9 мамырдағы жағдай сайлау күні қайталанбайды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

9 мамыр күні республикада әлеуметтік желілер бұғатталып, байланыс нашарлаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 9 мамыр күні әлеуметтік желілердің бұғатталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Абаев өзі басқаратын министрліктің байланысқа жауапты емес екенін атап өтті.

«Провайдерлер айтқандай, сол күні техникалық проблема болған. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланысқа жауап бермейді. Сондықтан мардымды ештеңе айта алмаймын», — деп жауап берді министр журналистердің қойған сұрағына.

Дегенмен Абаевтың ойынша, 9 мамырдағы жағдай сайлау күні қайталанбайды.

«9 мамырда болған жағдай 9 маусымда қайталанбайды деп ойлаймын. Өйткені провайдерлер қазір бүкіл техникалық мәселені шешеді деген ойдамын», — деді ол.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың тапсырмасы: әкімдер әлеуметтік желіде не бітірді?

Еске сала кетсек, 9 мамыр күні әлеуметтік желілер бұғатталып, байланыс нашарлаған еді. Сондай-ақ, бірнеше сайтқа кіру мүмкін болмады.



sputniknews.kz