдетте күрделі сөздер екі сөзден (негізден) тұрады. Есімдер мен есімдер 6ipire алады: балчёбён «ара» (< бал» бал» + чёбен «шыбын»); мисыр буғдай «жүгepi»(
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!